А.Байт?рсынов А?ын ініме ?ле?і


Мерзімі:
Сыныбы: 7 «В»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Ақын ініме» өлеңі
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу жасау, «Ақын ініме» өлеңінің идеясын ашу, әдеби-теориялық талдау жасау. Өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру.
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Мақсаты Уақыты
Қызығушылықты ояту Психологиялық жағымды ахуал тудыру. Сыныпты топқа бөлу. «ДЖИК СО» әдісі арқылы Ахмет Байтұрсынов туралы білетіндерін постерге жаздырамын . Топтық, жеке жұмыстар жүргізу арқылы ортақ шешімдерін ортаға салады., жобаларын ауызша қорғап шығып, өзгелердің пікірімен салыстырады. Ақын туралы осыған дейінгі білетін мәліметтерін постерге түсіреді, Жазғандарын топ ішінде талқылап, ортаға шығып қорғайды. Сыныптастарының білетін мәліметтерімен танысады, ДЖИКСО әдісі арқылы берілген тақырыптарға әр топ өздері білетін мәліметтер бойынша постер жасау. Топ ішінде талқылау, таныстыру 10
Мағынаны ажырату АКТ-ны пайдалана отырып Ахмет Байтұрсынов туралы қосымша мәліметтермен таныстырып өтемін. Оқушылардың қолына «İNSERT» әдісі бойынша жасалған кестелер таратылады, Ахмет Байтұрсынов туралы білетіндерін, үйренгендерін, білмейтіндерін жазып шығады. Әр топқа жекелеген тапсырмалар беру арқылы «Ақын ініме» өлеңін талдату. «İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы» бойынша жұмыс жасайды, топ ішінде талқылайды.
Әрбір топ өздеріне берілген тақырыптар арқылы өлеңді жан-жақты зерттейді, талқылайды, таныстырады.
Кеңейтілген тапсырмалармен жұмыс жасайды. Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін түртіп алу стратегиясы бойынша жұмыс жасау. Өлеңді құрылымына және мағынасына қарай талдау, топ ішінде талқылау.
Кеңейтілген тапсырмалармен жұмыс жасау. 25
Ой толғаныс Сабақ барысынан «не түсінді, нені түсіне алмай қалды, не себеп болды, келесі әрекет қандай болуы керек?» деген сұрақтарды негізге ала отырып «Рефлексия» жаздырамын. Жаңа тақырыптан, «Ақын ініме » өлеңінен алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Сабақ барысында алған әсерін, түсінгенін жазып шығу, топта талдау, жариялау. 10
Мұғалімнің жазбалары:
Мынау менің жүрегім
Елімді мен сүйемін
Жақсылыққа жақын боп
Әрдайым күліп жүремін,-
өлеңін айтқызып, қимыл жасату арқылы сыныптың психологиялық ахуалын жақсартамын. Түрлі-түсті қағаздар тарату арқылы сыныпты топқа бөлемін.
«ДЖИК СО» әдісі арқылы топ ішінде жұмыс жасау үшін төмендегі тапсырмалар беріледі:
Өлеңді құрылымына қарай талдау жасау.
Өлеңді мағынасына қарай талдату.
Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды анықтаңдар. Ирониялық екпін түсетін етістіктерді тауып, болымсыз түрге айналдырыңдар да, өлең мазмұнының өзгерісіне көңіл аударыңдар.
С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңімен ұқсастығын анықтау,құрылымына, мазмұнына қарай талдайды, жариялайды. (Венн диограммасы)
Дарынды және талантты балаларды анықтау барысында кеспе қағаздарды таратамын.
І. Сәйкестендіру тесті
«Оқу құралы» қай жылы жарық көрген? 1882—1884 жж.
Ахмет қай жылдары ауыл мектебінде оқыды? 1937 жылы
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында қай жылы жарық көрді? 1909 ж.
Ахмет қай жылдары Алаш Орда қатарында болды? 1912 жылы
Ахмет Байтұрсынұлы қай жылы «халық жауы» есебінде тұтқындалып, ату жазасына кесілген? 1918-19 жж.
ІІ. Сұрақтарға жауап бере отырып тапсырманы орында
Ахмет Байтұрсыновтың алғашқы өлеңдер жинағы.................................................................................................................................. Ахметтің «Оқу құралы» кітабы
........................................................................................................................................................................................................................
Ахмет Байтұрсынұлы қалай жазаланды?..................................................................................................................................................
ІІІ. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері туралы эссе жаз.
«Соңғы бес минут»» әдісін қолданып сабақты қорытындылау барысында мына сұрақтарды негізге аламын:
1. Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы, міндеті қандай болуы керек екенін Ахмет Байтұрсынұлы қалай ағартуға тырысады?
2. Өлеңнің соңғы шумағына ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Сабақ соңында топтар бір-бірін «Бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақтың сәтті тұстары:
Сабақтың сәтсіз тұстары:
Нені өзгертемін: