Слайд.Саба?ты? та?ырыбы:?арама-?арсы ма?ыналы с?здер
Сабақтың тақырыбы:Қарама-қарсы мағыналы сөздер 2 ә сыныпБекжанова Б.С. А)Білімділік:Оқушылардың сөз және мәндес , қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай байланысатыны туралы не білетіндерін пысықтау.Ә)Дамытушылық: :Балалардың логикалық ойлауын, байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорларын қалыптастыру. Ой-өрісін дамыту, тіл байлығын қалыптастыру. Б)Тәрбиелілік:Өз бетінше оқу-жазуға, сөйлем соңында тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге үйрету.Сауатты ,әдемі жазуға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мұғалім: Қара достым жан-жаққа,Дайынсың ба, сабаққа?Орнында ма, қараңдар,Кітап,дәптер,қаламдар.Оқушылар: Қарадық біз жан-жаққа,Дайындықты көрейік.Орнында тұр барлығы,Сабақты бастай берейік. Қандай сөздер болады? Сөйлем нешеге бөлінеді? Мәндес сөзді тап:Ағайын, кең, туыс, мол, тарылту, ақсақал, кішірейту,қария
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз? Сөз нелерден құралады? Қай топ жылдам? 1 топ: Айшаның апасы тамақ пісірді. /сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет/ 2 топ: Ақсақал сөзіне дыбыстық талдау жаса. 3 топ: Сөйлемді керекті сөзбен толықтыр:Кәмшаттың құрбысы .......................... келді.Алматы Алматыдан Алматының -Ал, енді осы сөйлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? Жазушы не істейді?Ақын не істейді?Суретші не істейді? Қарама-қарсы мағыналы сөздер Тілімізде мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады. Қатты - ...Үлкен – ...Биік – ...Оңай - ...Төмен - ...Жылы - ... 1 –жаттығу.Суреттегі заттарды мына сөздерді пайдаланып салыстыр:үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан. 2 – жаттығу.Мақалды көшіріп жаз, қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, астын сызу.Озған – мұрат,Қалған – ұят.Игіліктің ерте- кеші жоқ. 3- жаттығу.Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатарданқарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз. тар қону жас қатты қалың қысқа кіру жұқа көшу кәрі жұмсақ кең ұзын шығу 4 – жаттығу. Жұмбақтарды шеш және көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.Жазғы киімі жасыл,Қысқы киімі ақшыл.Күндіз көрінбейді,Түнде күлімдейді. Аласа ... Алыс ... Күн ... Кең ... Суық ... Тәтті ...Ауыр ... Ұзын ... Батыр ...Қатты ... Кәрі ... Үлкен ...Ерте ... Жіңішке... Биік ...Жылы ... Ащы ... Жұмсақ...Ақ ... Жуас ... Қалың ...Жуан ... Кіру ... Жаз ... Топпен жұмыс. Сергіту сәті. 1. Шие – ащы жеміс, ал пияздың дәмі тұщы. 2. Қыста күн жылы болады, жазда салқын болады. 3. Түлкі аш, қасқыр айлакер. 4. Қант ащы, тұз тәтті.( Адасқан сөздерді өз орнына қой) Сабақты бекіту. 3 топ бір-біріне сұрақ қою арқылы қорытындылаймыз.Олар өздерін бағалайды.Үйге тапсырма: 5 – жаттығу.