М. Дулат?лы «Шешені? балаларын с?юі»
Сынып: 5 Тақырыбы: М. Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі» Сабақ түрі: дәстүрлі Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығының қыр – сырын меңгеріп, тереңдей бойлату, оқулықта берілген өлеңіне жан-жақты талдау жасай отырып, тақырыбын ашу; Дамытушылық: оқушылардың өз беттерінше әрекеттендіру арқылы сын тұрғысынан ойлауы мен жазуын дамыту; Тәрбиелік: Оқушылардың ананы сүюге, құрметтеуге, қастерлей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: тірек – сызба, сөзжұмбақ Топтық жұмыс түріне байланысты міндеті: Оқушылар топ ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді, бір-бірімен ой бөлісіп, берілген өлеңді талдап, салыстырады; жұмыс кезінде ойларын ортаға салып, жауап береді. Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ІҮ. Жаңа сабақты бекіту Ү. Жаңа сабақты қорытындылау ҮІ. Үйге тапсырма беру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? II.Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Міржақып Дулатов – қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын. Ақын өлеңдерінде халықты білімге, оқуға, теңдік үшін күресуге шақырады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» деген жинағы бар. Сендерге «Шешенің балаларын сүюі» деген өлеңін ұсынып отырмыз. Өлеңді оқымас бұрын сөздікке назар аударамыз: Қуаныш – радость Дамылсыз – без отдыха Тербету – укачивать Еркелету – ласкать Сергу – освежить, отдохнуть Қамқор ана – заботливая мать Көз жасы - слезы «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі. Оқып мазмұнын ашу, талдау. Әр шумақты оқи отырып талдайды. Бұл өлеңде ақын ана баласы жақсы болса, қуанып, жалқау болса, уайымдайтындығын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді. Сұрақтар. Пікіралысу. 1. Ақын өлеңді кімге арнаған? 2. Баласының қуанышына қуанатын, қайғысына күйінетін кім? 3. Ана қай кезде көз жасын көлдетеді? 4. Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе? 5. Қарттар үйі болмас үшін не істеу керек? Тапсырмалар: Сөздер мен сөз тіркестерді дұрыс айтып үйреніңдер. Сүйетұғын, қуанышыңа, қуану, қайғыңа күйетұғын, түн ұйқы, кірпік қақпай, шеше, байғұс,, сергітетін, жалқау, қамқор. 1.Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар. 2.«қуаныш» «қуанып» сөздерінің ортақ бөлігін тап (қуан) 3.«қайтеді?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. 4.Мәтіннен «мама» сөздің синонимдерін табыңдар 5.Мақалды түсініп оқыңдар: Ананың көңілі балада Баланың көңілі далада. Жаңылтпашты жаңылмай айтыңдар: Топ бала, топ бала, Ойнап жүр, топтала. Зымырап допты ала, Қуады көп бала. Бала – шаға алашаға отырды. Алашаға бала – шаға отырды. Тірек – сызба. Ой шақыру стратегиясы. Міржақып ақын күрескер ақын қоғам қайраткері Қорытынды сөз. Ана туралы толғанбаған жан кемде – кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Пейіш ананың табанының астында» деген сөз тегін айтпаған. Дүниеде ана алдындағы парыды өтеу мүмкін емес. Сондықтан анамызды құрмет тұтуды азаматты міндетіміз деп ұғынамыз. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.