8 наурыз?а арнал?ан іс-шара Аулы анашым (1-3- сыныптар)
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Аяулы анашым.
(Сахнаға 2 оқушы шығады. Қолында кострюл және қасығымен,үсті ұн ұн , басында повор шапкасын киіп).
Торт пісіру-оңай ғой Тек батыл болу керек 7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек 3 ас қасық бұрыш. Жоқ әлде олай емеспа ?Олай емесқой .Мен тіптен шатасып кеттім. Мұнда бұрыш салмайды ғой 3 сағат болды осылай жүргеніме... Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім. Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш .Мүлдем тортқа ұқсамайды.
2-оқушы:( Үй киімімен ұл бала шығады, үсті жіппен оратылған, қалтасынан қайшы шығып тұрады. Қолында мата қиқымдары).
- Мен анама ең әдемі белдемше тіккім келді, Мен өзі көйлекті піштім ба әлде? – Ойлап едім бәрі тез дайын болатын шығар деп. Не қиындығы бар еді? Түсінбедім не болды… Ештеңе де шықпады! Мынаны беремін бе енді? Анамды қуанта алмайтын болдым . Қуанатын шығар деп ойлап едім, кілең қиқымдар шықты (кесілген маталарды көрсетеді)
(1-ші оқушыға қарап): - Енді бізге басқа сыйлық дайындау керек сияқты. Ештеңе етпес. Нағыз жігіттер қиындықтан қашпайды! (бірге)
Мұғалім: Құрметті, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі құтты болсын! Оқушылыр:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Сіздерге арналған шағын ашық тәрбие сағытымызды ашық деп жариялаймыз.
Оқушылар:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым
Ер жеткізіп елге берген баласын,
"Ақ мамам" әнін қабыл алыңыздар
Мұғалім:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.
Мұғалім:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән:
Мұғалім:
"Отбасы-шағын мемлекет" деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. Би: « Анаға тілек »
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,- Вальс биі әже-аналармен бірге
Оқушы:
Ән: "Күн әлемі"
Ойындар
Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
Жарқын жузді жан анам сендей болсын бар адам сендей болса бар адам шаттык кетпес баладанӘр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірденАналарға сыйлаймыз.
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам! Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жақсы көрем күлкіңді,Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам. Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз.
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын анажан!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам. Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам!
Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің - бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!