Презентацияларды ??ру. Безендіру шаблондары.(6 сынып)


Информатика – 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар слайд жасақтап, презентацияларды құру мен безендіру шаблондарының жаңа мүмкіндіктерімен танысып, жұмыс істеу принципін түсінеді.
Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамытады.
Тәрбиелілік: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелейді.
Міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндеті: Power Point бағдарламасында презентацияны басқарудың мүмкіндіктерін толық игереді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Оқушы ойланып, толғанады. Зерттей отырып, жаңалықты қабылдайды. Салыстыру арқылы теориялық білімін лабораториялық жұмыста көрсете алады.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті: Өз ойларын айту арқылы бірін-бірі оқытады. Басқалардың жауабын тыңдайды. Қорытынды пікір шығарады.
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекілігі: компьютерлер, мульти-проектор, парақшалар, плакаттар.
Стратегиялар: «БҮҮ», «Өзім үшін жазу», «Топпен зерттеу», «Топтастыру»,
«Бес жолды өлең»
Бағалау: Мұғалімнің бақылауы бойынша.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру. (3 минут)
Сабағымызды бастайық. Бүгін жаңа сабақ өтеміз және жарыса отырып үй жұмысын қайталап, жаңа сабақты практикалық игеруді де жарыса отыра жүргіземіз. Ол үшін үш топқа бөлінейік:
1-топ: «Слайд» тобы
2-топ: «Дизайн» тобы
3-топ: «Анимация» тобы болсын, әр топ өз басшысын сайлап алсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
І-кезең. «Бәйге» (5-минут)
Өткен тақырыпты тексеру бөлімін «Бәйге» деп атайық. Бәйгеден қай топ озып алда келеді екенін білейік.
1. Презентация ұғымы қандай мағына береді? Латынша praesento тапсырамын немесе ағыл.present – ұсыну
2. Презентация дегеніміз не? Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну
3. Power Point программасын іске қосу үшін: Пуск-Программы-Microsoft Office- Microsoft Office Power Point
4. Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған? Microsoft Power Point
5. Әр түрлі нысандардан тұратын презентацияның құрамдас бөлігі қалай аталады? Слайд
6. Терезе элементтерін ата?
Тақырып жолағы
Стандартты/пішімдеу құралдар сайманы
Меню жолы
Слайдтардың кішірейтілген үлгісі
Жұмыс аймағы
Қалып-күй жолы
І. Қызығушылықты ояту. (10 минут)
ІІ-кезең. «Білгіш топ»
Стратегия: «БҮҮ»
Балалар, Power Point бағдарламасы туралы жалпы не білесіңдер, соны «Білетінім» графасына, бұл бағдарлама туралы жалпы не білгің келеді, соны «Үйренгім келеді» графасына жазыңдар. (3-минут)
Топ басшылары жазғандарын оқиды.
Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазыңдар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары».
ІІ. Мағынаны тану. (10 минут)
Стратегия: «Өзім үшін жазу»
Слайдпен көрсетіп, түсіндіру:
1-слайд – Презентацияны жасақтауда келесі ұсыныстар ескерілгені жөн:
Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау;
Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет;
Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек;
Слайдтарды безендіруде түстерді таңдау қажет;
Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтеулер, видеодыбыстар қолданылу ұсынылады.
2-слайд - MS Power Point - көрмелерді әзірлеуге арналған бағдарлама.
3-слайд – Дизайн - фонды таңдау.
4- слайд – Анимация –анимация таңдау – Применить ко всем
5-слайд – Переходы (Өту)– Түр таңдау
6-слайд – 1. Главная –Создать слайд
2. (Ctrl+M)
3. Enter
4. Тышқанның оң жағы-Копировать-Вставить
7-слайд – Вставка – Word Art
8-слайд – Анимация – Настройка анимация – Добавить эффект
9-слайд – 1. Показ слайдов– С начала
2. (Ғ5)
3. Показ слайдов – С текущего слайда
ІІІ-кезең. «Компьютерлер әлемі» (10 минут)
Стратегия: «Топпен зерттеу»
(Топ басшылары қорғайды)
Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”, «Атырау-туған өлкем», 9 мамыр «Жеңіс күні»
Тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
Тақырыбы
Суреті, өлең, мәтін жазу
Мазмұны
IV-кезең. «Кім жылдам?» (5 минут)
Стратегия: «Бес жолды өлең»
Ортаға топ басшыларын «Айтысқа» шақырып, «Презентация» деген бір парақ ұсынып, бес жол өлеңді құрастырту.
1. зат есім - бір сөзден
2. сын есім - екі сөзден
3. етістік – үш сөзден
4. сөз тіркесі – төрт сөзден
5. синоним – бір сөзден
Стратегия: «БҮҮ» (5 минут)
«Үйренгенім» графасын бүгінгі жаңа сабақпен толықтыру.
ІІІ. Ой толғаныс.
Слайдтарды безендіру
Қорытынды.
Стратегия: «Топтастыру»
Анимация жасақтау
бағдарлама
Power Point


Презентация дайындау

Көрме әзірлеуге арналған

Бағалау. Жеңіске жеткен топтарды бағалау.
Үйге тапсырма: «Power Point бағдарламасы» тақырыбында слайд жасау, қорғау.