??старды? алуан т?рлілігі (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы; Құстардың алуан түрлілігіСабақтың мақсаты; оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдерін
кеңейту ; құстардың пайдасын білу, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеуКөрнекіліктер; бейне таспа , интербелсенді тақта,слайд,қосымша мәтіндер,сызбалар.
Сабақ барысы;
Ұйымдастыру кезеңі; амандасу, құралдарын дайындауМотивация кезеңі ;Құстардың шықылдаған дауысын естіту- балалар бұл ненің дыбысы ?- Яғни бүгінгі сабақтың тақырыбы 1-слайдты көрсету Құстартардың алуан түрлілігі- Ендеше бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз- Мақсатымыз2-слайд
1 Құстардың түрлерін білу2 Құстардың тіршілігі3 Қүстардың пайдасын білу-Жақсы, ендеше арақарай жұмыс жасайық осы мақсаттарға жету үшінОперациялық кезен4 топқа бөлінеді
1 тапсырма-алдарындағы қағазға Құс деген сөзді естігендегі ойларын жазу3-слайд
Әр топ өз ойларын оқиды
ҚұсОқушылар тақтаға жазады. Бұны толық толтыру үшін оқулықпен жұмыс жасайық Әр топқа
мәтін таратылады4-слайд Құстар топтары туралы түсінік1-мәтін Жыртқыш құстар 5-слайд Жыртқыш құстар туралыЖыртқыш құстар.
Құстардың арасында жыртқыштары бар.Олар-қыран,бүркіт,кезқұйрық,жапалақ,үкі және тағы
басқалары.Жыртқыш құстардың қанаты үлкен,көзі қырағы,тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр
болады.Олар алуан түрлі жануарларды-тышқан,қоян,құстарды аулайды.Ал үлкен қыран
тырнағымен қозыны іліп алып кете алады.
Бүркіт-қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі жыртқыш құс.Ол таулы жерлерді
мекендейді.Ұясын ағаштың ұшар басына салады.Өте сақ,адам көзіне сирек шалынады.
Дала қыраны-жазық пен ұсақ шоқыларды мекендейді.Ұясын жерге салады.Негізінен суыр,қоян
сияқты кеміргіштермен қоректенеді.Сондай-ақ құстарды бауырымен жорғалаушыларды
аулайды,өлімтіктер жейді.
Кезқұйрық-жыртқыш жыл құсы.Орманды жерлерді мекендегенді ұнатады.Орта көлемді
жануарлар,сүтқоректілермен,құстармен,рептилиялармен қоректенеді.Өлі балықтарды және
қалдықтарды құмарлана жейді.
Жапалақ пен үкі жемін түнде аулайды.Олар өте саққұлақ,үлкен көздері қараңғыда жақсы көреді.
2- мәтін Орман-тоғай құстары 6,7-слайд Орман-тоғай құстары жәнебұлбұл әнші Бибігүл
Төлегенова туралы айтып кету.
Орман-тоғай құстарыКейбір құстар ұясын шалғынды жерге салады.Бөдене қалың шөптің арасын шұңқырлап,ұя
салады.Бөдене-қырғауыл тұқымдас,қалың шөп арасында жүретін,ақшыл жолақты,кішкене
сұр,жыл құсы.
Бозторғай-түсі қоңырала,қанаты ұзын,бауыры ақшыл кішкене торғай.Бозторғайдың шырылы
кішкене күміс қоңыраудың сыңғыры сияқты құйқылжып тұрады.
Бұлбұл-орман-тоғайда,нулы жерде,бақта жүретін,дауысы әдемі кішкене әнші құс.Ол ұясын биік
бұта басына салады.Ол өзінің тамаша әнімен көңілімізді шаттыққа бөлейді.Олардың қорегі-
өсімдікке зиянды жәндіктер.
Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ тіршілік етеді.Ол жазда да,қыста да ағаштың діңін
тоқылдатумен болады.Ол ағаш қабығының астынан қабықжегі мен ағашжегінің дернәсілдерін
бұлжытпай табады.Тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады.Оны орман дәрігері деп бекер
айтпаған.
Көкек те орман құсы.Көкектің өзі ұя жасамайды,басқа құстардың ұясына жұмыртқалап
кетеді.Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші жарып шығады да,бірден басқа жұмыртқалардың
бәрін ұядан шығарып тастайды.Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды.Қалай
дегенмен,көкек-пайдалы құс.Ол ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұрттарды жейді.
3- мәтін Жыл құстары 8-слайд Жыл құстары туралыЖыл құстары.
Біздің елімізде құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан
шығару үшін көктемде ұшып келеді.Алкүзде қайтадан ұшып кетеді Жыл құстарына :ұзақ,аққу,тырна,ләйлек және тағы басқа құстар жатады.Аққу-мойны ұзын,қаз тұқымдас жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазан
айларында ұшып кетеді.Су өсімдігінің жапырағымен,тамырымен,кейде ұсақ жәндіктермен
қоректенедіСұлу,достыққа адал құс,махаббаттың символы.
Қарлығаш-жылқұсы.Қарлығаштар өте үшұыр.Басқа құстардан айырмашылығы-жемін ұшып
жүріп аулайды.Олардың әрқайсысы күніне мыңнан астам маса жеп,зор пайда келтіреді.
Тырна-Қазақстан далалары мен шөл далаларында кеңінен тараған жыл құсы.Ірі өзен
жағалауларында мекендейді.Негізінен өсімдікпен,жәндіктермен қоректенеді.
Ләйлек-мойны,тұмсығы ұзын сидам сирақты жыл құсы.Ол су жағалауында тіршілік
етеді.Балықтармен,Су өсімдігінің жапырақтарымен,жәндіктермен қоректенеді.
4-мәтін Отырықшы құстар 9,10-слайд Отырықшы құстар туралы және қыстап қалған
құстарға қамқорлық жасау туралы слайдтар көрсету.
Отырықшы құстар.
Сауысқан,қарға,торғай,көкшымшық,көгершін ешқайда ұшып кетпейді.Олар қыс кезінде
адамдардың тұрағына жақын келеді.Өсімдіктердің тұқымын,тамақ қалдықтарын қорек етеді және
суыққа төзімді.
Сауысқан-қарға тұқымдасына жататын,қысқа тұмсықты құс.Денесінің көп бөлігі қара,тек
кеудесі ақ болады.Құрт-құмырсқа,аздап шөп те жейді.
Қарға - сауысқанға ұқсас құс.Денесінің түсі қара.Сауысқан сияқты қоректенеді.
Көгершін-бейбітшілік құсы,адамзатың досы,қысы-жазы бір жерде мекен етеді.Олар
дән,нан қиқымдарымен қоректенеді.Салмағы 200-250 грамм,12 жыл өмір сүреді.
Торғай-сүйір тұмсықты кішкене құс.Олар ұсақ жәндіктермен,өсімдік дәндерімен,тамақ
қалдықтарымен қоректенеді.
Отырықшы құстарға адамдар ұя жасап,жемшашарлар құрады.Қыста тоңып,ашығып
қалмауына жағдай жасап,қорғайдыТоптағы балалар бірлесіп отырып оқып, слайд бойынша,мазмұнын түсіндіредіӘр топ әңгімелерін айтып береді, сұрақ қоядыСергіту минуты
Ал , балалар тұрайықАлақанды ұрайықОоңға қарай иіліпСолға қарай иіліпБір отырып,бір тұрыпБір тынығып алайық2 тапсырмаСемантикалық карта толтыруЗерттеу обьектісіСипаттаматобы Мекені Қоректенуі ПайдасыӘр топтан 1 оқушы шығып сөйлейді3 тапсырмаТест тапсырмасын орындау,тексеру 11-12-слайдтар
БағалауСабақты бекіту,Қайтадан құс деген сөзді топтастыруға оралу,толықтыру. Слайдқа оралу. Бүгін
сабағымызға қойған мақсатқа жеттік пе? Әр мақсатты айту.
Сен құстарға қалай қамқор боласың?
Хормен ұя жасаймыз. Дайын ұяларын желімдеуТақпақ айту Нан қоқымын баспаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып , қастерлеп
Торғайларға тастаңдарРефлексия
Не білдің ? Не білгің келеді? Не ұнады?
- Айтып шығадыҮй тапсырмасы:оқу,суретін салу.Павлодар облысында мекендейтін құстар туралы мәлімет
дайында