?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары ?арама-?арсы ма?ыналы с?здер 3 сынып


Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы,
№28 Ақбай жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жолдасова Баян Махұлбекқызы
Сабақтың тақырыбы Қарама-қарсы мағыналы сөздер 3 «Ә» сынып
Сабақтың жалпы мақсаты Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер туралы берілген білімді еске түсіріп, одан әрі тереңдетуге ықпал ету, мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренуге мүмкіндік жасау.
Оқытуда күтілетін нәтиже Мәтінді түсінеді,мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді,оқушының сыни ойлауын дамытады, көшбасшы айқындалады
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл» әдісі, «Кім тапқыр?» ойыны, «Орнын тап» ойыны, «Сынақтан өткізу» әдісі, тест, кері байланыс, бағалау
Дерек көздер, көрнекіліктер Ноутбук, жұлдызшалар, А 4 парағы дидактикалық материалдар, кестелер мен сызбалар, маркерлер Қазақ тілі 3 сынып Алматы Қазақ тілінен 55 сабақ , дидактикалық материалдар
Уа қы ты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

3 мин
5 мин
10 мин
10 мин
2 мин
5 мин
5 мин
3 мин
2 мин
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
Бағалау критерийімен таныстыру
Білу «Миға шабуыл» әдісі
1.Үй жұмысын тексеру.
2. Кеспе қағазда жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер айтады.
Ауыр - , аласа - , жақсы- , жаз-, күн-, ақ-, үлкен-, жылы-, көрікті-, дос- .
ІІ. Түсіну
1-жаттығу «Кім тапқыр?» ойыны
Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.
2-жаттығу
Берілген сөздерге қарама-қарсы сөздерді тауып жаз.
3-жаттығу
Мәтінді оқып, қарама-қарсы сөздерді тап.
ІІІ. Қолдану«Сынақтан өткізу» әдісі
Топтық жұмыс
1-топ
Берілген сөздерден мәндес сөздерді бір бөлек, қарама-қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жаз.
2-топ
Көп нүктенің орнына қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Сергіту жаттығуы
Талдау «Орнын тап» ойыны
Шарлардағы жазылған буындардан мағынасы қарама-қарсы сөздерді орнына қойып жазу керек.
Жинақтау
Ой қорыту
Тест сұрақтарына жауап алу
V І. Бағалау
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау
Рефлексия
Не үйрендім? Не үйренгім келеді?
Үйге: 5-жаттығу 111- бет
Келесі тақырыпқа іздену.
Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.
«Ізгі тілек»
Бір-біріне жақсы тілектер айтады
Оқушылар өз есімдері жазылған кеспе қағаздарды алады және келесі бетінде жазылған сұрақтарға жауап беріп, тиісті топқа барып отырады.
Бағалау критерийімен танысады.
Ауызша жұмыс
1.Үй тапсырмасын тексертеді.
2.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.

Жеке жұмыс
Оқушылар тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Жұптық жұмыс
Оқушылар тапсырманы орындайды.
Ауызша жұмыс
Оқушылар мәтінді оқып, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.
Топтық жұмыс
Әр топ тапсырманы орындайды. Жұмыстарын қорғайды.

Саусақтарды соғу арқылы жаңбыр дыбысын шығару.
Топтық жұмыс
Әр топ бірлесіп тапсырманы орындайды.
Топтық жұмыс
Топ болып тест сұрақтарына жауап береді.
Өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. Топ басшыларының бағалауы.