На тему Дарынды балаларды даярлау — заман талабы


Дарынды балаларды даярлау — заман талабы
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті.
Н.Ә.Назарбаев
Дарындылық дегеніміз — үш байланыс үйлесімі:жоғары интеллект: 1-көзқарас: кез келген бала дарынды болады(креативтілік);2-көзқарас:дарынды бала өте сирек кездеседі(ынталылық).Сабақта балалардың дарындылығының түрлері көрініс тапқанын көрсету үшін олардың есте сақтауы мен біліміне, өз білімін жетілдіруіне, ойлау қабілетінің жылдамдығына, мәселені шешу ерекшеліктеріне, шешім қабылдау икемділіктеріне, тапсырма қиындығына деген көзқарасына, назары мен күш-жігерінің шоғырлануына, ерте символдық белсенділігі сияқты сенімді өлшемдерге баса назар аудару қажет
Дарынды балаларды даярлау — заман талабы.Иә, бұл біздің Елбасымыз, тірегіміз, қолдаушымыз, бәсекеге қабілетті мемлекетімізді құрушы президентіміздің бізге, мұғалімдерге мен тәрбиешілерге қойып отырған талабы. Шынымен де бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру үшін біз ең алдымен келешегіміз, болашағымызды жасайтын, құратын білімді, ұшқыр ойлайтын, шешім қабылдай алатын, кез-келген қиындықтан шыға алатын, яғни танымдық қабілеті , зейіні мен жады түрлері, сөйлеуі мен тұлғаның өзін-өзі тануы , яғни метасанасы дамыған,экстернат балаларды даярлауымыз керек, ал олар болашақта біздің мемлекетімізді тек биіктен көрсететініне кәміл сенемін,педагог ретінде дарынды, кез-келген жерде өзін тек биіктерден көрсете алатын, өмір теңізінде қорықпай жүзетін, тетігін тауып әйтеуір бір қаланатын ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше сыйды, қабілетті, дарындылықты тани білу, оны әрі қарай дамыту қиын іс, қабілетін біліп, сол жолда жұмыс жасау- тәрбиеші ретінде менің парызым .Әрбір баланың жеке қабілеттерін анықтап, мемлекетіміздің қажеттілігіне қарай тәрбиелеу, барлық жаңа өзгерістерді бала бойына сіңіру оларды жан-жақты етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр десем болады. Бірінші кезекте оларды тәрбиелеу керек,бақылау керек,анықтау керек,шығармашылық қасиеттерін ашып, әрі қарай нәтижелі жұмыс жасау керек деп ойлаймын.Жалпы дарындылық, дарынды дегеніміз кім деген сұрақтарымызға жауап іздеп көрсек: «Дарындылық» термині «Дарын» сөзінен шыққан — дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары дегенді білдіреді. Әйтседе, қолда бар ресурстарға қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ.Әзірге,ол туралы-достарына қарағанда жоғары зеректігі,құлшынысы, уәжі бар, жақсы байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» болып қабылданады. Педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: «Дарындылық – іс-әрекеттің белгілі бір саласында ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» делінген. «Дарындылық» ұғымы «Қабілеттілік» ұғымына өте жақын. Философиялық энциклопедиялық сөздіктерде «қабілеттілік – тұлғаның жеке ерекшелігі, іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай іске асырудың субьективті шарты болып табылады»,- деп көрсетілген. Қабілеттілік жеке тұлғаның білімі мен шеберлігімен, дағдысымен ғана шектелмейді, ол бәрінен бұрын кейбір іс-әрекет тәсілдері мен әдістерін жылдам, терең, әрі берік қабылдаудан байқалады.
Балалар өз дарынын іс-әрекеттің алуан түрлерінде немесе біреуінде ғана көрсете алады. Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін: қажетті білімнің, шеберліктің, дағдының жетіспеушілігі, бала дамуындағы кейбір қиындықтар, мысалы тұтығу, жоғары әсерленгіштік, тіл табысу өзгешелігі, маман педагогтардың жоқтығы т.б айтуға болады. Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды әрдайым қабылдауға ұмтылыс яғни танымдық қажеттілік. Бақылаулар көрсеткендей, жоғары танымдық қажеттілік баланың өз талпынысымен болады. Дарынды балалар қиын тапсырмаларды құштарлықпен оңай орындайды. Дайын жауаптарды ұнатпайды. Дарындылық белгілерінің ең белгілісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Дарынды балаларға табандылық және үлкен еңбексүйгіштікпен бірге жүретін сурет салу, музыка, техника және т.б. арнаулы сабақтармен ерте әуестену тән. Жас дарынның дамып келе жатқан ерекше қасиетін жетілдіру мен қалыптастыру тәрбиешіге , оның эрудициясына, бала дарындылығының мәні туралы біліміне байланысты. Дамып келе жатқан білім беру ортасын қалыптастырумен қатар дарынды балалар үшін арнайы бағдарламалар жасау қажет. Дарынды балалар үшін жасалынатын мұндай бағдарламалар жылдамдыққа, жеделдікке негізделуі шарт.
Жұмыс жасау барысында күтілетін нәтиже:өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелейміз, қалыптастырамыз. Фриманның айтуы бойынша дарынды және талантты балалар есте сақтау қабілеттері жоғары,ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатын-есте сақтау және білім,оқыту үдерінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы білетін, өздерінің
оқуын реттей алатын-өз білімін жетілдіру,олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ оның жүзеге асуына тез жететін-ойлау қабілетінің жылдамдығы, олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жететін-мәселені шешу,басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады-икемділік,қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады-күрделілікке деген сүйенпеншілік, ерте жастан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар-шоғырлану, олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды-ерте символдық белсенділік.
Әртүрлі тапсырмаларды жұппен, топпен, жеке орындағанда, дәлелдермен сөйлеуге, өз ойларын кібіртіктемей айтуға, нақтылап жеткізуге тырысты, үйренді. Сабақтарда бұндай құштарлықпен жұмыс жасамаған балалар, сындарлы оқыту теориясының жаңа тәсілдері арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артып, олар өздерін жаңа қырларынан таныта түсті, егер тәрбиеші қажет жерде қажет әдісті орынды ойластыра білсе, одан үлкен нәтиже шығаруға болады екеніне әбден көзім жетті.
Жалпы айтқандарымды қорыта келе, шығармашылық-өзгелерден ерекшеленетін қасиеттері бар, адам бойында қабілет пен білімнің болуы. Талант-қабілеттің жоғары деңгейі. Данышпандық-шығармашылықтың жоғарғы деңгейі. Ал қабілет-қандай да бір істе ең жақсы нәтижеге жетуге апаратын адамның қасиеті, ондай адамдар бәрін тез аңғарады, әр нәрсеге сынмен қарайды, көп ойланады, әр істі қолына алғанда икемділігі жоғары болатын жандар. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық қабілет-бұл бүкіл тіршіліктің көзі делінген. Адамдардың сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінге дейін жеткен жетістіктері –осы шығармашылықтың нәтижесі.Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін екен.Алдағы уақытта:
Балалардың жас ерекшеліктерін, зейінін, жадының түрлерін, қабылдауын, сөйлеуін, танымдық қабілеттерін, дағдыларын анықтап алу керек
Олармен жұмыс жасау жүйесін жасап алу
Дарындыларға берілетін тапсырмаларды іздеп жүру, оған қоса өзім де құрастыру
Ол балалармен бөлекше, көбірек жұмыс жасау
Шығармашылық жұмыстарға балаларды тарту
Жаңаны танып, жаңаны жасауға дағдыландыру
Балалардың жасаған жұмыстарын желіде, әртүрлі басылымдарда жариялау
Әрқашан бақылауда ұстау
Өздерімен, ата-аналарымен сауалнама жүргізіп, оларда қандай өзгерулер болып жатқанын үнемі зерттеп отыру
Өздері ізденіп, жаңа идеяларды жарыққа шығаруға көмектесу
Әрбір іс-әрекетке рефлексия жасап отыру
Балалардың дарындылық  қабілетін арттыру үшін:
Топтық жұмыс;
Деңгейлік тапсырмалар беру;
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер,слайдтар, схемаларды пайдалану;
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Дарынды балалармен жұмыс жасау кезінде өзге балаларды ұмытып кетпеуім қажет, ерекше қабілетті балаларды сатылап таланттыға дейін өсіруіміз керек деген пікірдемін. Барлық айтылғандарды қорыта келе: «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет»,әр бала – болашақ данышпан,әр бала – зерттелмеген құпия,сондықтан таланттыларды анықтауда аянбай еңбек етейік.
 
Запись опубликована 20.06.2013 автором 45minut.kz-Редакция в рубрике Химия.
Навигация по записям
← Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп Оқу мен оқытуда өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп →
Добавить комментарий
Начало формы
Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *
Имя *
E-mail *
Сайт
Комментарий
Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>
Конец формы
ӘРІПТЕСТЕР
-661035-203454000
-148590462915Дарынды
балаларды даярлау —
заман талабы
00Дарынды
балаларды даярлау —
заман талабы

1752609271000
4152909207500
-29908522161500
ЖАРНАМА
ОНЛАЙН СЕМИНАР
Онлайн семинарды осы жерден көруге болады. Сайтқа орналастырып тексеріп көрудеміз. Видео көрген кездеріңізде Редакцияға хабарлаңыздар...Live streaming video by UstreamЖАҢА ҒАСЫР — ЖАҢА БІЛІМ


HYPERLINK "http://45minut.kz/?p=79058"




«Нұр Отан» партиясының электрондық қоғамдық қабылдау порталы
Электрондық қоғамдық қабылдау порталы – өтініштеріңізді, ұсыныстарыңызды және арыздарыңызды қалдыруға, онлайн режимінде өтініштерді қарау сұрақтары бойынша кеңес алуға, жиі қойылатын сұрақтарыңызға жауап табуға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының – «Нұр Отан» партиясының Фракциясы мүшелерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдауларына жазылуға мүмкіндік беретін бірыңғай терезе болып табылады.Толық ақпарат үшін: http://kk.nurotan.kzЗагрузка...
Статистика
«Жаңа білім-Жаңа ғасыр» Республикалық конкурс. ШҚО облысы бойынша іріктеу сайыстары14.11.2013. Семинар фотолары15.11.2013. Конкурс фотолары15.11.2013. Конкурс видеолары