Урок Визуалды программалау ортасы
Сабақ №7. Сыныбы: 10Тексерген: ______________________________
Күні:________ Мұғалімі:______________________________
Сабақтың тақырыбы Визуалды программалау ортасы. Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасыОқып-үйренудің негізгі мақсаттары Білімділігі: Оқушыларға Visual Basic программасын іске қосу жолдарын түсіндіру. New, Existing, Recent жобалары туралы түсінік беру. Терезенің құрылысымен таныстыру, мәзірлердің қызметіне қысқаша сипаттама беру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағдыларын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже Оқушылар білуі тиіс: Visual Basic программасын іске қосу жолдарын.
Оқушылар меңгеруі тиіс: Visual Basic терезесінің жоқ элементтерін кірістіре білуді.
Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.
Ресурстар (дереккөздер) Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г.А.Тезекбаева, Информатика 10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты), Арман - ПВ
Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланова, Информатика 10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты), Жазушы баспасы
Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов, Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ
Сейітқұлов О. Visual Basic 6 ортасында программалауға кіріспе, Атамұра, 2013
www.bilimdiler.kz, www.myxatai2006.narod.ru , www.ustaz.kz, www.kazakh.ru сайттары
Сабақтың типі Аралас сабақ
Оқытудағы әдістемелік нұсқау Оқушыларға практикалық жұмыс тапсырамларын орындата отырып, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру; компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
Сабақтың кезеңдері
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру 1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару
2) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.
2. Оқушылар-дың білімдерін жан-жақты тексеру Ауызша сұрақ-жауаптар
1. Visual Basic программасын бірнеше жолмен ашуға бола ма?
2. New, Existing, Recent жобаларының айырмашылығы неде?
3. Терезе құрылысын өзгертуге бола ма?
3. Жаңа тақырыпты меңгерту
Қосымшаларды құрастырудың кіріктірілген ортасы. Терезе
New (Жаңа жобалар): жұмысты бірінші рет немесе жаңа бастап отырған болсаңдар, жаңа жобалар қосымшасындагы Standart Exe таңбасын шертсеңдер, жаңа жоба ашылады.
Existing (Қолданыстағы жобалар): мұнда программамен бұрын жұмыс істеген және бұрын пайдаланып, сақтап қойған жобаларың болуы мүмкін.
Recent (Жақында пайдаланылған жобалар): мұнда соңғы уақытта пайдаланылған жобалар сақталады. Existing (Қолданыстағы жобалар мен Recent (Жақында пайдаланылған жобалар) жобаларын пайдаланып, өзгертулер енгізуге болады.
Visual Basic терезесі мыналардан тұрады:
Пішіннің конструктор терезесінен;
Қасиеттер терезесінен;
Құрал-саймандар тақтасынан (басқару элементтері);
Жоба терезесінің нұсқаушысынан;
Пішін терезесінен;
Тақырып жолынан;
Мәзірлер қатарынан;
Құрал-саймандар тақтасынан.
4. Практикалық тапсырма
4187190158115Бірінші тапсырма
Тізім (Cписок-ListBox). Басқару батырмасы (Кнопка управления - CommandButton) басқару элементтерін пайдаланып, тізімді әр түрлі әдістермен толтыратын қолданба жаса.
Тапсырманы орындауға нұсқау.
Тізім қатарларын қасиеттер терезесіндегі List қасиетінде және программалық код терезесіндегі List(n) немесе Additem әдістерінің бірін қолданып толтыруға болады.
Пішінге List1 объектісін орналастырып, оның өлшемдерін төмендегідей (1.1-сурет) етіп алыңдар.
Тапсырманы орындау технологиясы.
Пішінді екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі Form_Load процедурасын
жазыңдар:
Private Sub Form_Load()
List1.AddItem "Қаңтар"
List1.AddItem "Ақпан"
List1.AddItem "Наурыз"
List1.AddItem "Сауір"
List1.AddItem "Мамыр"
List1.AddItem "Маусым"
3783965977901.2-сурет.Пішіннің жүктелу барысында толтырылған тізім
001.2-сурет.Пішіннің жүктелу барысында толтырылған тізім
4206240-28168601.1-сурет. Пішінге List1 объектісін орналастыру
001.1-сурет. Пішінге List1 объектісін орналастыру
List1.AddItem "Шілде"
List1.AddItem "Тамыз"
List1.AddItem "Қыркүйек"
List1.AddItem "Қазан"
List1.AddItem "Қараша"
List1.AddItem "Желтоқсан"
End Sub
3758565-2894330Қолданбаны іске қосыңдар. Сонда тізім бірден пішіннің жүктелу барысында толтырылуы (1.2-сурет) тиіс.
Екінші тапсырма
Таймер (Таймер - Timer) және Жазу (Метк - Label) басқару элементтерін пайдаланып, пішіннің ортасындағы жазуаз уақыт көрініп, қайта жоқ болып кететін қолданба жасаңдар.
393001573660Тапсырманы орындау технологиясы:
1.Пішінге Timer1 және label1 объектілерін (1.3 - сурет) орналастырыңдар.
2.Timer1 объектісінің Interval қасиетіне 500 мәнін меншіктендер.
3.Form1 объектісін екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі процедураны жазыңдар:
Private Sub Form_Load()
Label1.Caption = "№12 гимназия окушылары"
386270531751.3-сурет.Пішінге Timer1 және Label1 объектілерін орналастыру.
001.3-сурет.Пішінге Timer1 және Label1 объектілерін орналастыру.
End Sub
Timer1 объектісін екі рет шертіп, код терезесіне төмендегі процедураны
жазыңдар:
Private Sub Timer1_Timer()
Label1.Visible = False
End Sub
36347405734051.4-сурет.Экранда аз ғана уақыт көрініп, қайта жоқ болып кететін мәтін
001.4-сурет.Экранда аз ғана уақыт көрініп, қайта жоқ болып кететін мәтін
Қолданбаны іске қосып, шыққан нәтижені көр. Экранда №12 гимназия окушылары жазуы (1.4 - сурет ) аз ғана уақыт көрініп, қайта жоқ болып кетуі тиіс.
3806190-1345565
5.Үйге тапсырма §6-7. оқу
Кітаптың 49 және 57 беттеріндегі (Өзіңді тексер!) тест тапсырмаларын орындау.
6. Сабақты қорыту, бағалау 1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша талдау
2. Сабаққа белсене араласқан және компьютермен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.