Презентация на темуБейорганикалык косылыстардын негизги кластарын кайталау
Сабақтың жоспары Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық кластардың маңызды қосылыстары.Мақсаты: І. Оқушылардың химия курсында алған білімдерін еске түсіру арқылы пысықтау, тиянақтау. ІІ. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып заттардың формуласын құра білу, жинақтау. ІІІ. Химия ұғымының сабақтастығын қалыптастыру.Сабақтың түрі: Қайталау сабағыСабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту технологиясы.Пән аралық байланыс: биология, физика, бейнелеу өнері, қазақ тілі, информатикаСабақтың көрнекілігі: Компьютер, деңгейлік тапсырмалар, көрнекі суреттер. 1 – бөлім«Сен маған, мен саған» (Иә, жоқ) Химия – заттарды,олардың қасиеттерін, олардың өзара айналуларын зерттейді. 1.Атом молекула, молекула атомнан тұрады.2.Салыстырмалы атомның массаның белгіленуі Mr, ал салыстырмалы молекулалық масса Ar – деп белгіленеді.3.Судың Mr (H2O) = 18 тең.4.Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым – М.В. Ломоносов.5.Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. 6.Кез – келген заттың 1 мольінде 6, 02*1023 бөлшектер болады.7.Заттың 2 мольінде де 6,02*1023 бөлшектер болады.8.Молярлық масса белгіленеді – Mr.9.Тынысалуға қажетті газ – О3.10.Катализатор-өршіткіш, ингибитор-баяулатқыш.11.Алтын, күміс, платина, мыс-бұлар асыл металдар.12.Ауада 78% О2 болады13.Кез келген газды 1 моль 22,4л көлем алады.14, 2 Н2О=2H2+O2 -571.6 кДж-бұл термохимиялық теңдеу.15.+250С-та реакция басталады деп есептейміз.16.Периодты заңды ашқан ғалым-Пристли.17.Химиялық элемент дегеніміз ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір атом түрі.18.Ең күшті тотықтырғыш-галогендер.19.Мысық ашқан элемент- J2 2 – бөлімДеңгейлік тапсырма. І-топ. 1.Химиялық элементтердің таңбаларын жазып, салыстырмалық атомдық массасын көрсетіңіз және бір элементке сипаттама бер. А) қорғасын Б) сутегі В) оттегі Г) темір Д) азот Е) күкірт Ж) көміртегі З) мыс Жүйелік тапсырма -1 І. Сu және О ІІ. S және О ІІІ. АL және СL IV. N және ОМына жоспар бойынша сипатта.1.Валенттілік бойынша формула құрастыр.2.Мr тап3.М тап4.Реакция теңдеуін құрастыр және реакция типін анықта.5.Массалық қатынастарын тап.6.Әрбір элементтің массалық үлесін тап.7.Күрделі заттың 2 мольіндегі заттың массасын тап.8.Бірінші тұрған элементтің 1) реттік номерін 2) протон, нейтрон, электрон, санын тап.9.Генетикалық қатар құрастыр. Танымдық ойын. 1.Өзім темір, өзім шалбар. Егер теріс қарай оқысан Болармын бірі-қазба байлықтың Айтшы мен сонда кіммін. (Сым)2.Бірінші буыным сұрау есімдігі, екінші буыным сан есім. Қос буынды біріктірсең, газға айналып шыға келем. (неон) 3.Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды. Ол болмаса, тіршілік өмірде жоқ. Ол болмаса отын да тұтанбайды. Қарауытып қалады көмір шоқ боп. (Оттегі) Ой сергіту: Адамнан ғылым айла асырмаған, Құпиясын құлыптап жасырмаған. Кел екеуміз ғылымның тілін зерттеп, Бір жұмбағын ашайық ашылмаған. Бірініші бөлігі “алда кел” деген бұйрық рай, екінші бөлігі “сан есім”, өзі шипалы газ есептеледі. (озон)Өзі химиялық элемент, егер алғашқы әрпін алып тастасаңдар, шаруашылық заттарын салатын ыдысқа айналады. Ойлаңдаршы бұл қандай элемент. (Фтор-тор)Өзі химиялық элемент, егер “ан” қосымшасын жалғасақ, қыстың қаһарлы күндері еске түсіресіңдер. (бор-боран)Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақ, екніші буыны сан есім, өзі химиялық элемент. (не-он)Бірінші бөлігі көп емес, екінші буынын “тілсіз жау” деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (аз-от)Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі. ( сел-ен) Семантикалық карта Бейорганикалық кластар НСl К2О Ba(OH)2 Na2SO4 KNO3 H3PO4 MgO HF J2O7 H2CO3 CuCO3 NaOH Оксидтер Қышқылдар Негіздер Негіздер Деңгейлік тапсырма: І-деңгей.Мына заттардың формуласын тап және 1)Мr 2) массалық үлестерін тап ІІ-деңгей.Реакция теңдеуін аяқта:К+О2 =NaOH+H3PO4 =SO3+H2O =BaO+HCl = ІІІ-деңгей.Өзерісті жүзеге асыр.1) К К2О КОН К3РО4 КСl2) Сu Сu2О СuСl2 Сu(ОН)2 СuО «Жаңа ақпарат» Элементтер Элементтердің әсерінен кейін Залал көздері Сынап Жүйке жүйесінің бұзылуы (минамат ауруы); ішек-қарын трактысының және бүйрек функцияларының ауытқуы; хромосомды өзгерістер Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы Мышьяк Терінің рак аурулары, интоксикация, перифириялық неврит Ластанған топырақ, уланған дәндер Қорғасын Сүйек ұлпаларының бұзылуы, қанда протейндер синтезделуінің тежелуі, бүйректің және жүйке жүйесінің ауытқуы Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы Мыс Ұлпадағы органикалық өзгерістер, сүйек ұлпаларының ыдырауы, гепатит Жер үсті, жер асты суларының және топырақтың ластануы Кадмий Бауыр циррозы, бүйрек қызметінің ауытқуы, протанурия Топырақтың ластануы Қорытынды І.Төмендегі ұғымдарға топтама жасаңдар:1.Сілтілік металдар2.Халькогендер3.Сілтілік жер металдар4.Галогендер5.Оксидтер6.Қышқылдар7.Негіздер8.ТұздарІІ. Үйге тапсырмаІІІ.Бағалау