?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспарыК?жек
Алматы обл. Жамбыл ауд. Ұзынағаш ауылы
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі МДШО КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Мусрепбекова С.А.
Сабақтың тақырыбы: Көжек (ертегі)
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: «Көжек» ертегісінің мазмұнын түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.Түсінгенін жүйелі түрде баяндау.2. Дамытушылық: Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, қызығушылығын ояту, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту,түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету, шығармашылық қабілетін жетілдіру.3. Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жануарларға қамқорлық жасауға, аялауға баулу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта.Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.Сабақтың барысы:I. Қызығушылықты ояту кезеңі.1) Оқушыларды сабаққа дайындау.2) Психологиялық дайындық:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
3)Сыныпты топқа бөлу. Жұмбақ жасыру
Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады (қоян.)
-Қоянның баласы?
-Немен қоректенеді?
Сурет бойынша топқа бөлініп отырамыз. Қоян, көжек, сәбіз.
Ой шашар:
-Балалар, біз өтіп жатқан тарау қалай аталады? Табиғат деген не?
-Қазір жылдаң қай мезгілі?
- Көктемдегі табиғат өзгеріс?Үй тапсырмасын сұрау:
1) — Иса Байзақов кім?( Байзақов Иса — қазақтың халық ақыны, әнші, домбырашы, сазгер)
2) Шумақ бойынша тізбектей мәнерлеп оқу. Мазмұның сұрау.
I-топ: Алтайдың табиғаты.
II-топ: Алтай тауындағы жануарлар.
III-топ: Алтай тауынан өндірілетін кеңдер.
II. Мағынаны тану:
1. Мультфильм көрсету.
I-топ: Ертегі деген не?
II-топ: Ертегінің неше түрі бар?
III-топ: Ертегі қалай басталып, аяқталады?
2. Тақырыпты хабарлау. Мақсатымен таныстыру. «Көжек»ертегісі, мақсатымыз ертегіні түсініп, негізгі ойды анықтау.
3. Қоян туралы түсінік. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Қояндар-сүтқоректі. Оның 50 түрі бар. Салмағы-4-5кг. Жылына 4рет 2-8рет көжектейді. Тұрақты іні болмайды, көжегі бірден жүріп кететіндей жетіліп туады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Көжектердің көзі соқыр, өзі әлсіз болады.4.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. Іштей оқып шығу.
«Жұппен ойлан, талқыла» Мәтіңді үш бөлікке бөліп, топқа оқуға беру.
I-топ:Шаруаның көжекті тауып алуы.
— Неліктен көжекті шаруа үйіне алып келді?
Ж:Себебі, селкілдеп, дірілдеп мұзда жатқан соң жаны ашыды.
Бөлікке ат қоямыз. Шаруаның көжекті тауып алуы.
II- топ:Көжектің қашып кетуі.
— Көжек неге қашып кетті?
Ж: Себебі, шаруаның балалары маза бермеді.
Бөлікке ат қоямыз. Көжектің қашып кетуі.
III-топ:Туған жеріне оралуы.
— Шаруа неге ашуланды?
Ж: Себебі, көжек өз туған жеріне қашып кете берді.
— Неліктен көжек қашып кете береді?
Ж: Себебі, мұз да болса,туған жері ыстық болды.
Бөлікке ат қоямыз. Туған жеріне оралуы.
-Жат жерде көзге түрткі болып өлгенше,мұзда болса, анамның тапқан жерінде өлемін!-депті. Ой пікірлерін.
1.Сергіту сәтіҰзын құлақ сұр қоянЕстіп қалып сыбдырды,Ойлы қырлы жерлерменЫтқып, ытқып жүгірді.Қарап еді артына,Қиығын сап көзініңКеле жатқан томпаңдап,Көжегі екен өзінің.
2.Дәптермен жұмыс:
Пұштиған-кішкентай.
Бір шыбын жанды-қорқады.
III.Ойтолғау.
1.Сабақты бекіту.
2. «Ауадағы сұрақтар» әдісі
-Ертегіден қандай ой түйдің? Неге үйретеді?
-Осы ертегіден туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
-Сендер өз туған жерлерін туралы не айта аласыңдар?
3.Шығармашылық жұмыс
I-топ: Туған жер туралы мақал-мәтел .
II-топ: Туған жер туралы өлең құрастыру
III-топ: «Синквейн» әдісі (көжек сөзіне бес жолды өлең құрастыру)
Зат есім........................
Сын есім......................
Етістік..........................
Сөйлемнен тұратын сөйлем ...................
Синоним.................
4. «Екі жұлдыз, бір тілек»
5.Үйге тапсырма. Ертегіні оқу. Мазмұнына сай сурет салу.
6.Бағалау.
Қызыл түс-5
Жасыл түс-4
Сары түс-3
7.Жылы сөздермен мадақтау.
-Балалар-гүлім менің, Балалар күйім менің. Балалар нұр сыйлатын, Бүгінгі күнім менің-дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін сендерге мынадай «Шуақты күн»төсбелгісін сыйлаймын.