Заманауи т?рбиеші ?андай болу керек


МҚКК «Алтын дән» балабақшасы

Эссе тақырыбы: «Заманауи тәрбиеші қандай болу керек»?

Тобы: «Құлыншақ»
Орындаған тәрбиеші:Әбдікенова Б.Т
2015-2016 оқу жылы
Заманауи тәрбиеші қандай болу керек?
(Эссе)
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»
Абай Құнанбаев.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндерТәрбиеші болу- шеберлікті,икемділікті,жан-жақты білімділікті,ерекше мейірімділікті,шыдамдылықты,жауапкершілікті қажет ететін мамандық.Заманауи тәрбиеші ХХI ғасыр-білім ғасыры. Оқып,білім алу жас ұрпақтың бірден-бір міндеті. Ес біле балабақша табалдырығын аттайтын бүлдіршін санасы таза ақ парақ секілді. Не берсеңіз,соны қабылдайды. Не айтсаңыз,сол әрекетті бұлжытпай орындайды. Балалардың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан зор. Тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де тәрбиешінің еншісінде.
А.Байтұрсынов өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде былай деп жазды: ...педагог қандай болса,мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, тәрбиеші білімді болса,ол балабақшадан балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң,ең әуелі балабақшамызға керегі-білімді,методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін , дұрыс тәлім-тәрбие беретін - қазіргі заманға сай бағыт-бағдар алып , балаларды осы заманға сай тәрбиелей алатын - тәрбиеші.
Қай кезде болса да алдыңғы қатарлы ойшыл адамдар тәрбиеші еңбегін жоғары бағалап, оның қоғамдағы рөлін құрметті де маңызды деп санаған. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: «...тәрбиеші өзін өткен мен болашақтың арасында тірі дәнекермін, шындық пен жақсылықтың құдіретті жауынгерімін деп біледі және ол өз ісін сырт қарағанда қарапайым екендігін, бірақ тарихтың ұлы істерінің бірі екендігін, бұл іспен көптеген ұрпақтар нәр алатынын түсінеді» деп жазды. Еңбектеген баладан ғұлама ғалымға дейін ұстаз алдынан өтеді.
ХХI ғасырдың нағыз тәрбиешісі ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін ,ерекше талапты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ тәрбиеші күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп,болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да тәрбиешіні әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
Қазіргі заманғы тәрбиеші- бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен,яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады. Осы жаңа ғасырдағы кәсібимаманның бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық,сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау, ілтипаттылық, мейірімділік.
Тәрбиеші маманымен дәрігерді салыстырып көрелік. Дәрігер баланы тексеріп алмай, диагноз қойып қателесуіне құқығы бар ма? Жоқ,құқығы жоқ. Сол сияқты тәрбиеші маман да баланы алдын ала зерттеп алмай оған тәрбиелеу мен дамыту әдістерін қолдана алмайды. Бастысы әр баланы зерттеп, зерделеп алып, мінез-құлықтарындағы ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу.
Ал,енді «Заманға сай тәрбиеші қандай болу керек?»Заманауи тәрбиешінің алдында тұрған басты міндет- балабақшадағы барлық балаларға бірдей көзқараспен қарап, заманға сай білікті ұрпақ тәрбиелеу. Не меңгеру қажет? Заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеріп, білімін жетілдіріп отырады. Адамгершілік қасиетті бүлдіршін бойына сіңіру-ол біздің басты міндетіміз.
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл-ой мен тәжірибені өскелен өмір талабына жеткізуін,халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді. «Заманға сай тәрбиеші-ол өзіне артылған ауыр жүктің салмағын сезінген тәрбиеші, өз ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын тұлға. «Заманға сай тәрбиеші » деген ұғымның тобықтай түйіні- өз кәсібінің майталманы, қазіргі ұрпаққа қажетті тәлім-тәрбие беретін , заманға сай технологияларды меңгерген, салиқалы ұрпақ тәрбиелейтін ,терең білім мен адамгершілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірген-тұлға.