М?тіндік процессоры туралы жалпы т?сінік, программа интерфейсі. ??жаттарды ??ру ж?не са?тау 6 сынып


Күні:12.01.16ПәніинформатикаДжалмаганбетова Р
6 «а, ә, б, в, г» сыныптар Оқу-ісінің меңгерушісі ____________Сарғожаева А
Сабақтың тақырыбыМәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтауЖалпы мақсатыМәтіндік редакторды іске қоса алады; мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; құжаттарды құра және сақтай алады.
Оқу нәтижелеріМәтіндік редакторды іске қоса алады ;Мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады;
Құжаттарды құра және сақтай алады .Сабақ  түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: АКТ: интерактивті тақтаКөрнекілігіДК, интерактивті тақта, практикалық жұмыс.
Түйінді идеяларБірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдеріКіріспеҚызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеуТренинг: «Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Сан арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
 
Тұсаукесер  Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.
1.Циклдік алгоритм дегеніміз не? ( Алгоритмнің бірнеше рет қайталануы)
2.Блок сызбада циклдік алгоритм шарты қандай фигурада жазылады? (алтыбұрышта)
3.Модель дегеніміз не? (нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді)
4.Модельдеу дегеніміз не? (нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру)
5.Зерттеу нысанының сызбасы? (нысанның түпнұсқасы, модельдеу, шешім қабылдау)
6.Модельдеудің негізгі кезеңдері (есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау)
7.Модельдің жіктелуі (қолдану аймағы, уақыт факторларын ескеру, көрсету немесе ұсыну тәсілі)
8.Модельдің түрлері (ақпараттық, таңбалық, компьютерлік)
9.Ақпараттық модель дегеніміз не? (нысанның, үдерістің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы)
10.Компьютерлік модель дегеніміз не? (программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтады)
11.Моделді тек қайда құруға болады? (кез-келген нысанға, үдеріске, құбылысқа)
12.Уақыт факторларына байланысты модельді қалай атауға болады? (статисткалық және динамикалық)
Негізгі бөлімМағынаны тану.
 
Мәтіндік процессор – кез келген басып шығарылатын ақпаратты жасап
шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, кейде басып шығаруды қоса есептегенде)
арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.
Мәтіндік процессорлар мәтінді пішімдеудің үлкен мүмкіндіктеріне ие.
Құжатқа әртүрлі суреттерді, графиктерді, сызбаларды, кестелерді қоса алады.
әртүрлі процессордың мәтінмен жұмыс істеуге арналған функциялар жиынабар.
Процессордың экраны құрамына Windows–тың стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:

Microsoft Word–ты іске қосу үшін мына әрекеттер тізбегін орындау керек:
Жаңа құжат құру: Файл –Создать.
Бұрыннан бар құжатты ашу: Файл –Открыть.
Құжатты сақтау: Файл –Сохранить немесе Файл –Сохранить как командаларын орындау қажет.
 
Бекіту. «Мені тап»
сұрақ –жауап.
1) Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосады?
Жауап: Пуск Программы Microsoft Office MS Word WORD Word Pad
2)Microsoft Word құжат терезесінің элементтерін ата?
Жауап: Тақырып жолы, меню жолы, стандартты үстелі, пішімдеу үстелі, сызғыш, күй жолағы
3) Жаңа құжат құру үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл -Создать (құру) командасы арқылы4)Құжат ашу үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл–Открыть командасы.
5) Құжатты сақтау үшін қандай меню командасын таңдаймыз?
Жауап: Файл-Сохранить (құжат сақтау)
6) Мәтінге абзацты қандай перне арқылы қоюға болады?
Жауап: TAB пернесі арқылы7)Барлығы бас әріппен қалай жазылады?
Жауап: CapsLock пернесі арқылы8) Интервал дегеніміз не?
Жауап: Арақашықтықты көрсетуге мүмкіндік береді9) Мәтінді енгізгенде «ENTER» пернесін қай кезде басу керек?
Жауап: Абзацтың соңында10) Мәтін блогын қалай өшіруге болады?
Жауап: Блокты бөліп алып «Delete» пернесін басу керекҮй тапсырмасы«Мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау» оқып келу
 
  Бағалау  Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша  жиынтық баға қойылады.