Методические разработки по географии на тему Еуразияны? жер бедері.
Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
география пәні мұғалімі
Кенжебаева Жанна Онгарбековна
Сынып 7 «А» Күні: Пән: География
Сабақ тақырыбы Еуразияның жер бедері.
Сілтеме География.Ә.Бейсенова,С.Әбілмәжінова,К.Каймулдинова
Мақсаты Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары жөнінде білім беру.
Оқулықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуды жалғастыру,өзара және өзін бағалауға дағдыландыру,білуге деген құштарлығын арттыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылар Еуразияның жер бедері,пайдалы қазбалары жөнінде жан-жақты білім алады.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, белсенді жұмыс істеу,алған білімдерін өмірде қолдана алуы.
Сабақтың түрі Сын тұрғысынан оқыту
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар Оқулық, таратпа материалдар
Әдіс-тәсілдер Жұптық, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, өзіндік бағалау
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастырыу Сәлемдесу;
Түгендеу;
Сан бойынша топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Өткен сабақтар бойынша сұрақ –тапсырмалар
Деңгейлік тапсырмалар орындату,жазбаша түрде.
Жаңа білімді игеру
Тапсырмалалар
Қызығушылықты ояту.
Көзімізді жұмып,көз алдымызға табиғаттың әсем көріністерін елестетейік.
-Әсем табиғат көріністеріне не жатады екен?
(Таулар,жазықтар,ормандар,ойпат жерлер,өзендер т.б.)
Бүгінгі сабағымыз «Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларына» арналады.
-Жер бедеріне нелер жатады екен?
(Анықтамасын жазып қояды)
Осы сабақтан нені білуіміз керек?Осы тақырыпты ашу үшін алдымызға қандай мақсат қоя аламыз?
Сергіту сәті.
Ғарыш кемесіне отырып ғарыш кеңістігіне кімнің сапар шеккісі келеді? Олай болса барлығымыз ғарыш кемесіне мінейік. Сәт сапар балалар. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін, балалар?! Біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді балалар. Сәл сергідік пе? Тамаша.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
1-топ Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері
2-топ Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар
3-топ Жер бедерінің негізгі түрлері
4-топ Еуразия жазықтары мен тауларының шығу тегі.
Тақырыпты оқып шыққан соң оқушылар жұппен,топпен талқылап,әрбір топтан бір оқушы сабақты түсіндіріп береді.
Бекіту сұрақтары:
/Блум таксономиясы бойынша/ -Жер бедері дегеніміз не?
-Таулар мен жазықтар жер бетінде қалай таралған?
-Әлемдегі ең апатты жер сілкіну қайда,не себептен сол жерде орналасқан?
-Магмалық және шөгінді пайдалы қазбалар қай жерлерде таралған?
-Өз өлкемізде пайдалы қазбалардың қандай түрлері кездеседі?
Үйге тапсырма 1.§16-17. Еуразияның жер бедері.
2.75-беттегі,6-тапсырманы орындау.
3.Кескін картаға ежелгі платформаларды,ірі жазықтарды,тауларды түсіру.
Бағалау Әр топ сабақ барысында қалай жұмыс жасағаны туралы бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс Оқушылар сабақта Не біледі? Нені білгісі келеді?Не білді? Стикерге жазады.