Презентация Тізбек б?лігі ?шін Ом за?ы


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.Меншікті кедергі Сабақтың мақсаты:Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау. Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйретуТәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу. жақсы Бүгінгі сабаққа дайындығымыз қандай?ТамашаЖақсыОрташа Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.Сабақ міндеттері. кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу; Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу; Ом заңын қолданып есеп шығара білу; Сабақ жоспары.І. Ұйымдастыру бөліміІІ. Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.ІV. Есеп шығару V. Үй тапсырмасы.VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау  Үй тапсырмасын тексеру1.Өз топтарына сипаттама беру(ток күші,кернеу,кедергі,заряд)2.Өз жұбыңды тап.3. Сәйкестендіру СәйкестендірСәйкестендір Өз жұбыңды тап1.Еркін элект зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы.......2.Ток күшін өлшейтін құралды ........ Деп атайды3.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің ....... Деп атайды4.Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда деп аталады Тізбек бөлігі үшін Ом заңыМеншікті кедергі
Шартты белгілер бойынша схемадан құралдарды атау
Ток күші I=q/t Кернеу U=A/q Кернеу қанша есе артса,ток күші де сонша артады.I~UI=1𝑅U  № Ғалымдардың аты – жөні Туған жылыАшқан жаңалығы 1.Георг СимонОм1787 – 1854Көрнекті неміс физигі ,мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай – ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты 2. Вольта Алессандро 1745 – 1827Итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты. 3.Ампер Андре Мари1775 – 1836Француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді. Ғажайып үшбұрыш: IURI=U/RR=U/IU=IR


Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шаманы кедегі деп атайдыКедергіні R әрпімен белгілейдіӨлшем бірлігі 1 Ом=1В1 А  Кедергіні өлшейтін құралды резистор,реостат деп атайды 1.R~ℓ2.R~1𝑆3.R~ρR=ρℓ𝑆ρ=𝑅𝑆ℓ  Бекіту сұрақтары 1.Тізбек бөлігі үшін Ом заңын айт және формуласы2.Кедергі дегеніміз не оның өлшем бірлігі қандай?3.Меншікті кедергі дегеніміз не?4.Кедергіні немен өлшейміз оның шартты белгісі қандай? .1.Өткізгіштен 0.40 А ток өткенде,өткізгіштің ұштарындағы кернеу 8,0 В болды.Өткізгіштің кедергісі неге тең?№2 есеп. Ұзындығы 10м, көлденең қимасы 0,1мм² мыс сымның кедергісін анықтаңдар.3.Электрбұрғы орамының кедергісі Ом.Егер электрбұрғы А ток күшіне есептелген болса,онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?№4 есеп,Ұзындығы 120 м, көлденең қимасының ауданы S = 0,5 мм2 нихром сым темір, 220 В кернеуі көзіне жалғанған. Сымдағы ток күшін анықтаңыз 5.Құлсары мұнай мұнарасының қосалқы стансымен қосатын электр сымындағы кернеу 380 В болғанда,одан 12 А ток өтсе,онда сымдағы кедергіні есептеңдер6 Көлденең қимасының ауданы 10 мм ,ұзындығы 200 м мыс өткізгіштен электр сымы жасалды.Оның кедергісі қандай?7. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша8.1800м тереңдіктегі бұрғылау ұңғымасына токты жеткізетін сымның көлденең қимасының ауданы 6.2 мм,жалпы кедергісі 4,7 Ом .Сымның меншікті кедергісін табыңдар Үйге тапсырма§38,39 18 жаттығу № 6 19 жаттығу № 4,5