А?ылшын тілі саба?ында коммуникативті о?ыту технологиясын ?олдану. ма?ала


Ағылшын тілі сабағында коммуникативті оқыту технологиясын қолдану.
«Тіл-ешқашан солмайтын,мәңгі жасарып жайыла түсетін гүл» деп ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский айтқандай, оқушылардың белгілі бір дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне, жеткізе алатын дәрежеге жеткізу үшін, шет тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікір алысады.
Өйткені жеке атау тұлғасы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.
Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты -шет тілінде пікір алысуды, пікір алысу арқылы үйрету, шет тілі мәдениетін пікір алысу нәтижесінде меңгеру болғандықтан, оны іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін терең, жан-жақты зерттеп, сабақта кең ауқымда қолданып отыру тиімді.
Коммуникативті оқытуда білім беру — оқушының өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде қарым-қатынасын қалыптастыру деген сөз.
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет –
тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат-оқушыларды қарапайым болса да ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету.
Коммуникативтік- оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді.Ол дегеніміз коммуникативтік әдістемеде «сөйлеу» тіл дамыту жұмыстарының бір түрі ретінде және қарым-қатынас құралы ретінде үйретудің басты принциптерінің бірі болып табылады.
Оқытудың стратегиялары:
1.Қай салада оқушылар қарым-қатынаста болуы керек, соны анықтау.
2.Сөйлеуге үйретудегі проблемаларды айқындағанда, оқушылар тарапынан
қарау.
3.Сөздік қоры тіл ұстарту мақсатымен тығыз байланысты болып іріктеу.
4.Сөздік жұмысы белгілі бір тақырыптарға байланысты болмай, белгілі бір
әлеуметтік проблемаларды талқылап шешу мақсатында қарастыру. Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптары бойынша жасалынған жобаларды талқылау барысында оқушылардың алдына қойылған міндеттер:
Өз тақырыптары бойынша бірнеше проблемаларды көтеру;
Ол проблемалардың негізі қайда жатыр, соны анықтау;
Оны шешудің түрлі жолдарын қарастыру;
Бұл проблемаларды шешудегі жеке тұлғаның, топтық әрбір мүшесінің алатын орны қандай, соны анықтау.
Жұмыс барысында, топ мүшелері берілген тақырыптар бойынша пікір алыса отырып, өзекті мәселелерді іріктеп алуға үйренеді, бір-бірінің осы мәселеге деген қызығушылық деңгейін зерттейді. Осы шаралардың нәтижесінде оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы, белгілі бір тақырыптар бойынша өз бетінше ізденушілік қабілетінің дамуы және өз білімін ортаға салып пікір таластыра білу мүмкіндіктері артты десе артық болмас.
Сонымен, коммуникативтік оқыту технологиясының мүмкіндіктерін қарастыру негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:
Жұппен жұмыс түрімен қоса пікір алысуға, қарым-қатынас жасауға үйретуде топ ішіндегі жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Өйткені ол:
Оқушылардың екеуара сөйлеу қабілетін арттырады.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасын күшейтіп, бір-бірін түсінушілікке үйретіп, ұжым құруға септігін тигізеді.
Өзгенің ғана емес өз ішінде обьективті тұрғыдан бағалауға үйретеді.
Бір-бірімен білгенін бөлісіп, сөйлесу мүмкіндіктерін арттырады
Оқушылардың ұжымдағы беделін, іскерлік қабілетін арттырып,осы қағидаларды басшылыққа ала отырып бағыт беруде жеке тұлғаның сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Сабақты түрлендіреді.
Сондықтан шет тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану-оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып еркін сөйлей білуіне мүмкіндік тудыратын болғандықтан, бұл әдістемені сабақ барысында жиі қолданып отыру әрбір мұғалім үшін тиімді деп ойлаймын.