?аза? тілі.3-сынып. Саба?ты? та?ырыбы: ?арама — ?арсы ма?ыналы с?здер
Қазақ тілі 18.12.15 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қарама - қарсы мағыналы сөздерСабақ мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.Міндеттері: 1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Мамандық таңдай білуге баулу.Түрі: Ойын сабақТипі: Жаңа білімді меңгеруӘдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелерСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңіАмандасу сәті:- Ақ көңілді жүрекпенАқ ниетті тілекпенАмандасып алайықҚонақтарға ізетпенПсихологиялық сәт:Жарқырап күн де ашылды,Айналаға нұр шашылды.Мақсатымыз - білім алу,Міндетіміз - еңбектенуЕңбектену арқылы“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Өткенді еске түсіру:1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.Мұғалімнің тапсырмасы: ● Сөз мағынасының түрлерін ата.● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.ІІІ. Мақсат қою кезеңіШахтер тапсырмасы: «Ойлан тап».Дидактикалық ойын. Ой қозғау(мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)232 * 20 348 * 2 3720: 3Мағынасы қарама - қарсы сөздерІV. Жаңа сабақ.Дәптермен жұмыс.Көркем жазу сәті:ЖжжақсыЖақсыдан үйрен,Жаманнан жирен.V. Жаңа сабақты пысықтау.1. Дәрігер мамандығының тапсырмасы:1 - жаттығу
жарық-
алыс-
қисық-
жеңу-
жасару-
ұйықтау-
тоңу
Өздерің таңдаған үш сөзбен сөйлем құрастыру.
2-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, қарама – қарсы мағыналы сөздерді табу.
3-жаттығу. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қарама – қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жазу.
Кішісі- үлкені. астына-үстіне
үстінде- астында зиянды-зиянсыз
VI. Сергіту сәті:Ал балалар, маман иелерінің тапсырмасын орындап, шаршаңқырап қалған болармыз. «Сергіту сәтін» жасап алайық.Орнымыздан тұрайық,Алақанды ұрайық,Алға қарай бір адымАртқа қарай бір адымЖоғары - төмен қарайықБір отырып, бір тұрыпОрнымызды табайық.- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары – төмен, алға – артқа, отыр - тұр)
Тігіншінің тапсырмасы: 4-жаттығу. Ребусты шешу.
Ребусты шешсеңдер, қарама – қарсы мағыналы сөздер шығады. Сол сөздермен сөйлем құрастырып жазу.
VІІ. Милиционер тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс: 3 топқа бөліп тапсырма дайындапты.1 топ – мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.2 топ – сәйкестендіру 3 топ – ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.
VІІІ. Сабақты қорытындылау. Сатушы тапсырмасы:«Сиқырлы ұяшық» ойыныЕреже. Мақал – мәтел. Түсіндірме әр түрлі
- Бүгінгі сабақта не істедіңдер?Мамандық тапсырмаларын орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлес қостық.Сендерге ұнады ма? Алдарындағы дөңгелекшегелерге әркім өз көңіл - күйін белгілесінде, тілек ағашына жабыстырсын.
ІХ. Үйге тапсырма:Күнделікті енді ашайықҮй тапсырмасын жазайық.Бүгінгі алған білімді,Ұмытпай есте сақтап алайық.5 - жаттығу (109- бет)
Х. Бағалау.
Тексерілді: