Еуразияны? климаты (7 сынып)
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Еуразияның климаты.Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Еуразияның климаты, климат қалыптастырушы факторлары, климаттық белдеулері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Топтастыру.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Еуразияның жер бедері?
2. Биік таулары?
3. Жазықтары?
4. Қазаншұңқырлары?
5. Таулы үстірттері?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы климат қалыптастырушы факторларын түсіндіру.
388620038100Мұхиттар-
дың ықпалы
00Мұхиттар-
дың ықпалы
91440038100Жер бедерінің сипаты
00Жер бедерінің сипаты
21717001377950036576002349500240030023495Климат қалыптас-
тырушы факторлар
00Климат қалыптас-
тырушы факторлар
800100130175География
лық ендік
00География
лық ендік
388620069215Ауа массалары-
ның қозғалысы
00Ауа массалары-
ның қозғалысы
21717008255003771900825500
3. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Еуразияның климаттық белдеулерін түсіндіру.
Арктикалық Еуразияның арктикалық аралдарымен Солтүстік мұзды мұхит суымен шайып жатқан шығыс бөлігі кіреді.
Субарктикалық Исландаия аралынан басталып жіңішке жолақ түрінде өтеді.
Қоңыржай Еуразияның ең аумақты климаттық белдеуі, бірнеше климаттық типке бөлінеді.
Субтропиктік Материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді.
Тропиктік Материктің тек батыс бөлігін қамтиды.
Субэкваторлық Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғас жатқан аралдарды қамтиды.
Экваторлық Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтиды.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Еуразияның климаты?
2. Еуразияның климат қалыптастырушы факторлары?
3. Климаттық белдеулері?
4. Климат типтері?
5. Климаттың адам тіршілігіне әсері?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Еуразияның климаты, мазмұндау.