Доклад лабораторного урока по физике


ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ.Жалпы сипаты:
Ғылыми – зерттеу әрекеті барысында зертханалық жұмыстар теориялық - әдістемелік білімдер мен тәжірибелік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді.
Зертханалық сабақтарда оқушылар өздігінен эксперименттер қояды,бақылайды, табиғи құбылыстарды немесе технологиялық процестерді зерттейді, құрал-жабдықтармен танысады,олардың жұмыс істеу принциптерін игереді.
Зертханалық сабақтар жеке және топта жұмыс істей білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады, есеп шығару, тәжірибе қою, эксперимент жасау, жаттығулар орындау барысында ойлау қабілеттерін белсендіреді.
Зертханалық сабақтың міндеттеріне:
Теория мен практиканың байланысын жүзеге асыруды ықпал ету;
Оқушыларды құрал – жабдықтармен таныстыру,оларға жұмыс істеу принциптерін үйрету, қазіргі заманғы техникамен,техникалық оқыту құралдарымен жұмыс істей білу дағдысын үйрету ;
Ғылыми эксперименттерді жүргізу әдістерін, эксперименттік мәліметтерді жинақтап оны өңдей білу әдістеріне үйрету;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дағдысын, өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін белсендіру.
Зертханалық сабақтар төмендегідей формада ұйымдастырылады: фронтальды (барлық оқушылар бір тақырып бойынша бір жұмысты бірге орындайды) немесе, әртүрлі жұмыстар тәсілімен (бір сабақта оқушылар әр түрлі жұмыстар орындайды).
Зертханалық сабақтар өзінің міндеттері бойынша бірнеше категорияларға бөлінеді:
а) кіріспе немесе таныстыру сабақты химия,физика пәндері бойынша жүргізіледі. Мақсаты оқушыларды эксперимент техникасымен танысу эксперименттік мәліметтерді өңдеу және жуықтау теориясымен, жиі кездесетін құрал-жабдықтардың құрлысымен жұмыс істеу принциптерімен танысу;
б) тереңдетілен практикумдар жалпы курста игерілген және жинақталған тәжірибелер арнайы курстарды өтуде және ғылыми зерттеулерді жүргізудегі ауыспалы кезеңі болып табылады ;
в) арнайы пәндер бойынша практикумдар мамандарды даярлаудың белгілі бір ғылым аймағындағы ғылыми эксперименттік зерттеулерді жүргізу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін соңғы кезеңі болып табылады .
Зертханалық сабақтың құрылымы:
Зертханалық сабақтың құрылымы жұмыстың түріне байланыссыз төмендегідей болып келеді. :
а)бастапқы кезеңі – сабаққа рұқсат беру, студенттің дайындығы, жұмыс барысының дәптерде болуы, кестелердің, графиктердің дайындығы т.с.с тексеріледі;
б)оқушылармен сұрау жұмыстарын өткізу және экспериментке мәліметтер жинақтау ;
в) экспериментті жүргізу және есепті өңдеу ;
г)оқытушыға жұмыстың есебін өткізу.
Зертханалық сабақтарды өткізу сапасын талдау реті :
Зертханалық жұмысты орындауда қауіпсіздіктің орындалуы, инструктаж өткізу, зертхананың гигиеналық және эстетикалық күйі .
Оқушылардың қажетті оқу құралдарымен, анықтамалармен, сөздіктермен қамтамасыздығы.
Оқу зертханаларының қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен қазіргі заманғы ақпарат құралдарымен қамтамасыздығы.
Зертханалық жұмыстардың дәріс және жұмыс бағдарламаларымен сәйкестігі.
Зертханалық жұмыстарды орындау үшін қажетті теориялық білімінің және сарамандық іскерліктері мен дағдыларының деңгейі.
Оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдістері, зертханалық сабақтар барысына жетекшіліктің тиімділігі.
Зертханалық жұмыстардың орындау кезіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының түрі.
4559935574865500Зертханалық жұмыстардың орындалу сапасын бақылау формасы.
Оқушылардың қатысуын,орындалған зертханалық тәжірибелердің сапасын есепке алу .
Ұсыныстар мен қорытындылар.
Зертханалық жұмыстарға алдын ала дайындық.  Алдымен лабораториялық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар лабораториялық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқу керек.Зертханалық жұмысты орындау. Лабораториялық жұмыстың теориясын, негізгі мақсатын анықтап алған соң жұмысты орындауға кірісу керек. Бұл уақытта лабораториялық жұмыстың түсіндірмесінде көрсетілген приборларды жұмыс столында барма, бар болса, толық па осыны анықтап алу керек. Жетпейтін құралдарды сұрау керек. Енді құралдармен танысып оның бүлінген бүлінбегенін анықтау керек. Егер прибор бүлінген болса мұғалімге хабарлау керек. Осыдан кейін тәжірибе жоспарын жасап, оны мұғалімге көрсетіп алу керек. Жұмысты орындауға кіріскенде мына кеңесті есте ұстау керек. 1. Жұмыс орны өлшеулер жүргізуге ыңғайлы болу керек. Жұмыс қондырғысының активті элементтері қол жетерлік жерге қойылған жөн, пассивті элементтерді активті элементтермен жұмыс істегенде бөгет жасамайтындай орналастырып техникалық қауіпсіздік жағын ескеріп жұмысқа кірісуге болады. 2. Егер лабораториялық жұмыста электрлік схема болса, оларды жиып жалғастырып болған соң, мұғалімге көрсеткен соң ғана ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Мұғалімге көрсетпей, олардың рұқсатын алмай ток көзіне қосуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқушыны лабораториялық жұмысты орындауға жіберуге болмайды. 
ІІ тоқсан  45 минут Пәні:Физика9 «Б»-сыныпСабақтың тақырыбыӘр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтауСілтеме          Жоспар.Білім стандарты, пән бағдарламасы,  9 сынып Р.Башарұлы.Д.Қазақбаева 
Жалпы мақсатыА)Өткен тақырыптан алған білімдерін бекітуБ)Практикалық  есептерді шешу жолдарын әр түрлі әдіспен шығаруды үйрену.
 В)Физикалық есепті өз беттерімен құрастыруды үйрену.
 Топта жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру;
 Өз пікірлерін еркін  айтуға баулу.
Күтілетін нәтижеБілу:Маятник түрлерін ажырта алады,құрылысын біледі  Томсон формуласын жатқа біледі.(барлығы)
Түсіну: Тәжірибенің жасалу мақсаты мен маңызын түсінеді   (көпшілігі)
Қолдану:Томсон формуласын тәжірибе жасау барысында қолдана алады (кейбіреуі)
Талдау: Маятниктердің тербеліс периодын анықтауда теориялық және эксперименттік нәтижені салыстыра біледі.  (кейбіреуі)
 
Негізгі  идеяларМаятниктердің тербеліс периодын тәжірибе жүзінде анықтауды үйрену жөнінде түсінік қалыптастыру.Маятниктің тербелісінің периодын анықтау формуласын пайдалана отырып есептер шығару. Топтық, жұптық және жекелеген тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау  мәдениетін қалыптастырады.
Тапсырмалартоптық жұмыс,  жеке жұмысшығармашылық жұмыс, ой-толғау.
 
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)
 
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.Сыныпта жайлы ахуал қалыптастыра отырып, сурет арқылы топқа бөлінуді ұсынамын.
II. Кіріспе  (10 минут)
1-қадам бойынша үй тапсырмасын БЛУМ бойынша қорытындылау  ұсынылады.  
1.Білу.Математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периодын анықтау қалай жүргізіледі?
2.Түсіну.Маятник ұғымын қалай түсінесіңдер?
3.Қолдану.Маятниктің қолданылу аясы жайлы ақпараттарды білу4.Талдау. әр түрлі маятниктердің тербеліс периодын анықтаудың  нәтижелілігін тексеру.
Жинау:  маятниктің жұмыс  принципін  жаңадан,сағат   жасау өндірісінде,медицинада қолдану.
6.Бағалау: Тәжірибенің орындалуына баға беру.
Топтар 5  рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтап алады.
Жаңа сабақ тақырыбы тақтадаға жазып,бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.
 Оқушылар электронды оқулықта  берілген мәтінді және қосымша ақпаратты оқып,түртіп алады, топпен бірлесе отырып  талқылайды және 3 топқа  3 түрлі тапсырма беріледі.
 
1-топ    Ұзындығы 1 м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын  анықтайды;
2-топ    Көп нүктенің орнына тисті сөздерді орналастыру;
Тәжірибе ретіЖіптің ұзындығы, м Уақытыt,сТербеліс саны, N Тербеліс периоды
Tэксп, с Тербеліс периоды
Tтеор, с
1 1 2 0,75 3 0,5 3-топ    Кестені толтыру;
(Әр топтың баяндамашылары  жұмыстарын қорғайды) (5+3/8 мин).
Бағалау.  өзін-өзі бағалау жүргізіледі  Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздері айтылады. (Формативті бағалау.)
Негізгі бөлім. 2-қадам.Тәжірибе жұмысының жүргізілуі.интерактивті тақтада  көрсетілетін тәжірибенің орындалу ретіне назар аудару керектігі ұсынылады. Жұмыс дәптерінде берілген кестені толтыру тапсырылады. Кестені орындап болған соң жауабын тексеру үшін тақтадағы кестемен салыстырып, дұрыс жауабының санын жазу тапсырылады. (7 минут)  
Оқушылар арасында Критерий арқылы өзін-өзі бағалау. Алдын-ала оқушылар ұсынған критерийді жазып қоямын.
3-қадам.     Тест сұрақтарына жауап беру   (3 минут)   Топ басшысы тест жауабын дескриптор арқылы бағалайды.
4-қадам.  Әр оқушы жұмыс дәптеріне кеңейтілген тапсырманың жауабын жазып шығады. (8 минут)  Деңгейі төмен оқушыларға арнайы тапсырма таратамын.
5-қадам. Шығармашылық жұмыс. Ой-толғау: «Егер сендер  математикалық маятниктің астына магнит орнататын  болсақ,оның тербеліс периоды қалай өзгерер еді??» тақырыбына өз ойларын айту ұсынылады. (7 минут)
ҚОРЫТЫНДЫ.  Сыртқы, ішкі  бақылаушылар тыңдалады. Жазбаша жазылған оқушылардың рефлексиялары тыңдалады. (5 минут)
Үйге  тапсырма (2 минут)  « Математикалық маятникті ауадан суға,майға орналастырса,не болар еді?»тақырыбында зерттеу жұмыстарын дайындау