Символды? жолдармен ж?мыс істеуге арнал?ан функциялар та?ырыбына ашы? саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар
Сабақтың мақсаты: Жолдық шамалар туралы түсіндіре отырып, оқушыларды осы тақырыптағы есептерді шығара білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Жолдық шаманы ажыратып біледі;
Жолдық шамаға берілген есепті шығаруда қай функцияны қай жерде қолдану керек екенін үйренеді;
Есептер шығаруда пайдалану, оларды кейіннен программаларда қолдану мүмкіндігін ажыратады.
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, оқулық, слайд, карточка
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин) Сынып оқушыларымен амандасу; Топқа бөлу;
Good afternoon students and teachers!
How are you?
What day is today?
What is today's date?
Who is absent today?
What was your home work?
Let’s begin our lesson now.
Амандасады;
Топқа бөлініп, сабаққа назар аударады, ағылшынша сұрақтарға жауап береді;
Білу
(5 мин) Өткенді қайталау мақсатында қайталау сұрақтарын береді:
1-топ.
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің қандай түрлерін білесіңдер?
2-топ.
Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Циклдық алгори деген не?
Әр топ өздеріне берілген сұрақтар бойынша жауап береді.
Алгоритм дегеніміз - нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті.
Алгоритмнің негізгі үш түрі бар: сызықтық, тармақталған, циклдік.
Түсіну
(10 мин) Жолдық шамаларға мысалдар келтіріп, интерактивтік тақта арқылы түсіндіреді.
Мән ретінде бір ғана таңбаны қабылдай алатын шамалар жолдық шамаларға жатады және string қызметші сөзімен белгіленеді. String типті шамалар апостроф ішіне жазылады.
Оқушылар жаңа тақырып туралы мағлұмат алады. Керекті жерлерін дәптерге жазып отырады.
Қолдану
(10 мин) Тапсырма береді:
1-топ. 1-есеп: А= «кітапхана» жолдық шамасынан «кітап», «ана», «танк» сөздерін құрайтын программа құру.
2-есеп: Берілген сөздегі «ма» буынын «па» буынына ауыстыратын программа құру.
2-топ. 1-есеп: А= «пернетақта» жолдық шамасынан «перне», «тақта», тарақ» сөздерін құрайтын программма құру.
2-есеп: Берілген сөзде «ка» буыны қанша рет кездесетінін табатын программа құру Оқушылар есепті даптерлеріне шығарып, болған соң компьютерде тексеріп жауабын алады.
Талдау
(7 мин) 2 топқа да интерактивтік тақтадан тапсырма беріледі. Ағылшынша бір сөзден бірнеше сөз құрастырады.
1. A:=teacher;
a) B:=copy(A,1,3);
b) Z:=copy(A,1,5);
c) L:=length(A);
2. A:=Weekend;
a) B:=copy(A,1,4);
b) Z:=copy(A,5,3); Берілген тапсырмалардың жауабын іздей отырып, түсіндіреді.
Жинақтау
(6 мин) «Иә Жоқ» тесті.
№ Сұрақ Жауап
1 Жолдық шамаларды string сөзімен сипатталады Иә / Жоқ
2 Copy жолдың ұзындығын анықтайды Иә / Жоқ
3 Жолдық шамаларды біріктіруге болмайды Иә / Жоқ
Жеке жұмыс.
Әр оқушы «Иә Жоқ» тестіне жауап береді.
Бағалау
(5 мин) Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Кері байланыс “Жасыл” - түсіндім
“Сары” - жартылай түсіндім
“Қызыл” - түсінбедім
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу.
№8, 9 есептерді шығару