?аза? тілі тест І то?сан


Қазақ тілі
4 сынып І тоқсан
1.Жай сөйлемді түріне қарай ажырат.
Ара гүлге қонды.
А жайылма
Ә жалаң
Б құрмалас
В сұраулы
2.Жай сөйлемнің түрлері
А жалаң, жайылма
Ә жай, құрмалас
Б болымды, болымсыз
В атаулы, лепті
3.Айтылу мақсатына қарай жай сөйлемнің түрлері...
А хабарлы, сұраулы,лепті
Ә құрмалас,лепті
Б жалаң,жайылма
В сұраулы,лепті
4.Сөйлем мүшелері...
А бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүше
Ә затесім,сын есім
Б толықтауыш, етістік
В жалаң, жайылма
5. Сөйлемдегі бастауышты тап.
Оқушылар шопанмен кездесті.
А оқушылар
Ә шопанмен
Б кездесті
В барлық жауап дұрыс
6.Тек тұрлаулы мүшелерден жасалған жай сөйлем...
А жайылма
Ә жалаң
Б толықтауыш
В барлық жауап қате
7.Бастауыш,баяндауыш және тұрлаусыз мүшелерден жасалған сөйлем..
А жалаң
Ә жайылма
Б құрмалас
В барлық жауап дұрыс
8.Табиғаттану сөзін буынға бөл
9.-лар,-лер,-тар,-тер,-дар,-дер жалғаудың қай түріне жатады?
А есептік
Ә көптік
Б жіктік
В тәуелдік
10.Мәтіе неше бөліктен тұрады?
А 6
Ә 3
Б 4
В 5
11.Сөйлем түрін ажырат.Қамажай келіп,мені театрға ертіп кетті.
А жалаң
Ә жай
Б сұраулы
В құрмалас
12.Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді ... дейміз.
А күрделі сөйлем
Ә жай сөйлем
Б құрмалас сөйлем
В лепті сөйлем
13. Хабарлы сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісі?
А леп белгісі
Ә үтір
Б қос нүкте
В нүкте
14.Лепті сөйлем соңына қойылатын тыныс белгісі
А үтір
Ә нүктелі үтір
Б тырнақша
В леп белгісі
15Азат-үлгілі оқушы. Баяндауышты тап.
А Азат
Ә үлгілі
Б оқушы
В барлық жауап дұрыс
16.Тұрлаусыз мүшені тап.Қарлыға аялдамаға келді.
А келді
Ә Қарлыға
Б аялдамаға
В Қарлыға келді
17. «Білім» сөзіне мақал жаз
---------------------
18. Ақ батамды бердім! Жай сөйлемнің қай түріне жатады.
А хабарлы
Ә сұраулы
Б жалаң
В лепті
19 Бір-біріне бағына байланысқан кемінде екі толық мағыналы сөздердің тобы?
А сөйлем
Ә сөз
Б жалаң сөйлем
В сөз тіркесі
20.Сын есім + зат есім сөз тіркесін тап
А екі ешкі
Ә тұлпардың шабысы
Б қуанышқа бөлену
В әсем ән