Б?тін к?рсеткішті д?реже. ?ыс?а мерзімді жоспар 7-сынып. Математика


Алгебра пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Пәні: Алгебра, 7 «Б» сыныбы. Күні
Тақырыбы: 7 сынып курсын қайталау.Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже
Мақсаты 1.Білімділік:Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын түсіндіру, есептерді меңгерту
2.Дамытушылық: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке, тазалыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежеге байланысты есептер шығара алады.
Ресурстар Формула жазылған кеспе қағаздар, стикерлер, маркерлер.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Insert», «10 сұрақ»
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін, оқушылардан бір-біріне жақсы тілек тілеуін сұрау. Өрмекші торын пайдаланады.
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І.Қызығушылықты ояту. 14 минут
«Ертегі кейіпкерлері» арқылы топқа бөлінеді.
«Жүгірпе сұрақтар» тәсілі
(а±в)2=а2±2ав+в2
а2-в2=(а-в)(а+в)
(а+в)3=а3+3а2в+3ав2+в3)
(а-в)3=а3-3а2в+3ав2-в3)
мысалдар: (10-5а)(10+5а)=102-(5а)2=100-25а2
(9+3х)(9-3х)=82-(3х)2=81-9х2
(-m-7а)(7а-m)=(-1)(m+7a)(7a-m)=m2-49а2
16-25а2=(4-5а)(4+5а) 1) Сәлемдеседі, сабақты бастар алдында шеңберлене тұрып бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді
2) Ертегі кейіпкерлеріне сәйкес 4 топқа бірігеді
3) Екі топ мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
4) топ мүшелері бір-біріне сұрақтар қояды.
Өздігінен білім алуға бағыт бағдар беру.
Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы. Алгебрада өзара тең бірнеше санды көбейтуді дәрежеге шығару амалы ретінде қарастырады. Мысалы, егер 4 саны өз-өзіне көбейтілсе, онда 4*4꞊16 көбейтіндісін 4-тің екінші дәрежесі, 4*4*4꞊64 көбейтіндісін 4-тіңүшінші дәрежесі, 4*4*4*4꞊256 көбе»тіндісін 4-тің төртінші дәрежесі, т.с.с. деп атайды. Сонымен, егер nнатурал сан болса, онда кез келген а санының n –ші дәрежесін көрсетілген тәсіл бойынша анықтауға болады.
Егер а – кез келген сан, ал n 1-ден үлкен натурал сан болса, онда а*а*…*аn реткөбейтіндісіа санының n-ші дәрежесі деп аталады да, ол аn түрінде жазылады.
Мұнда а саны дәреженің негізгі деп, ал nнатурал саны дәреже көрсеткіші деп аталады, яғни басқаша айтқанда:
бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін анықтау амалын дәрежеге шығару деп атайды;
а-ға тең n көбейткіштің көбейтіндісін а санының n-ші дәрежесі деп атайды;
дәрежеге шығарылатын а санын дәреженің негізі деп атайды;
негізді қандай дәрежеге шығарғанымызды көрсететін nнатурал санын дәреже көрсеткіші деп атайды.
Егер дәреже көрсеткіші 1-ге тең, яғни n꞊1 болса,онда анықтама бойынша а1꞊а деп есептейміз, яғни
а санының көрсеткіші 1-ге тең дәрежесі осы а саынының өзіне тең.
Осыдан, егер сан дәреже көрсеткішінсіз жазылса, онда бұл санның дәрежесі 1-ге тең деп есептейміз.
Сонымен , анықтама бойынша:
а*а*…*аn рет=аn, n˃1 және а1꞊а.
аnөрнегі былай оқылады: «а-ның n дәрежесі» немесе «а санының n-ші дәрежесі». Мәселен, жоғарыда қарастырылған мысалдарда дәрежженің негізі 4 саны алынды, оның мынадай дәрежелерін қарастырдық:
42=16, 43=64, 44=256 және т.с.с.
Дәрежеге шығаруға мысалдар келтірейік:
54=5*5*5*5=625; 03=0*0*0=0; 15=1*1*1*1*1=1;
Санның екінші дәрежесін сол санның квадраты деп, ал үшінші дәрежесін кубыдеп атайды.
Есептер шығару:
№31
1)а*а*а*а*а=а5; 2) 0,3*0,3*0,3*0,3*0,3=0,35; 3) (-2)(-2)(-2)=(-2)3=-8;
4)1/2*1/2*1/2*1/2=(1/2)4; 5) (-5/3)(-5/3)(-5/3)=(-5/3)3; 6)(ах)(ах)(ах)(ах)(ах)=(ах)5.
№32
1)(-3)3=-27; 2) (-2)4=16; 3) (-4)3=-64; 4) (-5)2=25;
5) 44=256; 6) 25=32; 7) 73=343; 8) 82=64; 9)2,52=6,25; 10)(-1/2)3=-1/8.
№33
1)(1/2)2=1/4; 2) (-1/2)5=-1/32; 3)(-2/3)2=4/9; 4)0,33=0,027; 5)0,13=0,001;
6)(3/2)4=81/16; 7) (-3/4)3=-27/64; 8)(5/2)3=125/8.
№34
1)5*5*5*5=54; 2)х*х*х*х*х=х5; 3)5*5*5*а*а=125а; 4)а*а*в*в*в=а2в3; 5)х*х+у*у=х2+у2;
6)m*m*m+m*m=m3+m2; 7)u*u*b*b=u2b2; 8) m*x*x+n*n*y*y*y=mx2y2; 9) 2*x*x*z*z+y*y*y=2x2y3;
№35
1)а3=а*а*а; 2) в5=в*в*в*в*в; 3) х3=х*х*х; 4)(сх)3=(сх)(сх)(сх);
5)2у5=2*у*у*у*у*у; 6)(-m)5=(-m)(-m)(-m)(-m)(-m);
№36
1)(4/5)2=16/25; 2)(-2/3)2=4/9; 3)(3/2)2=9/4; 4)(-9/4)2=81/16; 5)2,12=4,41; 6) (-6)3=-216;
7)93=729; 8) (-1)3=-1; 9)(7/4)3=343/64; 10)(-1,2)3=-1,728.
ІІІ: Ой толғаныс. 5 минут
Екі өрнектің қосындысының кубы және айырымының кубы формуласына есептер құрастыруды сұрайды Есептер құрастырады, жұбымен шығарып, жауаптарын талдайды
Үйге тапсырма: 1 минут № 37,38Бағалау: 2 минут Тапсырмаларды орындауына байланысты оқушыларды бағалау
1) Қағаздағы смайликтердің суреттерін таңдап өзі –өзіне бағалау жүргізеді
2) Неге сол смайликті таңдағанынның себебін жазады
Рефлексия
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Тексерілді: Директордың оқу ісі бойынша орынбасары: Н. Әлметова.