«Сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы компьютерлік сауаттылы?ты арттыру»
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы компьютерлік сауаттылықты арттыру» технологиясының әдістері мен тәсілдерінің информатика сабағында қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп.
«Бір жыл алдына-ала ойлаған ел – нан өсіреді,
Он жыл алдына-ала ойлаған ел – бау өсіреді,
Жүз жыл алдына-ала ойлаған ел – жас ұрпақ өсіреді»
Конфуций
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының зияткерлік, іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз.
Білім беру - тұлғаның ұлттық шығармашылық және интелектуалдық деңгейі қалыптасатын сала. Сондықтан да мен өз мектебімде жаңашыл білім беру жүйесінсін жетілдіруге, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға ат салысуым сөзсіз. Бұл бағытта информатика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеймін.
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, білім беруді ақпараттандыру» деп, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында нақтылап, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін айқындап қойған.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1)сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;2)оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;3)әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
4)үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;6)оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез — келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс — әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»Кезеңнің мақсаттары:— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;— оқушының белсенділігін ояту;Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдероқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізілед
Екінші кезең «Мағынаны ашу»Кезеңнің мақсаты:— жаңа ақпаратпен танысу;— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етед
Үшінші кезең «Ой толғау»Кезеңнің мақсаты:— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.— оқылған материалды талдау және қорытындылау.— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.— Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.— Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.— Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.— түйін сөздерге қайта оралу.— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.— рефлексивті сұрақтар— пікір алмасу.— шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.Инсерт (түртіп алу) жүйесі.
Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
Мысалы: «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі.
Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс — әрекет жазылады (етістік, көсемше).4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді.
Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
«Ирек» стратегиясы.
Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.
«Болжам» стратегиясы.
Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. «Пікір алысу» стратегиясы.
Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді. «Әңгіме» стратегиясы.
Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:— мотивацияның артуы;— дербес іс — әрекеттің артуы;— ойлаудың белсенді болуы;— оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.
Сабақтың ең маңызы – оқушының рефлексия жасауы.
Рефлексиялық тәсіл – кәсіби қалыптасу барысында туындаған қарама –қайшылықтарды анықтауға, өзін - өзі тану мен өзіндік қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Рефлекциялық тәсіл негізінде оқу қызметі мен өз мінез – құлқына, оқушының кәсіби талдау жүргізуге дағдыланады. Ендеше, жаңашыл әдістерді оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда мынадай мәселелер ескерілу қажет деген ойдамын:
педагогикалық қызметті өзіндік болжау мен жобалау технологиясына сай ұйымдасырылатын танымдық іс- әрекетті бағдарлау;
жаңашыл оқыту жағдайында ақпараттық – технологиялық құзырлылығын жетілдіруге бағытталған ақпараттық технологиялардың жүйелілігін реттеу;
өзіндік жұмыстарды ұймдастыру мен танымдық ынтаны қалыптастыруда психологиялық ерекшеліктердің есепке алынуы ескеру;
инновациялық оқытуда тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен субъективтілігін қамтамасыз ететін әдіс -тәсілдерді қолданудың қажеттілігін ескеру;
білім, рухани және мәдени құндылықтар қоғамның дамуына сәйкестендіріліп, шығармашыл, рефлексивтік қабілеті, толеранттылық деңгейі мен кәсіби құзыретті тұлға қалыптасуын қамтамасыз ететін арнайы жүйе ретінде құрастыру;
Оқу тәрбие үдерісіне жүргізіп отырған бақылау нәтижелері қандай да бір білім технологиясын пайдалануға толықтай енгізу үшін оған жоспарлы, мақсатты дайындық қажет екендігін көрсетеді.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың білім алуда қандай нәтижеге алып келеді деген сұраққа былай жауап беруді ұйғарып тұрмын:
Информатика пәнінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың стратегияларының артында менің оқушыларым танымдық белсенділігін арттырды, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сезіне білді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, ұстаздың шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне сенімім кәміл.
Алдағы тәжірибем барысында міндетті түрде топтық жұмысты нығайтамын. АКТ материалдарын кеңінен пайдаланудамын, оқушыларға қыр-сырын меңгере отырып, оның қаншамалықты пайдалы екендігін түсінуде. АКТ-ңы оқушылар тез арада кең әрі тез арада ұғып. Көптеген бағдармалармен кең жұмыс жасауда.
Сонымен қоса, оқушылардың шығармашылық жұмыстары нығая бастады.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты оқушылардың жауапкершілігін жоғарылату, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Болашақта мен осы мақсатқа қол жеткізетін боламын деген мақсат етіп қойдым.
Себебі, бүкіл дүние жүзі, тек білім саласы ғана емес, қоғам өмірінің барлық салаларыында: әлеуметтік, экономикалық, қала берсе индустрия мен қорғаныс салалары жаңа технологияларды қолданып, өзгерістер туып отырған жағдайда, білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды барлығымызға түсінікті. Инновациялық (жаңашыл) педагогикалық іс - әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама – қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталса, өзімнің бұл өзгерістен тыс қалмауым заңдылық деп білемін.
Педагогикалық жаңалық – жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы деп түсінемін. Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарының бірі – сын тұрғыдан ойлау қабілеттілігін дамыту деп есептеймін.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеінің біліктілігін арттыру курстары «Тәжірибедегі рефлексия» жеті модуль контекстінде қарастырылған бағдарламасы менің тәжірибемнің біржолата өзгеруінің негізігі себепшісі болды деп толық сеніммен айта аламын. Дәстүрлі сабақ беру әдісінен бас тарту – ең басты жетістігім деп білемін. Шеберлігімнің деңгейі бір саты тағы да жоғарлады деп айтуға толық негіз бар.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің
жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Сыншылдыққа өзін-өзі сезінудің қалыптасуының, жеке тұлғаның инттеллектуалдық дамуының, ғылыми дүниетанымы орнығуының негізі болатын дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауды дәйектеп-дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін танып-білу арқылы информатика пәнін үйретуге, оны сүюге дағдыландыруға болатынын аңғардым.
Тәжірибе барысында менің зерттеуімнің аясында А,В,С – категориясындағы оқушылар болды. Олардың білім деңгейі мен үлгерімі тәжірибе алдында 60%, 50% және 40% құраса, тәжірибе барысында 5-7%, тәжірибе соңына қарай 10-12% өскені анық көрінді. Кесте бойынша көруге болады.
кесте (тәжірибеден бұрын)
Сабақ саны Оқушылардың жауабының мазмұныПайыздық көрсеткішСабақ 1 Толығымен меңгерді33%
Қиыншылық тудырды39%
Түсінбеді28%
кесте ( тәжірибе барысында)
Сабақ саны Оқушылардың жауабының мазмұныПайыздық көрсеткішСабақ 1 Толығымен меңгерді37%
Қиыншылық тудырды36%
Түсінбеді27%
3- кесте ( тәжірибе барысында)
Сабақ саны Оқушылардың жауабының мазмұныПайыздық көрсеткішСабақ 4 Толығымен меңгерді47%
Қиыншылық тудырды38%
Түсінбеді15%
Алдағы тәжірибемде А-оқушым мәтіндік редакторда мәін теру мен оны түзеу түсін өзгертумен шектелсе, тәжірибеге енгізу барысында интернеттен ақпаратты алып, саралап, жауап беруге тырысты. В- категориясындағы оқушым өз ойын ашық және анық жеткізуге үйренді. Өз бетінше қорытынды шығара алуға ұмтылды. С- оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, төмен деңгейлік тапсырмаларды оңай орындап, орта деңгейлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Сонымен қатар, тәжірибеге енгізу барысында жаңашыл әдіспен өткізілген сабақтар барысында мен А, В, және С оқушыларында қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуді байқадым. Әсіресе үзбей әрі үнемі практикалық жұмыс жүргізіп, қажетті болған мәліметтерді жазып алуды әдетке кіргізді.
Міне, осы тұжырымдамаға сүйене отырып, жұмыс жасайтын болсам, менің оқушыларым үлкен өмірде өз мамандығының қас шебері болып, нырық бәсекелестігіне дайын бола алатын тұлға болуына сенімдімін. Тек тер төгу арқылы білім шыңына өрлей аламыз. Сондықтан менің әлі де алатын белестерім мен бағындыратын шыңдарым алада, оның барлығын Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеінің біліктілігін арттыру курстары «Тәжірибедегі рефлексия» қарастырылған бағдарламасын арқылы тәжірибемде жүзеге асыуына көзім жетті.
Пайдаланған әдебиеттер:
http://adister.weebly.com/ сайты.
«Сын тұрғысынан ойлау» авторы Зікір Г.Д. 2012 ж.
http://kzgov.docdat.com/docs/1126/index-659296.html Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сілтеме.
«ИНФОРМАТИКА НЕГІЗДЕРІ» журналы, 2016ж.
Топтық жұмыстан көрініс
right35052000