Ар намысым, ?асіретім, ма?танышым — Желто?сан


1
Тәрбие сағатың тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.Тәрбиелік:Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.Дамытушылық:Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.Көрнекіліктер:Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.Мұғалім алғыс сөз: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі  16- ші желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,
Тарылмасын терең алған тынысың.
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
1986 жылы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тоталитарлық режимге ашық  қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері көптеген уақыт өтті. Өмір- өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Дүниені дүр сілкіндірген, ерлігіне деген тағзым, құрмет.Орыны ағалардың бізбен толсын,Сәбилер ағалардың жолын қусын.1минут үнсіздікпен еске алайық,Аруағы ағалардың ырза болсын.(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)1 минут үнсіздік
2
Мұғалім: 1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады.
Желтоқсанның ызғары- ай,
Кірпікке қатқан мұздары- ай
«Елім- ай» деп егілген
Ұлдары мен қыздары- ай.
5 «А» сынып оқушылары өлеңдер оқиды:
Бүрлен:Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырғанНамысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойымаТүрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!Аида:
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік өткен өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық.
Мына өмірге егемендік көзімен.
Нұржігіт:
Қуаныштан қалай кеуде көрмесінБұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны міне, жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Аружан:
Кім мақтасын, армансыз құр жатқанды.
Көп аңсадық, армандадық ақ таңды.
3
Киелі ғой, тәуелсіздік, дербестік,
Егеменді елімізге мақтандық.
 Ақбота:
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,Алма бақтар ак қырауға батқанда,Күңірене күн күркіреп тау жақтан,Жайдың оты жалаң қақты шатқалданШайқалмасын ешкімнің шаңырағы,Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.Енді ағайын, көгінде қалықтасын,Қазағымның қастерлі - Әнұраны!Мұғалім: Өз елінің тәуелсіздін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Көптеген студент- жастар оқу орнынан шығарылды.Тәуелсіздік жолында Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова,
 Е. Сыпатаев  сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік  көрсетіп, құрбан болды. Олардың істері бізге өнеге, өкініштісі боздақтардың осы күнге жетпеуі. Біз әрдайым Қайраттың жалын жүректі үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.
7 «А» сынып оқушысы
Рахат (Слайд қорғау)
Мұғалім:Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан  ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Мұғалім: вектариналық ойын...
Хронология
Мұғалім: Ал енді назарларынызға ....Кино үзінді
«Желтоқсан желі» ән
4
Мұғалім:Осыдан 30 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс.Көрініс- Құралай: Қыздар, мен газет әкелдім.- Мақпал: Не жаңалық шығыпты? - Кәусар: КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Мақпал: Колбин деген кім екен? - Мақпал:Қайдан келіпті?- Кәусар: Колбин Ульяновтан келіпті.- Ұлпан:Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!- Кәусар: Біз демократияны талап етеміз.- Ұлпан:Қане жүріңдер, қыздар алаңға кетейік!-Эльдар:Ербол: - Естідіңдер ме?
-Жансая:Ләззат: - Бұл не масқара!
-АйдосХасен: -Неге халықпен санаспайды?
-Шұғыла:Гүлнәр: -Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған?
-Мақпал: Сәбира: - Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?
-Эльдар: Ербол: Демократияны бұғаудан босатыңдар,
Әр халыққа өзінің көсемі керек...
-Жансая: Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой ғұмыр,
Көлеңкеміз. Күннен де тимейді нұр.
Колбин деген  кім екен, қайдан келеген,
Уа, сыртымыздан қашанғыт билейді кім?
-Мақпал:Сәбира: Бұл дегенің үкімнттің беделі қалмағаны,
Тілің құрып барады білесің бе?
-Айдос: Хасен: Ескерусіз дін жатыр сүресінде,
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап,
Сананспайды, әй, бұлар тегі ешкімменЖариялылық дегенің елес білем.
-Шұғыла: Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге.
Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
 
5
Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады.
 (Иманғали, Ұлағат, Мәди)
-Мәди: Милиция:- Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.
 
Жүргізуші: (Сырттан оқиды ) 
Алаңда ешікім қозғалмайды.Осы сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреп, тепкілеу, айқай—шу, алаң қызыл қанға боялады.
 
-Шұғыла: Гүлнәр: Бар болғаны осы еді қылмысымыз,
Савиций көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы танылғанда,
Аң- таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.
 
-Айдос: Хасен: Темір құрсау біздерді бүргені шын,
Мұң шағады қапаста кімге құсың.
Ақ- қаранды тексерер түрме деген,
Концлагерь болды ғой біздер үшін.
 
Осы сәтте 2 солдат  бір қыз, бір жігітті сүйреп әкеліп, тепкілей бастайды.
 (Мәди, Ұлағат)
Жүргізуші: (сырттан оқиды)
Түн, бірақ бұл өзгеше еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып- соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат та бар.
Ермахан: Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос.Рахат:Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?Бексұлтан: Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?Рахат:Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын?Рахат:Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік жала.Рахат:Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті!
6
Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім» деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де…Бексұлтан: Қайрат: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін.Рахат:Тергеуші: Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндің бе, мақұлық?Бексұлтан: Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Рахат:Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! 
«Сол бір күнде» атты Қайраттың өмірінен көрініс
 (Сот залың дайындау)
Абзал: Хатшы: -Кезекші! Қылмыскер Қ. Рысқұлбековті алып келіңдер!
Мәди: Тергеуші: -Халық жасақшысы Савицкийді өлтірдің бе?
Бексұлтан: Қайрат:- Жоқ, мен емес.
Мәди Тергеуші: -Сен өлтірген. Мойныңа ал.
Бексұлтан:Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар.
Абзал: Хатшы: - Орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот келе жатыр.
Иманғали: Сот: - Қылмыскер Қ.Рысқұлбеков, сіз желтоқсанның 17,  18- күні алаңға бардыңыз ба?
Бексұлтан:Қайрат:
-Иә, бардым. 17 желтоқсан күні.
Иманғали: Сот: - Не мақсатпен.
Қайрат: Ол жерге барған себебім: 1- ден айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым. 2- ден алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып- соғып жатыр деген соң бардым. Оларды арашалап, қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім де рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтаныш тұтамын.
Сот: - Сен, 9 автомашинаны өртепсің, соны мойындайсың ба?
Бексұлтан:Қайрат: - Жоқ!  Ондай жалғандықты мойындамаймын.
Абзал: Хатшы: -Сот кеңесуге кетеді.
Абзал: Хатшы: - Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
Иманғали: Сот: - Қазақсатн Республикасының жоғарға соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков халық жасақшысы Савицкийдің өліміне
7
байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жасазына үкім шығарды.
Бексұлтан:Қайрат: - Жоқ. Бұл әділдік емес. 21 жасар мені осынша қылмыс жасады деп жала жауып көзімді жойғанмен, ертең ақ пен қараны ажыратар күн туар!
Елім деп еңіреген ерлер аз емес халықта.
Хош, аман бол артымда,
Ағайын- туыс, азамат,
Артымда қалған ата- анам,
Ел жұртым саған аманат!                     
Бексұлтан: Қайрат:Тоқта! Айтар сөзім бар.Күнәдан таза басым бар,Жиырма бірде жасым бар.Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным бар.Алам десең алыңдар.Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар.«Еркек тоқты – құрбандық»,Атам десең атыңдар.(Қайратты кісендеп алып кетеді.)
Кәусар: Анасының зарлы даусы:
-Балам, балапаным! Оның не жазығы бар еді?! Сенбеймін. Ұлым! Қайратым!
Кәусар:Ана: - Ойпырым- ай, бұрқанған тасқын секлді бұл үн кімдікі еді? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзі? Оқыстан шыққан айқай- шуды, сол шуға бүйірі қызған дарабоздың шабысындай мына үнді есіген едім? Иә, иә, сол дауыс қой мынау, Қайраттымның даусы ғой. Таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні бұл . Иә, иә дәл сол!
(Залдан екі қыз анасын алып кетеді)
 
Мұғалім: Президиумның шешімімен 1988 жылдың 28 сәуіріндегі Жарлығымен Қ. Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар Қайратты қуанта алған жоқ.
 
Мұғалім: Қ.Рысқұлбеков 21 мамырда семей түрмесінде 21 камерада қаскөйлікпен қаза болды.
Жүргізуші: Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасы, ондағы  халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл»,
8
«нашақор» деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991 жылғы 12 желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 жылда «Қазақстан Республикасының демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Президентінің жарлығы шықты. Ал бүгінде қазақ халқы өзінің көптеген арманына жетті. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болды. Халқының ар- намысы үшін қаза болған ұл- қызы ақталды. Өшкені жанып, өлгені тірілді.
Мұғалім:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз болашағы жастар.
Мұғалім: 
Бір- біріме тату- тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде
Ағылады өлең – жырдың бұлағы.
Сіздерге 7 «А» сынып оқушыларының (Азат Кәусар, Бексұлтан, Ұлпан)Желтоқсан оқиғасына арнап өздері шығарған өлендерін назарларыңызға ұснамыз.
 
« » әні орындалады.
Мұғалім:  Басынан бұл қазақтың нелер өтті.
Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.
Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған соң,
Аңсаған еркіндікке қолы жетті,-
дей отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. Егемен ел атандық. Міне, енді өз әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын! Назарларынызға рахметі!
Сөз беріледі:Мектебіміздің директоры: Бородина В.В.

9
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.2-жүргізуші: 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді. Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды. 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2002 жылы – Денсаулық жылы.2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2006жылы - Сыр елі өнер ордасы 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.
2009 жыл Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы құралдарын қолдануға шарттар жасалынды.
 2010 жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл болды. Бұл үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы деп атап өтті. Елімізде «Халық денсаулығы ісіне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді.
2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.
2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды. Осылайша Қазақстан өз рекордын жаңартты. Біздің құрама Олимпиадаларда бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.   
10
2013 жыл «Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
2014 жыл ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп,
2015 жылы -Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді
Викториналық сұрақтар:
Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматы қаласындағы жастар бейбіт  шеруге шықты). 
Д. Қонаев Қазақстанды қай жылдан бастап басқарды? (Д.Қонаев  Қазақстанды 1960ж.қаңтардан – 1986ж.желтоқсан айына дейін басқарды).
Желтоқсан айында қанша адам ұсталып, қанша адам қамауға алынды? (8,5 мыңнан астам адам ұсталып, 2401 адам уақытша қамау орындарына жеткізілді, қалғандары қала сыртына апарылып тасталды);
Желтоқсан айында қанша адам айыпталып, қанша адам өлім жазасына кесілді? (99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылып, 2 адам өлім жазасына кесілді);
Қанша адам оқудан шығарылды? (246 студент оқудан шығарылды);
ЖОО қанша ректор қызметінең алынды? (ЖОО-ның 12 ректоры қызметінен алынды)
Қанша адам жарақат алды? (1720 адам жарақат алды)
Н.Назарбаев «1986жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлыққа қай жылы қол қойды? (1991ж.12 желтоқсанда Жарлық шығарды.)
Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке қандай атақ берілді? (Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді) 
Алматы қаласында орталық алаңға Желтоқсан көтерілісінің құрметіне қандай ескерткіш орнатылды? ( Тәуелсізді таңы деп аталатын ескерткіш орнатылды).
Сұрақтардың жауабын “иә” немесе “жоқ” сөздері арқылы белгілеу1. Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма?“иә” немесе “жоқ”2. Д.А.Қонаевқа “ұлтшылдық” деген айып тағылды ма?“иә” немесе “жоқ”3. КСРО халық депутаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновска обкомының І хатшысы етіп тағайындады ма?“иә” немесе “жоқ”4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма?“иә” немесе “жоқ”5. “Менің уақытым туралы” атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев “иә” немесе “жоқ”
Желтоқсан оқиғалары – Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.