Модель,на?ты обьектіні? ?асиеттерін бейне ретінде к?рсетеді 6 сынып
Қысқа мерзімді жоспар 6 сынып
Мұғалім. Мукашева Узим Лесовна
АПТА: Сабақ № 14
Информатика 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Модель,нақты обьектінің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.
Сабақтың мақсаты: Модельдеудің маңыздылығын және оның қажеттілігін түсіндіру.Модельдеудің әдістерін қарастыру.
Күтілетін нәтижелер: Тақырыпты түсінеді, талдайды.
Модель туралы ойлап,айта алады
Қосымша материалдармен жұмыс жасайды.
Құнды пікір айтуға үйренеді.
Сабақ бойындағы іс-әрекетін бағалай алуға үйренеді;.
Негізгі идея АКТ арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Топпен жұмыс жасау барысында бірлескен жұмыс атмосферасын
құру, бірін- бірі тыңдау, бағалау көзделеді.
Сабақтың формасы: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық.
Керекті жабдықтар: Бейнепроектр, маркер,суреттер,жұмыс дәптері,оқулық,интерактивті тақта,стикерлер,А3 парағы.
Тапсырма түрлері Мағынаны тану: «Ой ағыны»
Шығармашылық жұмыс: «Айла — алтау, Ақыл — жетеу»
Сергіту сәті:
Ой қорыту(топтық жұмыс): «Кім жылдам» Ойлау қабілеттері дамиды
Жазу шапшаңдығы дамиды,есепті программа тілінде жаза біледі.
Көңілдерін көтеріп,бір серпіліп алады.
Бүгінгі тақырыпты меңгергенін байқайды
Міндеттері
Модель туралы ақпаратты білу.
Оқушылардың әртүрлі тапсырмалар арқылы ой-өрістерін дамыту;
Теорияны практика жүзінде жүзеге асыру;
Сыныпты топпен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың барысы: 1)Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі
ә) Оқушыларды топқа бөлу:
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті Уақыты
Кіріспе
2) Үй тапсырмасын тексеру
Адамдар модельдің бейнесін қалай елестетеді? (кө алдына)
Моделді құрастырудың неше себептері бар? (4 себебі бар)
Нысандарға мысал келтір?
Модел нешеге бөлінеді?(математикалық,графикалық)
Автомабиль құрылысының моделі қандай моделге жатады?(графикалық) Жұмыс дәптерлерін ашып,дұрыс-бұрыстығын тексереді. 2 мин
Негізгі бөлім
«Ой ағыны» (Мағынаны тану)
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктеуге болады.
Қолдану аймағы бойынша
Уақыт факторы бойынша
Білім саласына қарай
Модельді көрсету тәсіліне қарай
1. Қолдану аймағы бойынша жіктелуі:
Оқыту модельдері – үйрету,оқыту барысында қолданылады.Әртүрлі жаттықтырушылар,көрнекі құралдар,оқыту бағдарламалары.
Зертханалық модельдер - жобаланған нысанның үлкейтілген немесе кішірейтілген көшірмесі нысанды зерттеуге және болашақ қасиеттерін болжауға арналған.
Ғылыми техникалық - әртүрлі құбылыстар мен үдерістерді зерттеуге арналады. Мысалы: Күн жүйесі ғаламшарларының жылжу модельі.
Ойын модельдері – іскери,экономикалық,әскери ойындар.Мұндай модельдер арқылы әртүрлі жағдаяттарда нысанның іс-әрекетін қарастыруға,шиеленісті(конфликті) жағдайларды шешуге,психологиялық көмек көрсетуге болады.
Еліктеу модельдері – нақты нысанды әртүрлі дәрежеде көрсетіп қана қоймай,оған еліктейді.Тәжірибе әртүрлі бастапқы берілгендермен бірнеше рет қайталанады немесе әртүрлі жағдайда болатын ұқсас нысандармен бір мезгілде өткізіледі.Зерттеу нәтижелері бойынша бір тұжырым жасалады.
2. Уақыт факторы бойынша жіктелуі :
Статикалық модельдер – нақты бір уақыт аралығында,болып жатқан өзгерістерді елеп ескермейтін нысанды сипаттайды.
Мұндай модельдерде уақыт факторы болмайды.Мысалы: Оттегі және сутегінен құрылған су молекуласының суреті немесе макеті.
6203952476502600960133350
Статикалық модельдер: су молекуласы
Динамикалық модель- бір уақыт ішінде нысанның өзгеру үдерісін сипаттайды.
Мысалы: Зертханада өткізілетін химиялық тәжірибе динамикалық
модельге жатады.
3. Білім саласына қарай жіктелуі.
Бұған келесі модельдерді жатқызуға болады: физикалық,химиялық,географиялық,тарихи, социологиялық, экономикалық, математикалық т.б.
35433081280142049581280
4. Модельдің көрсету тәсіліне қарай жіктелуі:
Материалдық (заттық немесе натуралық)
Көрсетілу тәсіліне қарай
модельдер 2 түрге бөлінеді: Ақпараттық (абстракты)
Материалдық модельдер – түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді.
Ақпараттық модель - нысанның қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сырқы ортамен өзара байланыс болып табылады.Бұл тәсіл қоршаған ортамен теориялық түрде танысу әдісі болып табылады.
Материалдық модельдердің қарапайым мысалдары: ойыншықтар,сабақтарда пайдаланылатын адам қаңқасы, глобус,әр түрлі сұлбалар,физикалық,химиялық тәжірибелер.
Абстракты (материалдық емес) модельдер көбінесе ақпараттық модельдер деп аталады.
Дәптерлерін ашып, күннің жадын,сабақ
тақырыбын жазады.Модель анықтамасын жазады.
6 мин
«Айла — алтау, Ақыл — жетеу» (Шығармашылық жұмыс)
Оқушылар оқулықтарындағы берілген тапсырма бойынша модельдің орындалу реттерін дәптерлеріне жазады.
А-деңгейі:
Оқулықтың 46 бетіндегі молекуланың графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және молекула туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле.
В-деңгейі:
Оқулықтың 46 бетіндегі Глобустың графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және глобус туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле.
С-деңгейі:
Оқулықтың 46 бетіндегі Көпқабатты үйдің графикалық моделін Paint графикалық редакторында сал және құрылыс туралы 4 шумақ өлең жолдарымен әрле.
Сергіту сәті: Қол шапалақтау.
(3 рет қол соғу).
Қол шапалақтау.
(3 рет қол соғу).
Қол шапалақтау.
(3 рет қол соғу).
Көңіл көтеру,серпілу 10 мин
10 мин
10 мин
2 мин
Ой қорыту «Кім жылдам» (Бекіту сұрақтары)
Модель деген не ?
Бір нысанға қанша модель құруға болады? Мысал келтіріңдер.
Модельдеу деген не ?
Идеалды модельге мысал келтіріңдер
Нені модельдеуге болады ?
Қандай модельдер болады ?2 мин
Бағалау Оқыту үшін бағалау(формативті)-
(бағалау парақшалары арқылы өз-өздерін бағалау,топты бағалау) Бағалау парақшасын толтырады. 1 мин
Рефлексия Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай әсер алдыңдар.
«Смайликтер» арқылы бүгінгі сабақ туралы пікірін білдереді 1 мин
Үйге тапсырма. § 3,6. Модель- нақты нысанның маңызды қасиеттерін бейнелеу.
Үйге: Өздерің ойлаған бір модель суретін салып келу.
Жұмыс дәптерлеріне жазып алады. 1 мин