Сайф Сарай


Қостанай облысы Арқалық қаласы А. Құнанбаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Шамшина Гүлнар Балғақызы
Сабақ тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан». (Үзінділер)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға «Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» арқылы С.Сараидың шығармасының қыр – сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, идеясы туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: С. Сараи хикаяттары арқылы азаматтық ұғымдарын кеңейтіп, оқиғаларын өмірмен байланыстырып, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Оқу дағдысын қалыптастыру жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру .
Тәрбиелік: Шығарманың тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйрету, зұлымдық, жамандықтан аулақ болуға, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, сұрақ – жауап әдісі
Сабақтың көрнекілігі: «Activstudio» интерактивті тақтасы, флипчарт, сызбалар, сөзжұмбақ, картамен жұмыс, тестор.
Сабақта қолданылған әдістер: СТО стратегиялары: ассоциация, ЖИГСО,
топпен жұмыс, ТРАФ, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: Тарих,география
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Рабғузи қиссаларының түйінін ашу;
2. Адамгершілік – ізгі қасиет дегенді қалай түсінесің?
3. Жаңа сабақ. Слайд «Алтын Орданың» Сарай қаласы, парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан» («Гүл бағы») кітабы, «Түркіше Гүлстан» кітабындағы негізгі тақырып айтылады.
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
Балалар, адам бойындағы қандай қасиеттер болады? «Activstudio» интерактивті тақтасында орындалады. «Адам бойындағы қасиеттер» ассоциация бойынша толтырады.
ІІ. «Мағынаны тану» сатысы.
«Түркіше Гүлстан» тарауларын оқу,түсіну.4-топқа бөлу. ЖИГСО стратегиясы
Топтық жұмыс:
1) әңгімені оқып, мазмұндау, тақырып қою.
2) кез келген топтан оқушылардың мәнерлеп оқуы, топтардың талдауы

Әңгімедегі негізгі ой не?
Әңгімедегі айтатын ойды өзің білетін қай шығармамен байланыстыра аласың?
Әңгімеде адам бойындағы қандай қасиеттерді көрсетеді?
Дәптермен жұмыс Сөздікпен жұмыс.
Қырық болу - суға кету.
Уағза – уәде.
Мәлік - Мысыр, Иран елінде билік құрған сұлтан.
Кент – қабырғлары соқпалы балшықтан салынатын қала.
Лұқман – қазақ фольклорына – Құраннан енген кейікпер. Данышпан, ғажайып емші.
Нәзира үлгісімен - сұрақ-жауап
ІІІ. «Ой толғаныс» сатысы. 4 топқа ТРАФ стратегиясы
«Ұлылар үндестігі»
1-топ 2 -топ
Роль – президент –Ыбырай ата
Аудитория – адам - жастарға
Форма – үндеу - ақыл
Тақырып – білім. - аз жұмысты қиынсынба.
3- топ 4-топ
-Лұқман - Абай
-халыққа - ұрпаққа
-тілек - бес асыл
-адамгершілік - бес дұшпан
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Әңгіме бойынша жағдаяттық сұрақтар:
Кемедегі құлды суға тастағаннан кейін ол неге жылауын тоқтатты?
«Бейнет көрмеген адам рахаттың қадірін білмес» дегенді қалай түсінесің?
«Ұзын бойлы ақымақтан, қысқа бойлы ақылды артық» дегеннің мәнісі не?
Наршаруанның «Әуелде зұлымдық аз еді, кеін әркім аз-аздап қосқанда көбейіп кетті» деген сөзі қазіргі өмірге сай келе ме?
Ақымақ адам жөнделе ме?
Тестормен жұмыс.
С. Сараи кім?
Ақынның қандай шығармаларын білесің?
«Түрікше Гүлстан» атты туындысы не жайлы?
Ақын шығармаларының басты мақсаты не?
Ақынның айтқан ойлары қазіргі таңдағы қоғам халіне сай келе ме?
Бір хикаятын білсің бе?
Бейнет көрмеген адам, рақаттың қадірін білмес.
Зұлымдықты әр адам көбейтті.
Ақымақты қанша оқытсаң да ұқпайды.
Жаман әдеттен без.
Баланың тәрбиесі оның өскен ортасына байланысты.
Дәулетті – жия білмеген, жиғанын жеген, бере білген.
Дәулетсіз – есіл-дерті мал жию болып, өзі жеуге қимаған, сөйтіп өмірінің өткенін білмеген адам.
Сөзжұмбақ. Сұрақтары:
С
А
Р
А
И

С. Сараи «Түркіше Гүлстанды» қай ақыннан аударған?(Сағди)
Сөзбен жазылған белгілі-бір мазмұнға құрылған шығармалары қалай аталады?(Хикаят)
«Түркіше Гүлстанның» түпнұсқасы қай ел? (Парсы)
Кітап қай үлгіде жазылған? (Нәзира)
Мақал-мәтел, нақыл түрінде берілетін кітаптың бір бөлімі? (Хикмет)
V.Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: «3-ақ нәрсе адамның қасиеті» шығарма жазып келу.