?зін-?зі тану м??аліміні? к?сіби шеберлігі. Баяндама


Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби шеберлігі.
«Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз  педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам  мұғалімін  «рухани адамгершілігі жоғары,азаматтық жауапкершілігі мол,белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым,экологиялық білімді,шығармашыл тұлға,өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін бағамдайтын әлеуметтік,тұлғалық, коммуникативтік,ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген  құзырлығы жоғары маман» деп сипаттайды.
Осы тұрғыдан алып қарағанда  маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі.Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әректі күшейтіледі,екіншіден,білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім,біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың,ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді,үшіншіден,ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
М.Чошанов кәсіби құзырлықты «кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болуы» деп түсіндіреді.
Біріншіден,құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп,үнемі білімді толықтыруды ұсынады.
Екіншіден,құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес,білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді.Сондықтан компетентті маман жағдайға  байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы болып табылады.
Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.
Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:
- білімнің жұмылдырылуы,білімді пайдалана білуі:
- әдістердің икемділігі:
- сыни ойлауы:
- шешімді қабылдау іскерлігі,біліктілігі.
Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы,әлеуметтік және тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:
 
                                                  Кәсіби құзырлылық
АрнайыӘлеуметтік Тұлғалық
Өзінің мамандығына сәйкес білімі,біліктілігі,дағдысы,жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру,өз еңбегінің нәтижесін бағалау,біліктілігінің болуыТіл туралы білімнің,коммуникативті мәдениетінің,топтың іс-әрекеке,басқаман ынтымақтастыққа қабілеттілігінің,өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне,қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуыӨзін-өзі тану бойынша біліктілік,дағдысының,кәсібін үнемі жетілдіруге,өзін-өзі белсендіруге,рефлексияға,кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуыөзінің саласынасұранысы бар кәсіби маман 
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:1.Тұлға аралық және еңбектегі байланыс.2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.6.Тиімді шешім қабылдау қабілеті.«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
      "Өзін-өзі тану" пәні мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән болғанымен, ата-аналармен мектеп оқушыларымен "білсем, үйренсем, көрсем" деген ынта тілектерінің өз ішкі сезімдеріне қозғау салып, әр сабақты асыға күтетін деңгейге жетті. Бұл деңгейге жету үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Әдіс-тәсілдерді пайдалана білудің нәтижесі. Сабақ өткізуде әдістемелік құралдағы берілген сабақ жоспарымен таныса отырып, ең алдымен әңгімелеуге берілген мәтінмен танысады. Мәтін мазмұнының балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі анықталады. Ал кейбір тақырыптарда әнгімелер өзгертіліп, әдіс-тәсілдерді де сол мәтін бойынша қолданылады.