Балы?тар,?осмекенділер ж?не жор?алаушыларды? к?ктемгі тіршілігі.


Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Шомбалова Ақмарал
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Балықтар,қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
А) Білімділік: Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсінікті оқуға үйрете отырып, оларды балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігімен таныстыру.
Ә) Дамытушылық. Білімді жаңа жағдайда қолдана білуге дағдыландыру арқылы танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту.
Б) Тәрбиелік. Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын түсіне білуге, жануарлар түрлерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:көрнекілік, сұрақ-жауап,баяндау, талдау-жинақтау,әңгімелеу,түсіндіру,өз бетімен жұмыс,оқулықпен жұмыс,ойын.
Көрнекіліктері:интерактивті тақта,суреттер,слайдтар,бейнефильмдер,тест тапсырмалары, оқулық,музыка әуені,жануарлар түрлері,жұмыртқа, уылдырық, балықтар.
Түрі: ашық сабақ, жаңа сабақты меңгерту,аралас сабақ.
Қолдану технологиясы: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту.
Пәнаралық байланыс:ана тілі, музыка,бейнелеу.
Өтетін орны: мультимедиялық кабинет-21.
Күтілетін нәтиже:балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы білім қалыптастыру.Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуі, танымдық қабылдауын арттыруға дағдылануы.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Қатар-қатар тізіліп
Оқушыға лайық, түп-түзу боп тұрайық.
қатар жәй отыр!
қатар сен де отыр!
қатар тез отыр!
Балалар қазір бізде дүниетану сабағы.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Үй құстарын көктемде бағып- күту.
(2 оқушыдан мазмұнын сұрау)
Үй тапсырмасын қорыту.
Топтастыру стратегиясы.
Жаңа сабақ.
«Ой қозғау» стратегиясы.
Балалар, алдымен жануарлардың топтарын еске түсіріп алайық.Ол үшін «Күн шұғыласы» топтастыруына назар аударайық.
Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырайын.
(жауаптарының суреттері көрсетіледі)
Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.
(Балық)
Таңдайлары тақылдап
Шулайтын не шалшықта
Бірін-бірі мақұлдап.
(Бақа)
Иір-иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар.
(жылан)
Ши түбінде шұбар кездік.
(кесіртке)
Енді балалар, мына сұраққа жауап берейікші.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл-шашақ тағады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (көктемде)
Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын, жаңа тақырыпты жазайық.
Бүгін қаңтардың жиырма бесі.
(суреттерін көрсету арқылы)
Көктемде су бетінің мұзы ериді.Балық, бақа, кесіртке, жыландар жұмыртқалау арқылы көбейеді. (көктемнің суреті)
Бақа:
Балам суда, өзім құрғақта тұрамыз. Итшабақтарым суда немен, қалай қоректенуді балықтан үйренді. (бақаларды көрсету)
Балық пен бақа жұмыртқасын «уылдырық» дейді. Олар уылдырығын суда шашады.
(уылдырық көрсету)
Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күн көзі жақсы қыздыратын жерге салады.
(кесіртке, жылан көрсету)
Оқулықпен жұмыс.
А. (суретпен жұмыс) (3 оқушыға оқыту)
Б. Деңгейлік тапсырмалар беру.( 3 балаға)
2. Сұрақтарға жауап алу.
А) Кесіртке мен жыланның қалай көбейетінін әңгімеле. Олар немен қоректенеді?
Ә) Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар?
Б) Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?
Сергіту сәті: «Бақа» әнін орындау.
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ
Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ.
Бақа,бақа,балпақ
Көзің неге тостақ
Көрінгенге көп қарап
Көзім содан тостақ.
Бақа, бақа,балпақ,
Аяғың неге талтақ
Су ішінде көп жүзіп
Аяғым содан талтақ.
Есіңде сақта! Бақа өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілермен қоректену арқылы пайда келтіреді. Сондықтан оларды қорғау керек.
Дәптермен жұмыс: Балық, бақа,кесіртке, жылан сөздерін әдемілеп жазу.
Балалар енді назарымызды «Қосымша деректер» айдарына берейік.
Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың атаулары: бекіре, шортан,сазан, алабұға, жайын, қарабалық,майқап, торта балық.
Балықтардың айырмашылығы, олар тек суда жүзеді. Ең үлкен балық кит акуласы. Оның ұзындығы 18 м.
Қосмекенділерге бақалар жатады. Олардың 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да,суда да тіршілік етеді. Кейбір бақалар жер астында тіршілік етіп, жаңбыр жауғанда ғана шығады. Бақашабақтар ересектерінен 3 есе үлкен болады.Олар есейген сайын, кішірейеді.
Жорғалаушыларға кесіртке мен жылан жатады дедік. Одан басқа оларға қолтырауын, тасбақа, шаяндар да кіреді. Олардың 8000 түрі бар. Айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Ең үлкен қолтырауынның салмағы 450 кг, 100 жылдан астам өмір сүреді. Ал, жыландардың саңырау екенін білеміз бе? Жылан уынан ғажайып дәрілер жасалады. Олар аяқтары қысқа , не аяқтары болмағандықтан бауырын жерге тигізіп жорғалап жүреді.
Олай болса, енді осылар туралы бейнефильмге назар аударайық.
Қорытынды бөлім.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Тест тапсырмалары.
Көктем мезгіліндегі ауа райының шартты белгілерін көрсет.
А)
Ә)
2. Уылдырық- нелердің жұмыртқасы?
А) кесіртке мен жыланның,
Ә) балық пен бақаның.
3. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Асты тас, үсті тас,
Ортасында шақар бас.
А) тасбақа;
Ә) қолтырауын.
4.Тасбақа мен қолтырауын қай жануарлар тобына жатады?
А) жорғалаушылар;
Ә) қосмекенділер.
5. Қайсысы дұрыс?
А) Есіңде болсын! Бақа, кесіртке, жылан өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілерді құртып, пайда келтіреді. Оларды қорғау керек;
Ә) Көктемде уылдырық шашқанда балықтарды көптеп аулау керек.
Ойын. « Ойланып, жауап берейік!»
1 – Балықтар
2 – Қосмекенділер
3 – Жорғалаушылар
КЕСІРТКЕ БАҚА. ҚОЛТЫРАУЫН ТАСБАҚА. БАЛЫҚ ЖЫЛАН
Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айиып келу, қалаған жануар тобына сурет салу.