1 сынып Жабайы а?дарды? к?згі тіршілігі.
Сабақтың тақырыбы : Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді
түсінуге жағдай жасау; тірі табиғат пен өлі табиғаттың
байланысын ұғындыру
Дамытушылығы: Оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып,
өздігінен жұмыс істеу білігін қалыптастыру
Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; .
Сабақтың жабдығы: жабайы аңдар тіршілігін бейнелейтін картиналар;
жабайы аңдардың қорегін бейнелейтін тақырыптық
суреттер; кірпі , аю , борсықтың суреттері;
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың түрі : Жаңа білім беру
Пән аралық байланысы әліппе, бейнелеу
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Балалар біздің дүниетану сабағымыз қалай өтсін деп ойлайсыңдар?
-Көңілді өтсін. Достарымызды сыйлаймыз. Ұстазымызды сыйлаймыз. Жақсы бағалар аламыз. Табиғатты қорғаймыз.
ІІ . Үй тапсырмасын тексеру
1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау. Тірі және өлі табиғатта күзде болған өзгерістер жайында әңгімелесу.ІІІ. Жаңа сабақ
1. Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Суретті пайдаланып, күзде ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қарсы дайындығы туралы айту.
Ұйқыға кететін жабайы аңдар
Аю
кірпі
Борсық
Борсық , аю, кірпі қысқа қарсы көп қоректеніп (қоңыздарды, тышқанды, бақаны, орман жидектерін, жемістерін, шөпті, т.б. жейді) семіреді. Олардың түр-түсін сипаттау.
2. Оқулықтағы мәтінді оқып беріп , мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. Әуелі жеке сұрақтар бойынша сөйлетіп , кейін түсінігін тұтас айтуға жаттықтыру.
3. « Кім немен қоректенеді ?» ойынын ұйымдастыру . Оқушылар қай жануардың немен қоректенетінін сәкестендіру әдісі арқылы көрсету
Кірпі бал, жеміс
Борсық арпа, бидай
Аю саңырауқұлақ, жеміс - жидек
Саршұнақ өсімдік тамыры, бунақ денелер
4. Дәптердегі тапсырма бойынша әр аңның тұратын жерін сызықпен қосу
тапсырылады.
5. Сөздік жұмыс . Кірпі , аю, борсық , қоректенеді, семіреді, ін, апан, т.б. тірек сөздері арқылы сөйлем құрастыру.
6. Тиін , саршұнақ , аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды. Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы, т. б. Қысқа ешқандай қор жинамайды. Осылардың себебі туралы оқушылармен әңгімелесу. Сабақ барысында суреттер мен мазмұнды картиналарды молынан қолдануға және бейнетаспаларды пайдалануға болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер бойынша қай аңның немен қоректенетінін талдату.
7. Аңдардың түлеуі туралы түсіндіру. «Табиғат ғажайыптары» кітабынан алынған.
«Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады ?» деген мәтінді оқудан басталады.
Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады !
Барлық аңдар күз түсісімен жаздық ескі , ширек жүндерін қысқы- қалың және жылы тонға ауыстырады . Қараша айына қарсы олардың бәрі түлеп , қысқы киімдерін «киіп алады».
Беймаза ,тыным таппайтын тиінде түлейді. Оның қысқы тоңы жазғы тоңынан жылы, түсіде басқа. Қысқы ақ тонды ақ қоянмен ақ қалақта киді. Бұл жануарлардың жазғы то ны – сарғыш қоңыр түсті. Енді бұлар ақша қардай аппақ тонға оранды.Күртік қардан оларды көре алмайсың .
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды.
1 Түлеу дегеніміз не ?
2 Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады ?
3 Қандай жануарлар түлейді ?
Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.
8. Дәптермен жұмыс .
Дәптердегі жұмбақ шешіліп, жаз мезгілі бейнеленген суреттке қоянның жазғы түрін , ал қыс мезгілі бейнеленген суретке қоянның қысқы түрін бейнелеп салу тапсырылады.
ІV. Сабақты қорытындылауға қойылатын сұрақтар :
1 Жануарлардың тіршілігі туралы не білдік ?
2 Жануарлар қысқа қалай дайындалады ?
3 Қыста ұйқыға кететін аңдарды ата.
Y. Бағалау.