План по информатике Паскаль тіліні? шарты со?ынан тексеретін ?айталау операторы REPEAT.


Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - REPEAT.
Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау REPEAT операторын оқып үйрену.
Білімділік:
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау REPEAT операторын оқып үйрене отырып, программа құра білу;
Паскальда программа құру дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық:
Материалды оқып үйренуде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Алгоритмдік ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:
Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту.
Оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ (жаңа материалды оқып үйрену және бекіту).
Сабақтың түрі: Әңгіме – сабақ, жаңа материалды өз бетімен оқып үйрену, дәптерде және компьютерде практикалық жұмыс.
Оқыту әдісі: Көрнекі –түсіндірмелі, практикалық .
Оқыту үлгісі: жеке дара- ұжыммен.
Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Дидактикалық материал. Интерактивті тақта.
Оқушылар білуі тиіс:
Шартын соңынан тексеретін циклдік алгоритмді;
Шартын соңынан тексеретін циклдік алгоритмге қолданылатын операторды;
Шартын соңынан тексеретін циклдік алгоритмге блок-схема құра білу;
Оқушылар үйренуі тиіс:
Шартын соңынан тексеретін циклдік алгоритмге блок-схема құруды;
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау REPEAT операторын қолданып программа құру;
Программаны араластыруды жүргізу;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.
Өткен матералды қайталау
Оқушылардың алдында сабақтың мақсатын қою
Жаңа сабақты түсіндіру. Компьютермен жұмыс.
Сабақты бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының неше түрі бар?
While қандай оператор?
While операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Жаңа материалды түсіндіру
REPEAT – қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі –цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады (While операторында керісінше болған).
Бұл оператор REPEAT (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
Жазу үлгісі:
REPEAT
< 1- оператор>;
< 2- оператор>;
…………………
< n- оператор>;
UNTIL <шарт>;
8001002286000

оператор

жоқ
Шарт
Иә
Мұндағы: REPEAT (қайталау) және UNTIL (дейін) – қызметші сөздер;
<шарт> - логикалық типті өрнек;
REPEAT операторының орындалу тәртібі
1. Алдымен REPEAT сөзінен кейінгі операторлар тізбегі орындалады;
2. UNTIL сөзінен кейінгі шарт тексеріледі;
3. Егер өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл қайталанады. True (ақиқат) болса аяқталады.
Begin . . . End операторлық жақшаларды қолданбаса да болады, себебі мұнда операторлар Repeat . . . Until аралығында жазылып сол жақшалардың функциясын орындап тұр.
Мысалы: y= 3x+1, мұндағы x, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var x, y: real;
Begin
x:= -1;
Repeat y:= 3*x +1
Writeln (‘y=’ , y);
x:= x+0.5;
Until x > 2
End.
Компьютермен жұмыс
№1. P = 1*2*3* . . . *NN! факториалды табу программасын жаз.
Program fakt;
Var i, n, p: integer;
Begin
Writeln (‘n= butin sanin engiz’);
Readln (n);
i:=1;
p:=1;
repeat
p:=p* i;
i:=i+1;
Until i> n;
Writeln (‘p=’ , p:4);
End.
№2. y= 3x+1, мұндағы x, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program y-tabu; {REPEAT бойынша}
Var x, y: real;
Begin
x:= -1;
Repeat y:= 3*x +1
Writeln (‘y=’ , y);
x:= x+0.5;
Until x > 2
End.
Program y-tabu; {WHILE бойынша}
Var x, y: real;
Begin
x:= -1;
While x<= 2 do
Begin y:= 3*x +1;
Writeln (‘x=’ ,x:5:2, ‘ , ‘ ,‘y=’ , y:5:2);
x:= x+0.5;
end;
End.
№3. аралығында 0,2 қадамман өзгергендегі функциясының мәнін тап.
Program esep;
Var x, y: real;
Begin
x:=1;
Repeat
y:= sqrt(x+1) – 1/x;
Writeln (‘x=’ , x:3, ‘y=’ ,y:5);
x:=x+0.2;
Until x> 3
Readln;
End.
№4. n! есептейтін программа құр.
№5. 1-ден 100-ға дейінгі сандардың қосындысын, көбейтіндісін есептеудің программасын құру.
№6. X=8, 6, 4, 2 болғанда y = x2 мәндерін табатын программа құр.
Сабақты бекіту сұрақтары
Қайталау операторлары не үшін қолданылады?
Цикл дегеніміз не?
Қайталау операторларының неше түрі бар?
REPEAT қандай оператор?
REPEAT операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Үйге тапсырма: 3.7 тақырып Repeat операторы. 103 бет, 9 тапсырма.