?аза?стан Республикасыны? білім беру ж?йесі. (баяндама)
Орал гуманитарлық- техникалық колледжісі
Педагогика, психология кафедрасы
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»
бөлімінің оқытушысы Бексариева Жазира Сабетбековнаның
Баяндама тақырыбы:
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
Жоспары
І- бөлім. Кіріспе..
ІІ- Негізгі бөлім.
Білім беру жүйесі туралы ұғым, мәнi, мiндеттерi және принциптерi
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
12 жылдық білім беру
12 жылдық оқу тұжырымдамасы.
Кәсіби деңгейдің дамуы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Білім беру жүйесі.
ІІІ-Қорытынды бөлім.
І- бөлім. Кіріспе.
Мемлекеттік білім беру мекемелерін немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын куәландыратын құжат беріледі. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс – әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс – әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол – сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады.
ІІ- Негізгі бөлім.
Қазiргi өскелең өмiр талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Бiлiм беру – бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейiн және кәсiби бiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге бағыттал£ан тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз процесi.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
12 жылдық білім беру
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);
мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Кәсіби деңгейдің дамуы
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Кез келген елдің білім жүйесіне енетін оқу-тәрбие мекемелері:
-мектепке дейінгі тәрбие;
-жалпы орта білім;
-мектептен тыс оқыту және тәрбие;
-бастауыш кәсіптік білім;
-орта кәсіптік білім;
-жоғары кәсіптік білім;
-жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім;
-қосымша кәсіптік білім;
Қазақстан Республикасында жастарға бiлiм беру процесi халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетiне, экономикасына және саяси өмiрiне негiзделiп iске асырылады.
Бiлiм беру жүйесiнi¡ негiзгi мiндеттерi:
жеке адамның рухани және күш -қуат мүмкiндiктерiн ашу, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, әрбiр адамды дамыту үшiн жағдайлар жасау;
азаматтықты, үйелменнiң, халықтың, қоғамның және мемлекеттiң алдындағы жеке адамның құқылары мен мiндеттерiн ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өмiрiне қатысу қажеттiгiн тәрбиелеу;
республика тұрғындарына жалпы және кәсiптiк бiлiм алу үшiн мүмкiндiктер жасау;
жеке адамның шығармашылық қабiлеттерiн және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
қазақ халқының мәдениетi мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшiн жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттiк принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi:
2) әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық – физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi;
3) бiлiм берудiң зайырлы сипаты;
4) жеке адамны¡ бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi; оқу мен тәрбиенi¡ бiрлiгi;
6) бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
7) бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiлiгiн кеңейту;
8) бiлiм берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты;
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңы президентімізН Ә Назарбаевтың үкімімен 2007 жылдың 27 шілдесінде қабылданды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы «Білім туралы» Заңының12-бабында білім берудің 7 деңгейі көрсетілген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;2) бастауыш білім беру;3) негізгі орта білім беруді;4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық жәнекәсіптік білім беруді);5) орта білімнен кейінгі білім беру;6) жоғары білім беру;7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.
30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу отбасында және (немесе) мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрінде жүзеге асырылады.Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
114300311150031-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін ұйымдардың негізгі түрлері мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы оқу процесі оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын теориялық сабақтарды және өндірістік оқытуды қамтиды.
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрі колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
34-бап. Жоғары техникалық мектептер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.
35-бап. Жоғары білім беру. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрлері университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер(консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) болып табылатын жоғары оқу орындарында іске асырылады.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.Ғылыми және педагог кадрларды даярлау жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың магистратурасы мен докторантурасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі оқыту нысаны бойынша шет елдердің жоғары оқу орындарына "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын оқуға жіберу арқылы жүзеге асырылады.
37-бап. Қосымша білім беру. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қосымша білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, өндірісте және мемлекеттік ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының педагог және ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының білім беру ісінде жеке тұлғаны дамытуға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің 80%-дан астам мемлекеттерінде орта білім беру он екі жылды қамтиды. Ол ғылым мен қоғамның әр түрлі саласында жаңа технологияларды кеңінен пайдалануынан туындаған жағдай. Қазақстан Республикасында да әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруінен жоғары динамикалы жаһандану дәуірінде ойлау мен қарым-қатынастың қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісі мен әл-ауқатының өзгеруіне байланысты он екі жылдық оқуға өту мәселесі туындаған. «Қазақстан Республикасында он екі жылдық білім беру тұжырымдамасы» жалпы орта білім берудің мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру ұстанымдарын және бағыттарын бейнелейтін негізгі құжат болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты – он екі жылдық мектеп жағдайында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту және даму стратегиясын айқындау.
Міндеттері:
1.Он екі жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсету.
2.Қаржылық экономика негіздерін дайындау.
3. Осы тұжырымдаманың нәтижелерін анықтау.
Қазақстан Республикасының он екі жылдық білім беру бағдарламасы үш сатыдан тұрады:
Бірінші саты – жалпы орта білім беру 1-4 сынып аралығы. Оқу бастау жасы 6 жас, оқыту ұзақтығы 4 жыл. Негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі тану мүмкіндігі, қоршаған ортаны тану, баланың тұлғалық қалыптасуы, бастауыш мектепке қажетті біліктер мен дағдыларды игеру, яғни оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтері және жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізінде оқу.
Екінші саты – жалпы орта білім беру 5-10 сынып аралығы. Оқу ұзақтығы 6 жыл. Негізгі бағыттары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау. Адамдар арасындағы және этнос аралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын қалыптастыру. Негізгі мектеп оқытуда бейімдік мектепке немесе кәсіптік мектепте білімін жалғастырудың базасы болып есептелінеді.
Үшінші саты – жалпы орта білім беру 11-12 сыныптар. Ұзақтығы 2 жыл. Негізгі бағдары – оқытудың саралануы және даралануы, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін, әлеуметтендіруге бағдарланған бейімдік оқытуды іске асыру. Бейімдік, жаратылыстану технологиялық бағыттар жүзеге асырылады.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын, тәжірибесін ескере отырып Қазақстан республикасының білім беру мазмұнының құрамына сегіз білім сапасы енгізілді. Олар: тіл және әдебиет, математика, жаратылыстану, қоғамтану, технология, өнер, денешынықтыру және адамтану. Осы білім беру саласының мазмұны – мемлекеттік, базистік оқу жоспарында қарастырылған пәндер арқылы іске асады.
Он екі жылдық білім берудің тағы бір құрылымы – 2-сыныпта информатика, ағылшын тілін оқиды. Оқушылар осы 2-сыныпта аттестациядан өтеді. Негізгі сағат саны азаяды. 5-10-сыныптарда негізгі білім – бағдарлы пәндерді енгізу. 11-12-сыныптарда негізгі білім – ресурсты орталық – білімді ұйымдастыратын орталық. Бағдарлы пәндер қалып қалған пәндер азаяды.
ІІІ-Қорытынды бөлім.
Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Тәрбие жоқ жерде білім жоқ, білім жоқ жерде тәрбие жоқ.
Ата – бабаларымыз айтқаны сияқты мақал – мәтел де:
Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар.
Білім алу – ине мен құдық қазғандай.
Оқу – білім бұлағы
Білім – өмір шырағы. т.б.
Білім ол педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Әрбір педагог өзінің не үшін педагог болатының жақсы білуі тиіс өйткені әрбір педагог келешекте үлкен қол жеткізетін маман иесін шығаруы тиіс.
Білімді үйреніп басқаларға үйрету тек ғана педагогтың мінтеті ғана емес, ол әрбір азаматтың парызы.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс – әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі.
Пайдаланылған әдебиеттер
“Білім туралы” ҚР заңы, 1999 жылғы 7 маусым №389-1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі, 2004, N2, -бб.3-16.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. -Астана, 2004. -38 б.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 1998, 378 б.
Сағындықұлы Е. Педагогика. Лекциялар курсы. –А.: 1999.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. –А.: Дарын. –2004.
Нұрғалиева Г.К.. Оқыту әдістері. – А., 1991.
Хмель Н.Д.. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы. Мектеп, 1984.
Иванова Н.Д., Қозғамбаева Қ.. Оқыту процесі оның мәні. А. 1991.
Айтмамбетова Б. Оқыту процесін ұйымдастыру. А. 1991.
Махмудов М.Н. Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру. –А., 1981.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. – М: ИОШ РАО, 1994-288с
Әбілқасымова А.Е., Көбесов А.К., Рахымбек Д., Кенеш Ә.С. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.- Алматы “Білім” 1998.
Гершунский В.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы.–М: Педагогика 1987 – 264с.