Таби?ат адам ?шін жаралыпты
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар тіршілік табиғаттан таралыпты»
Мақсаты: Оқушыларға жалпы табиғат туралы, оның ішінде құстар, жануарлар, өсімдіктер туралы түсініктерін кеңейту, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, туған өлкеміздің табиғатын мейірімділікпен, қамқорлықпен қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқушылар шығармалары, слайдтар.
Барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, Табиғат дегеніміз не ?
- Оған нелер жатады ?
- Иә, жарайсыңдар!
Табиғат – бұл өте үлкен ұғым. Табиғат адам игілігі үшін жаратылған жаратылыстың сыйы. Біздің тақырыбымыз да шыққыан.
Табиғат – тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Осы тіршілік атаулының ішінен біз құстарды, жануарларды, өсімдіктерді бөліп алып қарастырамыз.
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық сыйын.
I . « Құстар » тобы
Жер шарының әр түкпірінде құстардың қоныстануы бірдей емес. Қанаттылар түріне Орталық және Оңтүстік Америка бай. Колумбияда 1700 ,Бразилияда 1440,Эквадорда 1375 құс бар. Құс түрінің ең аз кездесетін жері Жапония, онда 425 құс тіршілік етеді. Жалпы дүние жүзінде 8600-дей құс бар.
Аққу – қардан аппақ құс. Аққу көз тоймайтын сұлулық рәмізді. Ол 30-40 жыл өмір сүреді. Құстың жауы – жылан да аққудың жұмыртқасына тиіспейді екен. Аққулар басқа құстардай бажылдасып, шақ-шақ етіп бажылдаспайды, олар өте тату. Аққу жүзіп келе жатқанда көл-бетінен қаз-үйрек шетке ысырылып жол береді. Бұл сұлулыққа табыну шығар.
Тауыстың ғажап көркі ертеден адамды қызықтырған. Ол әдемі құс.Ол Үндістан жерінен, Оңтүстік теңіз аралығынан әкелінген. Олар 5-6 жұмыртқа салады. Ұя басып жатқанда орнынан тапжылмайды.
Қарлығаш қай кезде де сүйкімді құс. Ол кеш келіп, ерте қайтады. Қарлығаш бір жылда 1 млн құрт жейді . Жер бетінде аңызы жоқ әдебиет бар ма? Сол сияқты әр адамның өз қарлығашы болады. Ол жатсаң да, тұрсаң да сенімен бірге болады, саулық тілеп, қауіп-қатерден сақтап жүреді. Адамдар үй салуды да қарлығаштан үйренген.
Дуадақ басы, мойны сұр, арқасы жирен, бауыры, қанаты ақ, салмағы 6 кг, денелі, иықты құс. Ол 1800-2000 м дейін ұшады. Зиянкес жәндіктер мен арам шөптермен қоректенеді. Дуадақтың еті дәмді болғандықтан, оны көп аулаған. Сол себепті саны азайып кеткен. Дуадақты қорғау үшін, оның санын көбейту үшін қолдан келген күштің бәрін салу керек.
Құрқылтай өзі бір кіп-кішкентай құс. Қолға салмағы білінбейді. Момын, еңбекқор. Ерте қоразы келіп ұя салады. Ұясы бұтаға іліп қойған биялай секілді.
Тарғақ – жыл құсы. Оның салмағы 170-250 г , аяғы ұзын, қимылы ширақ. Оның жұмыртқасында сепкіл бар. Оның жұмыртқасын жарсаң , бетіңе сепкіл пайда болады. Ол « Қызыл кітапқа » енген құс .
Тырна – өте сақ құс. Ол су құсы. Ол су қатқанда, күздің соңына қарай қайтады. Аспанда топ болып , тізбектеліп ұшады. Қар еріп, сай-сала суға толғанда, көктем жаршысындай тыраулап тырна келеді.
Қара торғай өзі кіп-кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Қара торғай келісімен қабағы ашылмаған аспан ашылып, күн жылынады. Сүйкімді, адамға үйірсек. Алақанға жем беріп, аз күн аяласаң, үй маңынан шықпайды. Жаз бойы 4 млн құрт жейді.
II . « Жануарлар » тобы.
Табиғаттың келесі туындысы – жануарлар . Халқымыз көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылық жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Олар далаға ажар берген.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім.
Медицинада ақбөкеннің мүйізі мен еті бағалы . Сондықтан оны көптеп аулап, санын азайтқан. Қорғауға алынған жануар.
Ақ қоян – орқоянға ұқсас, денесі шамалы кішілеу, салмағы 3-4 кг. Олар көбінесе барлығы бірге жүреді. Қыста терісінің түсі, бояуы ағарады. Сондықтан оны « ақ қоян » деп атайды. Негізгі жаулары –қасқыр, түлкі, аңшылар.
Қоңыр аю – Тянь-Шань аюынан ірі , ұзындығы 2 м, салмағы 250 кг, қара қоңыр түсті. Олар қазан - қарашадан , наурыз - сәуірге дейін ұйықтайды. 30 жыл өмір сүреді. Шөппен қоректеніп, сиыр сияқты жайылады. Терісі, еті үшін ауланады. «Қызыл кітапқа » енген жануар.
Қарақұйрық – сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұп тұяқты жануар. Денесінің ұзындығы – 1 м. Шөлге өте шыдамды. Қарақұйрықтың жаулары –касқыр , түлкі, қыран, бүркіт және адам. « Қызыл кітапқа » енген жануар.
Үстірт арқары – дене пішіні орташа, ұзын аяқтары бар, жабайы қой. Ол өте елгезек, тік жардан тез түсіп , тез шығады , биік жерден төменге қарай оңай секіреді. Жаулары – қасқыр және аңшылар. «Қызыл кітапқа » еніп, қорғауға алынған.
Қабылан бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген. Бүгін де бұл жерлерде жойылып кетті деген дерек бар. Санын көбейтіп, қорғау жұмыстары жүріп жатыр. « Қызыл кітапқа » енген жануар.
Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кеміп бара жатыр. « Қызыл кітапқа » енген , қорғауға алынған.
III . « Өсімдіктер» тобы
Қазақстанда кездесетін жоғары сапалы өсімдіктердің саны 6000-нан асады. Мұның көпшілігі Қазақстанның таулы жерлерінде кездеседі. Солтүстік Гренландияда небәрі 390 түрлі өсімдік бар, ең шөлейт жер Сахарада 300-дей, ал Бразилияда 40000 , Үндістанда 21000 , Қытайда 20000 , Африкада 1300 өсімдік түрі кездеседі.
Итмұрын – далада, өзен жағасында, тау ормандарында өседі. Оның тікен басқан жапырақтары бар. Ол бауыр, бүйрек ауруларына шипалы, онда С дәрумені бар.
Бақбақ – дәрілік , шипалы өсімдік. Дәрі жасау үшін тамырын күзде жинап алады. Онда С және В2 дәрумені бар, асқазан жұмысын жақсартады.
Жусан – биіктігі бір метрге жететін, өзіне тән иісі бар, сұр түсті, көп жылдық өсімдік. Шілде, тамыз айларында гүлдейді. Тұнбасы ас қорыту жұмысын жақсартады.
Меңдуана күй талғамайды. Суда да ,батпақта да, ойда да, қырда да өседі. Мамыр , тамыз айларында гүлдейді. Тіс ауруына шипалы.
Адыраспан – көпжылдық , иісі өткір өсімдік. Оның дәрі ретінде шөбі пайдаланылады. Қазақта оны ырым етіп те қолданады.
Үндістанда ,Индонезияда , т.б. тропиктік елдерде нанағаш өседі. Әрине, онаң бұтақтарында тоқаш та, батон да ,салбырап тұрмайды. Алайда, пішіні домалақ әрқайсысының салмағы 30 кг-дай, ап-ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар оны күлге көміп ,күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.
Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар.Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяқтарын жасайды. Бұл өсімдіктің аты – бакбук. Дүниедегі ең биік шөп – осы. Бамбук күніне жарты метрдей өседі.
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – эвкалипт .Ол Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 м. Оның алыптығы сондай, баяғыда кедей адам сол ағаштан өзіне үй жасап алыпты.
Дүниедегі ағаш атаулының қаттысы – темір ағаш. Кавказда оны «Самшит» деп те атайды. Оған пышақ та, балта да өтпейді. Темірағаштың кейбір түрлерінен машинаның кейбір бөлшектерін жасайды. Бейне нағыз темірдің өзінен жасалған сияқты көрінеді.
Америкадағы ең биік ағаш – секвойя. Қайсыбір жылдары үндістер секвойяның діңін тесіп, үлкен ойық – ұзындығы 9 метрлік туннель жасапты. Оның алыптығы сондай, одан қазіргі жүк машиналары еркін өте алады екен. Ал кәрі секвойяның түбірі би алаңын жасауға жарапты.
Ең аумағы үлкен ағаш – бәріміз білетін фикус тұқымдас – баньян ағашы.Оны тоғай деп те атайды. Себебі баньянның діңі біреу емес, бірнешеу. Оның жас шыбықтары жан-жаққа бұтақтарын жаяды. Ең үлкен баньян ағашының 4 мыңнан астам діңі бар екені анықталды.
Шұжық ағаштың ұзындағы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша , ол жемістер жеуге жарамайды.
Сүт ағаш Бразилияда өседі. Оны сиыр ағаш деп те атайды. Бұл ағашты сауу үшін қабығын тіліп жіберу керек.Түсі сүт сияқты аппақ болады , дәмі де сүтке ұқсас.
Конфетағаш Үндістанда, Жапонияда , Қытайда өседі. Күнге кептірілген жемісі кәдімгі конфет сияқты дәмді де ,тәтті.
I Мұғалімнің сөзі
II Құстар тобы Құстардың пайдасы бар ма ?
III Жануарлар тобы Жануарлардың пайдасы бар ма ?
IV Өсімдіктер тобы Өсімдіктердің пайдасы бар ма ?
Енді осыларды қалай қорғаймыз ?
Өсімдіктерді ,жануарларды ,құстарды қорғау барысында қорықтар құрылды.
Ақсу Жабағылы 1927 ж. ұйымдастырылды. Оңтүстік-Қазақстан облысында 85,4 мың га жерді алып жатыр.
Наурызым 1934 ж. ұйымдастырылды. Қостанай облысы ,Наурызым ауданы 87,7 га жер .
Алматы қорығы 1961 ж. құрылды.71,7 га жерді алып жатыр.
Барсакелмес қорығы 1939 ж. Аралда 16,8 га жерді алып жатыр.
Қорғалжың қорығы 1968 ж. Ақмола облысында 259 га жерді алып жатыр.
Марқакөл қорығы 1976 ж.75 мың га жер алып жатыр.
Үстірт қорығы 1984 ж. ,223,3 мың га жерді алып жатыр.
Батыс Алтай қорығы 1992 ж. 56 мың га жерді алып жатыр.
Алакөл қорығы 1998 ж., 20,7 мың га жерді алып жатыр.
Қызыл кітап шығарылды.Ол 1974 жылы шықты.Онда жойылып кеткен , жойылу қаупі бар өсімдіктер, жануарлар мен құстар есепке алынып тіркелді.
I топ Сен білесің бе ?
II топ Ең, ең, ең . . .
III топ Халық болжамдары.
Сөзжұмбақ. Тақырыбын тап.
I топ. «Қаздар қайтқанда» әні
II топ. «Қарлығашым» әні
III топ. 1)Көрініс көрсету. «Бақша ағаштары» Ы.Алтынсарин.
2)Көрініс «Құмырсқа,өрмекші,қарлығаш» Ы.Алтынсарин
1. Шығарма оқу.
2. Сурет бойынша әңгіме.
3. Би.
Қорытынды.
Оқушыларға табиғатқа деген жылы , ыстық лебіздерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.
Сақтайық жұрт, даламыздың сән-көркін,
Самсаған кұс, асыр салсын, аң еркін.
Жайнай берсін, нулы көлдер,ормандар,
Балаларым , игілігің сендердің.