Мерекелік шара аналар?а арнал?ан.


6.03.15.
Бекітемін. ТІЖО А.А.Улмесекова.
Тақырыбы: МЕРЕКЕҢМЕН, АНАШЫМ!

Мақсаты: 1. Оқушылар бойында 8 наурыз аналар мейрамын
қастерлеу сезімін оята отырып, өз ойларын
тереңдету.
2. Мейірімділікке, сый құрметке тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыру.
3. Өздерінің сүйікті аналарына деген балалық
махаббатын, құрмет,адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Түрі: мерекелік,өнеге сағаты.
Әдісі: аралас, ойын, сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыстар.
Көрнекілігі: шарлар,гүлдер, мерекелік үнқағаз, жүрекшелер, оқушылар
Жұмыстары, слайд.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Дөңгелене тұрайық,уықтар боп иіліп,
Керегені құрайық.Киіз үйді құрайық.
2. Мағынаны тану. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
- Құрметті қыздар,аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын ! Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы 8-наурыз мерекесіне арналмақ.
Ана...
Осы үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші !
Ана – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам.
Ана – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан. Бізге қажымас қайрат беретін – ана. Анаға бас иейік!
Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым.
Тарихтағы Домалақ ана, махаббаттың пірі – Айша Бибі мен Абақ ана, Абайды туған Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған Гауһар ана – бәрі Ана деген атқа ие. Ендеше сол аналарға тағзым етейік.
Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қыс ызғарына шалдықпай бүршік жарады. Біздің асыл Аналарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан, барлық қиындық атаулыға төзімді.
8-наурыз Аналар мерекесі болып, 1910 жылдан бері тойлануда. Неміс халқының белгілі қайраткері Клара Цеткин «8 наурызды бүкіл әйелдердің тең құқықтығы үшін күрес күні» деп атап өтуді ұсынды. Содан бері бұл күн үлкен мейрам ретінде тойланып келеді.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Ана десем, ұшқын атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. –деп ақын жырлағандай ана әр бір үйдің шамшырағы.
Сәбиге анадан артық, анадан жақын ешкім жоқ. Ендеше, мына слайдқа назар аударалық.
Ән: «МАМА»(А.Сыпабековтың әні).
3. Негізгі бөлім:
1.Әр түрлі тапсырмалар орындау. (жеке-жеке оқушылар үшін)
1. «Ана» сөзін топтастыру.
2. Теңеу сөздер арқылы аналарға тілек айту.
Гүл, күн, ай,жұлдыз, алтын.
Орындаған тапсырмаларын оқып беру.
Аналар үшін: 1. «бала» сөзіне кластер құру.
Б- бақытым
А- ақылдым
Л- ләйлегім
А- алтыным,т.б.
2.берілген сөзге мақал айту.
Ана, бала, қыз, Отан, ел,гүл
2. «Кім тапқыр?»-ойыны:
1.Оқушылардың ана туралы мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
2. Аналарға: жұмбақ шешу. Әр анаға 3 жұмбақтан
Жұмбақтар.
1.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса, аттама./кітап/
2.Сыртылдайды күнімен, сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты, көрсетеді тілімен./сағат/
3.Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді./қарындаш/
4.Терезеңе қонады, әсем ою ояды./аяз/
5.Үй үстінде алтын тас, алайын десем алынбас./жұлдыз/
6.Аспай піскен, қайнамай түскен./жеміс/
7.Көк лағым көгенде жатып семіреді./қарбыз/
8.Жер астында жез қамшы./сәбіз/
9. Арқаным бар тым ұзын, ала алмайсың бір үзім./жол/
10.Қыста жерді басады, жазда сайға қашады. /қар/
11.Тал басында түндіксіз отау. /Ұя/.
12.Төгіліп жерге ақ моншақ,ғайып болды сол шақта- ақ./бұршақ/
13. Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін./көз/
14. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады./пияз/
15. Құрғақ жерде сақтайсың, менсіз тағам татпайсың./тұз/
16.Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр ./қызылша/
17.Ақ отауды талқандап, шықты біреу талтаңдап/балапан/
18.жылт-жылт теді, жылғадан өтеді /су/
ІІІ. «Ана»- ақындар тілімен ... және «Балалы үй базар...»-аналар балаларының сәби кезіндегі ең қызықты сәтін айтып береді.
(Оқушылардың өздері шығарған өлеңдері немесе ақын – жазушының өлеңдері оқылады)
IV. «Жалғастыру» ойыны.
Балалары көздері байлаулы түрде бастап сурет салады, аналары аяқтайды.
V. «Анама сұрақ» (өз аналарының балалық шағы туралы сұрақтар қою)
VІ. «Баламмен бірге».( Анасы баласымен бірге бір ән айтады немесе билейді.)
VIІ. «Мен өз баламды қаншалықты білемін?»-
Аналарға және балаларға сұрақтар жазылған парақшалар беріледі. Балалар өздері туралы аналарына көрсетпей жазады, аналары балалары туралы берілген сұрақтарға жауап жазады. Соңынан жауаптар салыстырылады.
VIІІ. «Анашыма ақ тілегім»-
жүрекшелерге ақ тілектерін жазып, ұсынады.
Ән: «Анашым»
IV. Қорытынды:
–Ана өміріміздің жарығы, шаңырағымыздың тірегі. Оның аяулы алақанының арқасында өніп-өсеміз.
Ана бақыт, ана өмір.
«Анасы бар адамдар,
Ешқашан қартаймайды».
Сендерге балалар, «Ешқашан қартаймаңыздар» дегім келеді.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»