план урока по казахскому языку на тему ?лтты? та?амдар (5 класс)



Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар (2 сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркес ,сөйлем құрастыруға үйрену, етістікті, етістіктің шақтарын еске түсіру
2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту
3. тамақты қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет , кесте, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемәтсіңдер ме
2.Сыныпта кім жоқ?
3.Қазір қандай сабақ?
4.Қазақ тілі нешінші сабақ?
5.Қазақ тілі сабағында не істейміз?
ІІ. Тіл дамыту
1. қазір қай жыл мезгілі?
2.күз айларын атаңдар?
3.күзде табиғат қандай?
4.құстар қайда ұшып кетеді?
5.күзде адамдар қалай киінеді?
6.күзде ауа райы қандай болады?

ІІІ. Үй жұмысын тексеру
1.жаңа сөздерді жаттау
2.әңгімелеу
ІУ. Жаңа тақырып
1. Етістік: заттың қимылын, әрекетін білдіретін сөздерді етістік деп атайды.
Етістік не істеді? Не қылды? Қайтты? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Ат шапты. Жаңбыр жауды. Балалар ойнады.
Етістік сөйлемде баяндауыш болады.
2. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудару, етістікке сұрақ қойып, сызу.
Мы играли на улице. (біз далада ойнадық), бабушка ходила в магазин. (әже дүкенге барды), мама приготовила национальное блюдо. (анам ұлттық тағам дайындады.), Асет ходил в гости. (Әсет қонаққа барды), сегодня на улице был дождь. (бүгін далада жаңбыр жауды.)
3. тұр, дайындау – етістіктерін осы шақта жіктеу
4. ойнадық – сөзіне фонетикалық талдау жасау.
5. дүкен – сөзін септеу

У. Қорытынды
1. Қандай ереже өттік?
2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Етістік нені білдіреді?
4. Етістікке мысал келтіріңдер.
УІ. Үйге тапсырма
Ережені жаттау
«Ұлттық тағамдар» тақырыбын қайталау
УІІ. Бағалау