Міндетті ж?не жеке топты? саба?ты? та?ырыбы ?ш би. 2 «В» сынып
Мерзімі: 26.09.16 ж
Мұғалімі: Бакишева Ж.Т
Инклюзивті сынып: 2 « В »
Пәннің аты: міндетті және жеке топтық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Үш би.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға би, шешен сөздерін, өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой - пікірін айта білуге баулу,Тәрбиелік: Жан - жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу;Сабақ типі: аралас сабақӘдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгіме әдістері.Сабақтың көрнекілігі: оқулық, АКТ, слайдПәнаралық байланыс: математика, дүниетану.Сабақ барысы:I Ұйымдастыру кезеңі:II Психологиялық дайындық кезеңі:1, 2, 3 ,4, 5- Балалар, мен тақтаға нелерді жаздым? (сандар, цифрлар)Дұрыс айтасыңдар, бұлар – сандар (цифрлар). Бұл цифрлардың біз үшін маңызы не?(Бұлар - бағалар)- Қанадай баға жақсы?
Бағалардың қасиетін білеміз бе?«Бір»дегенім жаман баға,Алады оны жаман бала.«Екі»дегенім нашар баға,Інішегім нашарлама.«Үш»дегенім орта баға,Сапасы да орта ғана.«Төрт»дегенім жақсы баға,Алады оны жақсы бала.«Бес»дегенім үздік баға,Оқитын бол үздік қана.- Өте жақсы, балалар, олай болса, бәріміз сабаққа белсенді қатысайық.
III. Білімдерін жан - жақты тексеру кезеңі:Топтастыру әдісі.- Балалар, суретке қараймыз.
Гүлдің суретіне қатысты сұрақтарқойып, топтастыру.
-Не? (гүл) зат есім
-Қандай? (ақ, әдемі) сын есім-Нешеу? (бір) сан есім
Ережелерді айтқызу, мысалдар келтіру.Оқулықпен жұмыс.136 - жаттығу.
Берілген сандарды сөзбен жазу.11, 12, 13, 14
- Балалар, бұлар қандай сандар?- Екі таңбалы сандар қалай жазылады?- Қалай сұрақ қоямыз?
137 - жаттығу.
Сұрақтарға жауап беру. (ауызша орындалады)- Атың кім?- Неше жастасың?- Қай сыныпта оқисың?- Балаларға қай сұрағын тағы қандай сұрақпен алмастыруға болады? /нешінші ?/ Сергіту сәті: « Қарлығаш » музыкасына билеу. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып - ұшып алайық, Орнымызға қонайық.
IV. Жаңа сабақ:
Үш би
1095375topМа ғынаны тану кезеңі (тақырыппен жұмыс)- Балалар, би, шешен деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?(Оқушылардың ой пікірін тыңдап, толықтырып, жан жақты мағлұмат беру)- Қазақ халқына тән ең бір атақты, аяулы өнердің бірі – шешендік
– Шешен деп – алғыр ойлы, тапқыр тілді, сұңқар үнді адамды айтады.
Би, шешендер- халықтың ынтымағын, бірлігін сақтауда, елін, жерін қорғап, халықтық намысымызды, ұлттық салт - дәстүрімізді сақтап, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген.
Ел аузында:Төле тауып айтады,Қазыбек қазып айтады,Әйтеке жарып айтады, - деген сөз бар.
Оның мәнісі:
Төле би – ақылды, әділ адам болған.
Қазыбек би – шешен, тапқыр, батыл кісі болған.
Әйтеке би- шешендігімен қоса ел билеген кісі болған.
Үшеуі де – халық қамын ойлаған кісі болған.Оқулықтағы Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқыту. Мәнін түсіндіру.- Балалар, өздерің ататектеріңді білесіңдер ме?
Қай рудан шыққандығын, қай жүзге жататынын сұрау.- Төле би- Ұлы жүзді,
Қазыбек би- Орта жүзді,
Әйтеке би -Кіші жүзді басқарған.
Ой толғаныс кезеңі:V Сабақтың қорытындысы.«Бәйтерекке көмектес» ойыны.- Балалар, қазір қай мезгіл?
Көктем мезгілінде тіршілік жасыл түске енеді, ал мына бәйтеректің жапырақтары әлі сарғайып тұр. Бәйтеректі жасыл түске жайқалтуға білімдерің жете ме көрейік.
Әр жапырақтағы сұрақтарға жауап беру.
1. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
2.«Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім ?
3.«Адам болам десеңіз» өлеңінің авторы кім?4. Бес асыл қасиеттерді ата
5. Бес дұшпанды ата
6.Тудың авторы кім? 7. Елтаңбаның авторы кім?
8. Әнұранның авторын ата.
9. Зат есім.
10.Сан есім.
11.Сын есім.
12. Іс қимылды білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді ?
13.Ер қаруы – бес қару.
14.Қыс туралы тақпақ айт.
lefttop15.Көктем туралы тақпақ айт.
16. Шешен туралы мақал айту.
17. Хан туралы мақал айту.
18.Батыр туралы мақал айту.
/ Психологиялық-медициналық-
Педагогикалық консилиум төреағасы: Г.Абеуова /
Бағалау: смайликтер арқылы бағалап, марапаттау.