ТАРИХ САБА?ТАРЫНДА О?УШЫЛАРДЫ? СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ?ДІСТЕРІ


ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден-бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және дамыту. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Тарих сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту арқылы шыңдалған ойлау,кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау,күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық таныту қабілеттері арта түседі.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Мен сабақтарымда оқушылардың сыни тұрғыдай ойлауын дамыту мақсатында тиімді стратегияларды пайдалануға тырысамын.Сондай сабақтарымның бірі 9 сыныпта Қазақстан тарихы пәні бойынша 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті тақырыбында өткен сабағымда СТО технологиясының топтық жұмыс,диалог әдісі, «қарлы кесек» ойыны, т.б. әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақтың тиімділігін арттырды деп есептеймін.Білімділік: Қазақстанда кеңестік мәдениеттің орнығуы жөнінде түсінік қалпытастыру. Музыка,театр, Ұлттық операның қалыптасуы, кино өнері, бейнелеу өнерінің даму ерекшеліктерінің қандай рөл атқаратынын көрсету;Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық мәдениетімізге құрметпен қарауға үйрету, отансүйгіштікке , мәдениеттілікке тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үнтаспа, бейне баян, түрлі-түсті қарындаштар.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу.Оқушыларды санау арқылы төрт топқа бөлу:1-топ Әншілер тобы2-топ Әртістер тобы 3-топ Өнерпаздар тобы4- топ Қылқалам шеберлері тобы«Қаламсап ортада» әдісімен топ басшы сайлау.ІІ. Үй жұмысын қайталау.«Диалог әдісі»арқылы төрт топқа жуан сұрақ беріледі. Топ болып ақылдасып дұрыс жауабын айтады.1-топ.Қай жылы «Алашорда қайраткерлері» тұтқындалды, оларға қандай кінә тағылды?2-топ. 1928 жылы тұтқындар арасынан қазақтың қандай зиялы өкілдеріне жаза кесілді, қандай жаза кесілді?3-топ. Карлаг жүйесі қай жылдан бастап пайда болды, неше лагерден тұрды?Ол лагерлер қандай қызмет атқарды?4-топ. 1932 жылдың күзінде қандай оқиға орын алды, сол оқиғада қазақстандықтардың саны қанша болды және қандай жағдайға душар болды?Ой қозғау. «Көпір тапсырмасы.»Суреттер ұсынылады, оқушылар сол суреттер туралы не ойлайтыны жайлы айтады, мұғалім оқушылардың ойын қорытындылап жаңа сабақпен таныстырады.Жаңа сабақ. §25 Көркемөнердің дамуыЖоспар:1. Қазақ кеңес өнерінің дамуы.2. Драматургия және театр өнері.3. Музыка4. Опера және балет театрының дүниеге келуі5. Қазақстан әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігі6. Кино және бейнелеу өнеріЖаңа сабақ «Тұлғаны таны»1. М. Әуезов жайлы бейне ролик2. Ш.Айманов киносынан үзінді3. Ә. Қашаубаев «Балқадиша» әні4. Ә. Қастеев шығармашылығыМәтінмен жұмыс1-топ. Драматургия және театр өнері.2-топ. Музыка3-топ. Опера және балет театры4-топ. Кино және бейнелеу өнеріӘр топ өздеріне берілген тапсырмаларды оқи отырып алған білімдерін ортаға салады.Шығармашылық жұмыс.1-топ. Еңлік -Кебек пьесасынан үзінді оқу2- топ. «Менің атым – Қожа киносынан» үзінді сахналау3-топ. « Менің елім – Қазақстан» тақырыбына өлең шумақтарын шығару4- топ. «Тәуелсіздіктің – 25 жылдығы» тақырыбына сурет салу.Қорытындылау.«Қарлы кесек» ойыны арқылы әр топ бір-біріне қазақ халқының 1920-1930 жылдар аралығындағы көркемөнері негізінде сұрақтары дайындайды, әр топ тың жауабы тыңдалған соң, мұғалім пысықтау сұрақтар беріп сабақты қорытындылайды.Пысықтау сұрақтары.1- Топ. Көркемөнердің орнығуы қай қалаларда кең қолданысқа ие болды?2- Топ. «Қазақтың 1000 әні мен күйі» еңбегінің авторы?3- Топ . 1925 жылы Парижде өзінің орындаушылық шеберлігімен көзге түскен қазақ әншісі?4- Топ .Қазақ әртістері қатысқан алғашқы фильмдерді атаңдар?Рефлексия.Оқушыларға түрлі көңіл-күйдегі смайликтер таратылады, өздеріне ұнағанын ала отырып сабақтан алған әсерлерімен бөліседі Үйге тапсырма.1. § 25 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті2. Театр қайраткерлері және олардың шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет жасаңдарҚорытындылай келе, өз іс-тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт екендігін түсіндім:сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек,оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау,кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау,оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету,сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды,өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға,бір-біріне құрметпен қарауға; өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға,өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға,мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға дағдыланды деп толықтай айта аламын.Оның негізінде сабақтарымның сапасы да оқушының үлгерімі де жоғарылады деуге де негіз бар.Әдебиеттер тізімі:1.Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. 2012ж. 14 желтоқсан2.ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.3.Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.4.Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Қазақ тарихы,№3,2010ж.