?аза? тілі п?нінен Шахмат ойыны тарихынан ашы? саба? жоспары


Жангазина Зибагуль Шаймардановна, СОШ 10 г. Екибастуз
Шахмат ойыны тарихынан. (7 сынып)
Cабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың шахмат ойыны туралы алған білімдерін пысықтау, кеңейту, толықтыру.
2. Ауызша сөйлеуге дағдыландыру, лексикалық минимум мен сөйлесуге қатысты тілдік материалды толық игеру. Оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру, коммуникативтік - ақпараттық проблемасын шешу.
3. Салауатты өмір сүруге, өз денсаулығын нығайтуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, интербелсенді тақта
Сабақтың әдісі: сөздік жұмысы, мәтінмен жұмыс, аудару,сұрақ-жауап
Тыңдалым Оқылым Айтылым Жазылым Тілдесім
Мәліметті тыңдау
Жаңа сөздер Мәліметті түсініп оқу Мәліметті айту
Диалог
монолог Өз ойын жазу Әңгіме
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен сұхбат.
- Кім бүгін кезекші?
(Мен кезекшімін....... Бүгін ақпанның он бесі, жұма, сыныпта.....жоқ.)
Мотивациялық кезең:
Балалар, белсенді тақтаға назар аударыңдар! Нені көріп тұрсыңдар?

Сұрақтарға жауап беру:
Сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған?
Екібастұзда қандай спорт түрлері дамыған?
Қазақстанның қандай белгілі спортшыларын білесіңдер?
Қазақстанда 2011 жылы қандай спорт жарысы өтті?
Жазда қандай әлемдік спорттық сайысы өтті?
Қазақстан нешінші орынға ие болды?
Қазақстанды осы жетістікке жеткізген кім?
Балалар, сендер ойлау қабілетін талап ететін қандай спорт ойындарын білесіңдер? (шахмат, тоғыз құмалақ)
Тоғыз құмалақ қандай ойын? (қазақ ұлттық ойыны)

Ал, енді бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар ( Шахмат ойыны тарихынан.)
Осы сабақта алдарыңа қандай мақсат қоясыңдар?
Мен сендерге мақсаттарыңа жетулеріңді тілеймін, сәттілік тілеймін, жақсы баға алыңдар, сабақта белсенді жұмыс істеңдер.
Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздікті тізбекпен оқып шығамыз:
дүниежүзілік – всемирный
Әлем чемпионы – чемпион мира
кең тараған – широко распространилась
үйірме - кружок
спорт шебері – мастер спорта
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем және сұраулы сөйлем құрастырыңдар.
Сергіту сәті.
Мәтінмен жұмыс. Ноутбуктарыңды ашыңдар, мәтінді оқып шығамыз (бір бала мәнерлеп, дауыстап оқып шығады)
Шахмат ойыны тарихынан.
Шахмат VІ ғасырда Үндістанда пайда болды. Шахмат ойыны Үндістаннан Қытайға, Иранға, Ресейге тараған. Арабтар арқылы Еуропаға, одан кейін Францияға, Германияға дейін жеткен. ХІХ ғасырда шахмат ойыны бойынша халықаралық жарыстар, чемпиондардың турнирлері өткізіле бастады. Шахматтан дүниежүзілік тұнғыш чемпионы Вильгельм Стейниц болды. Одан кейін әлем чемпиондары аталған шахматшылар Т. Петросян, А. Карпов, Г. Каспаров және т.б. Шахмат ойыны адамның ойлау қабілетін дамытады. Жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін ойын. Осы ойынды шахмат клубында,оқушылар сарайында мектептегі үйірмелерде үйренуге бола
. Мәтіннің мазмұны түсінікті ме? Мынадай тапсырма орындайсыңдар: 1) бір біріңмен мәтін бойынша диалог құрастырасыңдар.
2) Үш дарынды балаларға жеке тапсырма беріледі.
1 Карточка
Біздің қаламызда шахмат клубы бар ма?
Қаламыздағы шахмат клубы туралы шағын мәтін жаз.
2 Карточка
Мектептегі шахмат үйірмесі туралы мәлімет жаз.
3 Карточка
Диалогтың басын толықтыр:
-........
-.........
-.........
- Шахматты мен әкеммен, атаммен, достарыммен ойнаймын.
Тақтаға назар аударындар. Суретте кімдер бейнеленген? Вильгельм Стейниц қандай шахматшы? Мүмкін біздің арамызда да шахматтан әлем чемпионы отыр. Қазақстанның жас өспірім арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы 11 жасар Жансая Әбділмәлік, 17 жасар әлем чемпионы (2010 жыл) Динара Сәдуақасова.
Грамматикалық тапсырма. 1) Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып, сөз тіркесін құрастырыңдар (Жеті, он бір, жиырма екі,отыз үш, қырық бес, елу алты, алпыс бес, жетпіс жеті, сексен тоғыз жүз). . 2) Бір реттік сан есімді жіктеңдер, септеңдер.



Үй тапсырмасы: Сүйікті спорт түрі туралы шағын шығарма жазындар.
Рефлексия. Сабақта не білдік? Не үйрендік?
Бағалау.
Оқушыларды өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні Сұраққа жауап беру Жаңа создермен жұмыс Мәтінмен жұмыс Карточкамен жұмыс Грамматикалық тапсырма диалог