Салт-д?ст?р т?рі Т?сау кесу


Тақырыбы: «Тұсау кесу» рәсімі
Мақсаты: Білімділік: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін түсіндіріп және ойын-сауық арқылы балалардың есте сақтау қабылетін дамыту.
Тәрбиелілік: Ұлттық тұрмысқа, мәдениетке,мерекеге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Топ мерекеге сай әсем безендірілген, ән ойнап тұр.
І-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Ән «Наурыз»
ІІ-жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар армысыздар, Бәріңіз де есен-сау бармысыздар. Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз, Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз. Думанды тойын жасап дүбірлетіп, Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халықпыз. .
І-жүргізуші:Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
Тұсау кесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді,ал қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек - байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп - көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. І-жүргізуші:Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Топқа әже, бала кіреді. Балалар әжемен амандасады.Әже: Осы отаудың қуанышына кішкентай баламыздың тойына келіпсіңдер, қадамдарыңызға гүл бітсін:Мына кішкентай ұрпағы өмірге қадам басқалы отыр. Ауыл әжесі, өзіңізден тұсау кесер батаны сұраймыз.(балалар қолдарың жайып отырады)Әже бата береді: Ей, жаратқан, тілегімізді қабыл ала ғой!Жас ұрпақ, ғұмырлы болсын,Қуанышты, көңілді болсын, Ақылды, зерделі болсын, Абыройлы, беделді болсын, Халқының.азаматы.. болсын.Елінің қамқоры болсынМәртебесі биік болсын,Не тілесе, тілегі қабыл болсын!Осы тілекке жететіндейӘр бір қадамы сәтті болсынӘумин!Бәрі: Әумин деп беттерін сипайды.Әже: Баланың тұсауын кесер тойына әдейі тілек етіп, мына жіптерді дайындадым.Ақ жіп қостым – адалдыққа апарсын депЖасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерген азамат болсын депҚызыл жіп қостым -...... қызылға оранған молшылықты болсын деп.Ақ жол дайындауТұсау кесетін әже:А, Бисмилла ир - рахман - ир – рахимАяғыңның орасын қашықтап ұста, сонда өмірден кібіртіктемей өтсін, осалдау байлайын ырысты бол! Ал, кәнеки, қайшы әкеліңдер – дейді әже.Балапаным, құдай жақсылықтан ажыратпасынЖақсы ісінмен бақытқа жет!Бисмилляһи – ир – рахман – ир - рахмин – деп тұсау кеседі.Қаз – қаз балам, қаз балам.Қадам бассаң мәз болам.Қүрмеуіңді шешкейсіңТұсауыңды кесейін.Балалар: қаз - қаз, балам, қаз балам,қүрмеуіңді жаз балам.
Ән «Қайта оралды қазағымның салт дәстүрлері»»
Тәрбиеші: - Тойда, балалар, әр түрлі ойын ойнайды.Ойын: «Тақия тастамақ» Жеңімпаз бала сәбиге тілек білдіреді.Тәрбиеші: - Бүгін қандай дәстүрмен таныстық?- Тұса кесу.- Тұсау кесу дәстүрін не үшін өткізеді?- Бала тез жүріп кетсін деп.- Қандай түсті жіптермен қолдандық?- Қызыл, жасыл, ақ.- Тұсауын кім кесті?- Әже.Әже: Өркендерің өсіп, қарақтарым. Менің балам да сендердің орталарыңда дені сау болып өсіп, ел тілегін өтей алатындай дәрежеге жетсін.Шашу шашылады.Қоштасу.Мерекелік дастарханнан дәм тату.