Саба? жоспары: Символды? ж?не жолды? шамалармен ж?мыс істеуге арнал?ан функциялар. 9-сынып.


Пәні: Информатика
Сыныбы, уақыты: _______________________________
Сабақтың тақырыбы: Символдық және жолдық шамалармен  жұмыс істеуге арналған функциялар.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды символдық және жолдық  шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру.
 Дамытушылық: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, үлестірмелер.
Сабақтың түрі:  топтық жұмысСабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындықОқушыларды 2 топқа бөліп.Топ атауларын беріп, топ басшыны сайлау.
Топ туралы бейне баян.
ІІ.Өткен тақырыпты қайталау«Бай болам десең, білімді бол » ойыны. Ойынның шарты: оқушы интерактивті тақтадағы көрсетіліп  тұрған теңгенің  бірін шертіп , шыққан сұраққа жауап беру керек.Егер жауап бере алмаса оның тобы көмектеседі.
І топтың сұрақтары200 теңгеде жасырылған сұрақ. Алгоритм дегеніміз не? Қасиеттерін ата.
500 теңгеде жасырылған сұрақ.Программалау тілі дегеніміз не?
Программа қанша бөліктен тұрады ?700 теңгеде жасырылған сұрақ.Көпөлшемді жиым дегеніміз не?
Сиппаттау бөлімінде  қалай жазылады?
1000 теңгеде жасырылған сұрақ.Программаның 3 қатесін тап.
PROGRAM  ESEP;
VAR  A:ARRAY [1.3,1..4] OF INTEGER;
K,I:INTEGER;
BEGIN    FOR K:=1 TO 3 DO   FOR I:= 1 TO 4 DO  READ (A[K,I]);    S:=0;
FOR K:=1 TO 3 DO  FOR I:=1 TO 4 DO  IF A [K,I]>0 THEN S:=S+1 WRITELN (S) END.
ІІ топтың сұрақтары200 теңгеде жасырылған сұрақ. Есептерді шешу кезеңдерін ата.
500 теңгеде жасырылған сұрақ .Жиым дегеніміз не?Сиппаттау бөлімінде  қалай жазылады?
700 теңгеде жасырылған сұрақ.Индекс дегеніміз не?
1000 теңгеде жасырылған сұрақ.Программаның 3 қатесін тап.
Program esep;
var t:array[1..5] of real;x,max: real;i,n: integer
begin for i:=1 to 5 do
begin write (‘x енгіз’); end; max:=x[1]; for i:=2 to 5 do if x[i]>max then begin
max:=x[i];  writeln(max) end.
«Жеміс- жидек жинау»ойыны.І топтың тапсырмасы:Логикалық типке жататын жеміс-жидектерді жина. Логикалық функция жазылған  жеміс-жидекті шерту керек.Егер оқушы логикалық функция жазылған жеміс-жидекті тапса  жеміс –жидек жоқ болып кетеді.
ІІ топтың тапсырмасы:Real, integer  типті жеміс-жидектерді жина. Сандары бар жеміс-жидекті шерту керек. Егер оқушы real, integer  типті жазылған жеміс-жидекті тапса  жеміс –жидек жоқ болып кетеді.
ІІІ.Жаңа сабақ. Символдық шамаларМән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар символдық типке жатады және Char  қызметші сөзімен белгіленеді. Char типті шамалар апостроф ішінде жазылады.мысалы: С:=’A’, F:=’?’ т.с.с.
Символдық шамаларға қолданылатын стандартты функциялар:
Chr(x)-x санын символға түрлендіреді, мысалы:   Chr(90)=’Z’; Chr(57)=’9’
Ord (x)-x cимволының  кодын береді Ord (б)=161; Ord (!)=1
Pred (x)-x-тың алдыңғы коды сәйкес символды береді; Pred (‘M’)= ‘L’
Succ(x)-x –тан кейінгі кодқа сәйкес символды береді; Succ(‘M’)=’N’
Upcase (x)-латын және орыс алфавитінің кіші әріптерін сәйкес бас әріптерге айналдырады.
EOLN (End of line)  — жолдың соңы болды немесе мәндер енгізіліп болды дегенді білдіреді.
Жолдық шамалар. Апострофқа алып жазылатын, бір жолда орналасқан ASCII тобына жататын символдар тізбегі –символдар жолы деп аталады. Қызметші сөзі string.
Мысалы, а =’Turbo’; symb=’dom’ т.с.с.
Программада сипатталауы  Var   а:string [5].
Жолдық шамаларға біріктіру амалын конкатенация деп атайды, ол «+» белгісімен белгіленеді, мысалы:  ‘8’+’сынып’=’8сынып’.
Қолданылатын функциялар.
Concat(s1,s2,…,sn)-s1, s2, ..,sn айнымалылар мәндерін тұрған орындары бойынша біріктереді.
Length(s)-жолдың  ұзындығын анықтайды.
Copy (s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды көшіріп алады.
Delete(s,p,n)-  s сөзінің р нөмірінен бастап қатар тұрған n символды өшіреді.
Insert(s1,s2,n)- s1 сөзін s2 сөзіне n-нөмірінен бастап қатар тіркеп жазады.
Осы функцияларды қолданып  мысал ретінде мына есептерді шығарамыз.
1 есеп.Берілгені ‘а’ , ‘н’ символдары. Екі символдан ‘ана’ сөзін құрау керек.
Program esep; Var  a,k:char;  s:string; Begin  a:=’а’; k:=’н’; s:=a+k+a; Write (s)  End.
2 есеп. Берілгені ‘кітапхана’ жолдық айнымалысы.Стандартты функцияларды қолданып «танк» , «кітаптар» сөздерін құрау керек және «танк» сөзінің ұзындығын табу керек.
Program esep; Var  a,k,p: string; l:integer; Begin a:=’кітапхана’; p:=copy(a,3,2)+copy(a,8,1)+copy(a,1,1);  l:=length(p);
delete (a,6,4); insert (‘тар’,a,6);  writeln (l); writeln (p); write (a) еnd.
ІҮ.Сабақты бекіту. Есептер шығару1 есеп. Берілген жолдық айнымалыларды біріктіріп,   нәтижесінде шыққан сөйлемнің ұзындығын табатын программа құрыңыз. ‘Менің’,  ‘Қазақстанымның’, ’22 жыл’
‘Тәуелсіздігіне’. Жауaбы: program esep; var  a,b,x,y,z: string; begin a:=’Менің’; b:=’Қазақстанымның’; x:=’Тәуелсіздігіне’;y:=’22 жыл’; z:=a+b+x+y; writeln(length(z),z) end.
2 есеп.Берілген мәтінде барлық «қа» буынын «са»  буынына ауыстыру программасын құру керек.
Берілгені: Қапыда ит қапты, қатты қапты, қапты қатты.
Жауабы:  program esep; var  s: string; n:=integer; begin writeln(‘берілген мәтінді енгіз’); readln (s); for n:=1 to length (s) do   if copy (s,n,2)=’қа’ then begin delete (s,n,2); insert (‘са’,s,n); end; write (s)  end.
Ү.Қорытындылау.  «Адасқан функциялар» ойыны.Ойынның шарты: интерактивті тақтада функциялармен олардың ережелері көрсетіледі . Әр функцияны өз ережесіне қаламмен шертіп апару керек.
ҮІ. Бағалау. Топ басшы  ұпай беріп бағалап отырады.
ҮІІ.Үйге тапсырма.