Саба? жоспары: ?.Ж?малиев Ту?ан ?лкем (4 сынып)
8.09.16ж.Сабақтың тақырыбы : Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың мақсаты: а) «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. ә)Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. б) Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту; Отанын сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Жүреміз, ойланамыз” әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ой толғау», әдісі Көрнекілігі: Қ.Жұмағалиев суреті, түрлі суреттер Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым. - Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. II. Үй тапсырмасын сұрау . Сұақ-жауап. 1.Қос Пырақ қандай елдерді аралапты? 2.Қыран олардан не деп сұрады? 3.Пырақ не деп жауап берді? 4.Мәтіндегі мақалдарда не туралы айтылады? III. Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем». - Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау). Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда (қазіргі Бөкей Ордасы) ауданында Жиекқұм ауылдық кеңесінің (қазіргі Бейсен ауылы) Бесқұдық деген жерінде туған. 1959 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген. 1959–1984 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып істеген. Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. «Жазушы», 1964; Жанар. Өлеңдер. 1966; Перзент үні. Өлеңдер. «Жазушы», 1967; Жеңісбай. «Жазушы», 1968; Айнамкөз. Өлеңдер. «Жазушы», 1969; Сақара. Өлеңдер. «Жазушы», 1970; Шапағат. Өлеңдер. «Жазушы», 1974; Сәске. Таңдамалы. «Жазушы», 1986; Ататау. Өлеңдер. «Жалын», 1997; Парасат. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1978; Құбажон. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1980; Ақмарал. Өлеңдер, балладалар. «Жалын», 1981; Кім көріпті мұндайды?! Өлеңдер. «Жалын», 1985; Құланиек. Өлеңдер, поэмалар. «Жазушы», 1989; Төлбасы. Өлеңдер. Поэмалар. «Жалын», 1992; Жүрегімнің бөлшегі... IY. Оқулықпен жұмыс. .. 1) Өлеңді оқушылардың іштей о оқуы. 2) Өлеңді оқи отырып, таныс емес сөздерді белгілеп отырады. 3) Оқушылардың өлеңді мәнерлеп,тізбектей оқуы. - Сөздік жұмысы: Кермиық - асыл, жақсы, әсем. Ықылым күн - өткен күн. Туған жер туралы мақал-мәтел жаз Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың? Біздің туған жеріміз Жаңа Өмір ауылы несімен танымал ? 3 топ постер қорғайды. Y .Сергіту сәті . Ойын: Кім жылдам? «Жүйрік болсаң жасыңнан». Топтар қарсы топқа туған жер,Отан, туралы мақалдар жасырады Туған өлке жайлы эссе жазады .Топтық жұмыс YI.Сабақты бекіту . «Ойлы болсаң,озып көр!» Постермен жұмыс 1 топ-Туған жеріңнің қандай болғанын қалайсың? 2 топ-Өз аулыңның әкімі болсаң ауыл үшін қандай игі істер жасар едің? 3топ-Туған өлкеңнің көркеюі үшін саған не істеу керек? YII.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.