Урок по математика на тему Алыстау жылдамды?ы 4 класс
Математика
Сабақтың тақырыбы: Алыстау жылдамдығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға бірінен-бірі қарама –қарсы бағыттағы қозғалыс туралы түсінік бере
отырып,алыстау жылдамдығы туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылығы:
Жылдамдық туралы ой-өрістерін жетілдіре отырып,алыстау жылдамдығын
табуға және математикалық тілмен сөйлеуге жаттықтыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды білімпаздыққа,ойлылыққа, математика пәніне деген
қызығушылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, әңгімелеу.
Көрнекілік: АКТ, слайд топтамасы «Астана», сандар, цифрлар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Математика сырлары,
Қызықтырар біздерді.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Біз ақылды баламыз,
Есеп,жұмбақ,ойынның
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің
Саяхатқа шығамыз.
-Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Саяхат сабақ жасаймыз. Астанаға барып, көрікті жерлерімен танысып келеміз. Алдымен 4 топқа бөлініп отырайық.
Бүгін сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейтуге үйренеміз және тез санау дағдыларымызды жетілдіреміз.
ІІІ. Саяхатты бастамас бұрын үй жұмысын тексеріп алайық. № 8
а х 2 а=231,3231,9876,12345
231 х 2=462
3231 х 2=6462
9876 х 2=19752
12345 х 2=24690
ІV. Жаңа сабақ
v=v1 + v2
Екі жаяу адамның бір-бірінен алыстау жылдамдығы 3 +5=8км\сағ
V.Астанаға автобуспен барамыз. Ол үшін билет алу керек. Ендеше тақтадағы тапсырмаларды орындасақ, бәрімізге билет беріледі.
- Балалар, Астана туралы не білесіңдер?
Астана - Қазақстан астанасы.
Бұл қаланың негізі 1830 жылы қаланған,ол кезде Ақмола деп аталатын. Қазақ тілінен аударғанда «астана» деген мағынаны білдіретін Астананың қазіргі атауы 1998 жылы берілді.Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң және сол жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан алсақ, Еуропа мен Азияны байланыстыратын мекен болып табылады. Астана – ең ірі көлік торабы, автомобиль, теміржол және әуе көлігінің орталығы.
1-тапсырма №1
А)-Суретте не бейнеленген? Екі жаяу адам қандай әрекет орындада?
Ә)Суретті пайдаланып,мынандай сұрақтарға жауап бер:
-Бірінен-бірі қарама-қарсы бағытта екі жаққа қозғалған екі жаяу адамның ара қашықтығы қалай өзгерді?
-Екеуі бірінен-бірі сағатына неше километр алыстайды?
Алыстау жылдамдығы:4+6=10км\сағ
VІ. Ал кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп бірінші «Бәйтерек» монументімен танысайық.
Бәйтерек – тәуелсіз Қазақстанның символы Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады.Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемлекетті бейнелейді.«Бәйтерек» күн сайын әр түрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен шыны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.
2-тапсырма №2 Топтық жұмыс
Есептің қысқаша жазуын пайдаланып,оны шығару
І топ(а)
ІІ топ(ә)
ІІІ топ(б)
VІІ. Енді балалар «Нұр-Астана » мешітімен танысайық.
2005 жылдың наурыз айында Астанада жалпы Қазақстанның жаңа көрікті ғимараты – «Нұр-Астана» мешіті салынды. Заманауи тұрғыда салынған үйлердің арасында айтарлықтай кездейсоқ, бірақ үйлесімді көрінеді. Мешіттің биіктігі 62 метрге жететін төрт мұнарасы бар. Күмбездері алтынмен жалатылған. Күмбезді ұстап тұрған сегіз тірек жай ғана ою-өрнекпен емес, ойып жазылған сүрелермен шебер безендірілген. Ішіне кірсең, бір мезгілде 5 мың адам ғибадат қылатын үлкен зал құшағын жаяды. Екінші қабатта - намаз оқуға және 2 мың әйелге арналған балкон бар. Мешіт аумағы шамамен 4000 ш.м. тең.
3-тапсырма №3 «Кім тапқыр?» ойыны
Тігінші 35 метр матадан 7 көйлек тікті. 75 метр матадан осындай неше көйлек тігуге болады?
VІІІ. Сергіту сәті: Есептедік шаршадық
Орнымыздан тұрайық
Қимылдатып аяқты
Шапалақты ұрайық
Отырайық, тұрайық
Соқтығысып қалмайық.
ІХ. Ал енді балалар, Бейбітшілік пен Келісім сарайына барайық.
Бейбітшілік пен Келісім сарайын әлемнің сегізінші кереметі деп атайды. Оның биіктігі және ені 62 м дұрыс пирамида пішінінде салынған.Ғимарат он бес метрлік жасанды үйінді үстіне орналасқан. Аты шулы мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өз жобасы үшін арнайы діни қалыпқа ұқсамайтын пішінді таңдаған.
4-тапсырма Есеп шығару. № 4
Шарты:
Барлығы-500теңге
Пияз-180 теңге
Картоп-қалғанының жартысы
Қалды-?
Х. Келесі Қазақ Елі монументі – Қазақстанның Тәуелсіздігін әспеттейтін, ұрпақ жалғасын айғақтайтын сәулет-мүсін кешені. Алаңның өзі 5 гектар, айналасындағы жер 11 гектар, монументтің биіктігі – 91 метр. Ол Қазақстанның дербес елге айналған 1991-ші жылды білдіреді. Тігінен тұрған бейнеде доңғалақ ойылып салынған – ол көшпенді халықтың нышаны. Жоғарғы белдеуінде ою нышаны айнала өрнектелген. Оның 4 жағы қалқан секілді. Монументтің ең негізгі бейнесі – ұшар биігіндегі Самұрық құс. Астыңғы жағы төрт тағаннан тұрады. Төртеуінің де өзіндік мәні-мазмұны бар. Бірінші Президент және халық, 2-ші -Қаһармандық, 3-ші -Жасампаздық және 4-ші - Болашақ. Кешеннің авторы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
5-тапсырма №5 Математикалық диктант
8953:7
7080:5
42568:8
30744:9
ХІ. Ал, енді балалар Президент резиденциясына барайық.
Президент резиденциясы Есілдің сол жағалауында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 м2. Ақ орданың ресми тұсаукесері 2004 ж. 24 желтоқсан күні өтті. Ғимарат жер бетіндегі 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады. 1-қабатта салтанатты хол орналасқан. 2-қабатта қызметтік орынжайлар орналасқан. 3-қабатта киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы; сыйлықтар мен сенім грамоталарын тапсыру залы; екі жақты кездесулерге арналған “Алтын зал”; камин залы; қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан. 4-қабатта қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары; Саммиттің Үлкен залы; кітапхана; кіші Шығыс залы орналасқан.
6-тапсырма №6 Сәйкестендіру
7км 834м х4
9км 007м х8
16кг 752г:8
4т008кг:8
16м74 см:9 2кг94г
501г
1м86см
72км056м
31км 336м
ХІІ.Сонымен балалар, біз Астананың кейбір көрікті жерлерімен таныстық, мәлімет алдық. – Қандай тағы көрікті жерлерін білесіңдер?
Бәйтерек (монументі) • Абу-Даби Плаза • Халықаралық Астана Әуежайы • Қазақстан Орталық концерт залы • Астана Арена • Ақ-Орда • Бейбітшілік пен келісім сарайы • Назарбаев Университетi • Алау (мұзайдыны сарайы) • Қазмедиа орталығы • Тәуелсіздік Сарайы • Хан Шатыр • Әзірет Сұлтан мешіті • Нұржол желек жолы • Асыл тас (әкімшілік кешен) Қазақ елі (монумент) • Атамекен (мұражай)7-тапсырма Логикалық есептер
1.Жаяу адам сағатына 5 км жүрсе 2 сағатта қанша км жүреді?
5км\сағ х 2=10км
2. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
3. Селодан қалаға дейін велосипедші 20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта жылдамдығын тап.
Шешімі: (20+10):2=15км\сағ
ХІІІ.Қорытынды
Ара қашықтығын тап
243459052705004819655270500
1955165-112522000v = 12км/сағ ----------------------- ---------------------------- v = 4км/сағ t = 3сағ s = ?
ХV.Бағалау
ХVІ.Үйге тапсырма: №8