Білімді мы?ды жы?ады (Сыныптан тыс шара) 7-сынып
Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Абилова Мария Суйеубаевна
Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығады...
(Қазақ тілі пәнінен жарыс сабағы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
оқушылардың өтілген тілдік материалдарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық:
тіл дамыту, ойлай, сөйлей білу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:
ана тіліне деген қызығушылығын ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлтын сүйетін ұлы тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: тапсырмаларды орындай отырып, сөздік қорлары, сөз саптау шеберлігі артады. Сол сөздерді өмірде қолдануға үйренеді. Ұлттық салт-дәстүрді білуге, құрметтеуге талпынады.
Модульдері: АКТ ,СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін-өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс- тәсілдер: Кім жылдам?, Миға шабуыл, Ойлан тап, Диалог
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі,
ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны
Н.Ә.Назарбаев
Жаңа сабақ: Жеті ата ауылына саяхат жасалады.
1. Бала ауылы. Сұрақ-жауап (5 мин)
І топтың тапсырмасы
1. Етістіктің шағын атаңыз.
2. «Бару» етістігін септеңіз.3. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі.
4. «Көксерек» кімнің шығармасы.
5. Жатқа білетін өлең шумағын айтыңыз.
ІІ топтың тапсырмасы
1.Есімшенің жұрнағын атаңыз.
2. «Айтқан» есімшесін жіктеңіз.
3. Есімшенің сөйлемдегі қызметі.
4. «Көксерек» шығармасының негізгі кейіпкері.
5. Жатқа білетін өлең шумағын айтыңыз.
2. Әке ауылы. Мақал-мәтел (5 мин)
1-топ: Тіл туралы
2-топ: Отан туралы
3. Ата ауылы. Ребус (5 мин)
4. Немере ауылы. Мәнерлеп оқу. (5 мин)
5. Шөбере ауылы. Постер қорғау. «Тілім - менің мерейім» тақырыбында постер қорғау (10 мин)
6. Шөпшек ауылы. Сұрақтар дайындау. (5 мин)
7. Немене ауылы. Тіл болашағы менің көзіммен... (шағын ойбөліс) (5 мин)
Қорытынды.
Бағалау
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдарша, бағалау парақшалары.
Жауаптарын қабылдап, бағыт беру
Рефлексия
Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)