?аза? ханды?ыны? ??рылуыны? тарихи негіздері.


Қазақ хандығының құрылуының тарихи негіздері.
Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. 1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбасы аймақтарың берді. 1465-66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының саясаты: Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды: 1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын. 3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар. Тарихты жасайтын халық десек те, тұлғалардың алатын орны ерекше. Қай заманда да көсбасшының ұстанған саясаты елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалуға бағытталды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайым тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет – өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Қазіргі таңда осы бабалар ізін жалғасырушы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев - «Қайтсем Қазақ елін мәңгілік мемлекетке айналдырамын?!» дейтін аса ұлы мемлекетшіл мүдде жолында тынымсыз ізденіс үстінде жүрген халқымыздың аяулы перзенті, Мәңгілік ел болуды көздеген мемлекет, алдымен өз тек-тамырының тереңнен тартатынын және ата-бабасының өте бай тарихы бар екенін есінен бір сәтке шығармауы тиіс. Ұлттық идеяның өзегі - ұлт тарихында. Мұны Елбасы ешқашан назардан тыс қалдырған емес Бүгінде ата-бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіздік туы көкте желбіреген біздің кең-байтақ Қазақстанымызда сол хандарымыз бен билеріміздің жолдары мен жарғы-жосындарын қазіргі дәуір талабына сай әртүрлі заманауи заңдар мен жүйелі жоспарлар, сан алуан бағдарламалар алмастырған. Солардың барлығы бүгінде еліміздің өркендеп-өсуіне, алға қойған мақсат-мұраттарымызға жетуімізге қызмет етуде. Бұл ретте басқасын былай қойғанның өзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтарға жыл сайынғы стратегиялық Жолдауларын айтсақ та жеткілікті .
Қазақ хандығы тұсында да қазақ жерін бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдері мекен еткен. Атап айтар болсақ, Хақназар хан тұсында қарақалпақтар мен башқұрттардың бір бөлігі қазақ хандығының қол астына қараса, Тәуекел хан да қарақалпақтарды қол астына алған,  . Қазақ хандығы дәуірінде де ежелгі түркі қазақтың сайын даласында тату-тәтті ғұмыр кешкен. Бүгінгі күні дереспубликада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері бірлікте өмір сүріп отыр. Сонымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Биыл осы ҚХА-на 20 жыл толғалы отыр. Елімізде құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге, мелекеттерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Ассамблея мүшелері қашан да Қазақ елінің ынтымағы мен бірлігін жақтап келеді. Достыққа - дәнекер, ұлағатты істерге - ұйытқы болды.Елбасы бір сөзінде: «Мені небір қиын күндерде де демеп жүретін  халықтың қолдауы, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың достығы. Біз қоғамда қалыптасқан саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, ағайын арасындағы сыйластықты, адамдардың бір-біріне деген мейірімділігін көздің қарашығындай сақтауды балаларымыздың балаларына аманат етіп өтуге тиіспіз!», - деп атап көрсеткен болатын 1991 жылдың 16 желтоқсанынан Қазақ мемлекеттігі тарихының бесінші дәуірі есік ашты. Сан ұрпақ аңсаған азаттық таңы атты. Содан бері артта қалған ширек ғасыр ішінде жоғалтқанымызды тегіс түгендемесек те мемлекеттігіміз қалыптасқаны – әлем мойындаған ақиқат. «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік, экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды» деген еді Президент.
 
 
Е. Өмірбаев атындағы орта мектебі
Қазақ хандығының құрылуының тарихи негіздері.
Баяндама
Дайындаған: Раева Қ.