Мерекелік шара ?айсар рухты а?ын
« Қайсар рухты ақын »
(Тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа арналған әдеби – музкалық кеш)
Мұғалім: Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны » атағының иегері Мұхтар Шахановтың «Қайсар рухты ақын » атты әдеби – сазды кешке қош келдіңіздер!».
Қазақтың қылыштай өткір тілді, қайратты мінезді, қадірлі азаматы Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген.(слайдпен таныстыру)
Ән. «Тәуелсіздік ел ұраны» өлеңі М. Шахановтікі, орындайтын 3 сынып оқушысы Әліпбек Нартай
Мұғалім: Даласындай дарқан халық ел,Білгің келсе бізге досым, жақын кел,Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушыҚазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,Кім Мұқанша бағындырар бағыттыҚазақ халқы - Мұхтарымен АлатауҚазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. – дей отырып 7 сынып оқушысы Жәмиев Ақтілектің орындауында Мұхтар Шахановтың «Тілек» өлеңімен қарсы алыңыздар.
Оқушы: «Тілек»
Өмір мынау қатар тосқан
Жеңілі мен ауырын,
Шуағы мен дауылын.
Бүгін мына сенің туған күніңде
Қандай тілек айтсам екен, бауырым?
Саған байлық тілер ем мен,
Бірақ ол бір әңгүдік,
Есігіңнен кіргенімен паң күліп,
Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,
Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен,
Тамыр алған төсіңнен,
Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,
Онсыз адам жүре ала ма
Соқпақтар мен жолсыз да,
Ал сұлулық тілер ем,
Сұлусың сен онсыз да.
Қайтсем екен?
Мен одан да барлық адам аңсаған,
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,
Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін,
Кез келгеннің бақшасында піспейтін,
Зор махаббат тілейінші мен саған.
Мұғалім: Оян, Қайыр бабатайым, қасиеттім, қымбаттым!Сан алапат тасырдан соң,Тасыр дауыл басылған соң,Жеті жарым ғасырдан соң,Өзіңді іздеп тіл қаттым,Аман қапты батыр арман,Отқа оранған ОтырарданҚашып шаққан сол баяғы баладанБұл күндері саналы ұрпақ тараған.Дәуірінің қанатында самғағанСол ұрпақтан шыққан ақын мен болам.Сені ояту үшін қанша ойладым.Еңіреген ер, ең аузы дуалы,Бізге жетті жүрегіңнің шуағы.Түп-тамырын сенен алып жатқан елСаған ұқсас батырларын туады.Күллі Азия тігетін таңданаҚұм астынан көрінбейді паң қалаСол қалаға арнаған бұл жырымдыОң қабақтан қабылдай гөр, жан баба!
Ән. «Арыс жағасында» өлеңі М. Шахановтікі, әні Шәмші Қалдаяқовтікі, орындайтын 8 сынып оқушысы Чагиева Меруерт.
Мұғалім: Қазақ қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің
Мүмкін емес өлмегі, – демекші, толғауы тоқсан туған тілді жырламаған ақын жоқ шығар. Мұхтар Шаханов «Төрт ана» орындайтын 9 сынып оқушысы Малғаждаров Темірлан.
Оқушы: «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!
Мұғалім: Тіл -рухи күре тамыр, тілден үлкен ана жоқТіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ, әрі ұлттық сана жоқӨз анасын шетке тебу, рухсызға бақ па екен,Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасыАна тілін ардақтауға жетпегені шамасыЕгер тамыр жая алмаса бала ана тіліндеТуған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімгеОл әрине, орысша ойлап тек орысша түс көрер.Оны баба табиғатқа бұру қиын күшпененАна тілсіз дамыған соң сезім, ойы, санасыТүрі қазақ болғанымен,ол- орыстың баласы.Өмірінен ана парқын шегергеннің бәрі де,Бақа анаға, басқа ұлтқа кеткен жандар бала бопӨз халқына олар енді жарытайды пана боп – деп Мұхтар Шаханов күйіне жарлайды. Ата – бабамыздан келе жатқан тіл қасиетін сақтау бүгінгі ұрпақтың міндеті мен парызы.
Күй « Ерке сылқым » орындайтын Құсман Нұрбол.
Мұғалім: Ұлтты сақтап қала алмасақ, бізге өмірдің мәні не?Үлкен билік басындағы қазақтардың бәрі деҰлын, қызын, немересін бермей қазақ мектепке,Қам жасапты... «қазақстандық ұлтқа» еніп кетпеккеӘлгілердің жігер күші жетегінде екпіндіҰлтсызданған қазақ халқы жойылуға бет бұрды.Енді қайттік, әр рухсыз басшы алдында жорғалап,Жүре берсек, кім ұлттың мұң-мұқтажын қорғамақ?Мұрны иісшіл дара тайпа жиі енеді түсімеНамысы өле бастаған ел толар ма екен күшіне?Ұлт қайғысын сезер басшы- мұрын іздеп өреліҚиналғанда Африкаға кетіп қалғым келеді...Бірақ ұлтқа не береді жалғыз мұрын беделі?
Мұхтар Шаханов «Жаңа қазақ» өлеңі, орындайтын 8 сынып оқушылары Ғазиз Әли, Сабырбеков Айдар.
Оқушы: «Жаңа қазақ»
Жаңа қазақ – шала қазақ, жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың,
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың,
Сен де қазір думан, дәурен, масат күн,
Өзіңді өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тасаттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып сырахана жасаттың.
Рухынан артық қойған қарынды
Шын без бүйрек болып шықтың алдың да.
Жүз бай шырқап, миллион кедей ақ ұрған,
Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан.
Кім бар жұртты тең баюға шақырған.
Фарабиден мықты ел кім деп сұраса,
Қайыршысы жоқ екен дақылдан,
Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды,
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюыБәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.
Ән: орындайтын Қабидолданова Еркежан «Мектебім».
Оқушы: 8 сынып оқушысы Серікхан Ақерке өз шығармашылығынан «Ана тілім».
Мұғалім: Тамаша туған тілім, тұғырынан,
Таймаса қуат алып, ғұмырынан.
Тамаша, тамаша емес, бірақтағы,
Тіліне тәу етпесе, ұлы туған.
Тамаша тамыр жайса, ана тілім,
Әлемде теңдесі жоқ, дара тілім.
Тамаша, тамаша емес, бірақтағы,
Шұбарлап сөйлер болса, балаң тілін.
Тамаша төрге өрлесең, төл тіліңмен
Төл тілің аса берсе өрге кілең.
Тамаша, тамаша емес бірақтағы,
Шықпаса туған тілің, өр түбінен
Тамаша бойлай білсең ғажабына,
Тіліңнің тарқамайтын базарына
Тамаша, тамаша емес бірақтағы,
Тосырқап қара болсақ, қазағыма
Тамаша тіліміздің мерекесі
Тәуелсіз, азат елдің берекесі
Алқалап ана тілді, арда тұтқан
Біз бүгін бақыттымыз ел еркесі – деп Қуаныш Какманович ағамыз жырлағандай тіл қазағымыздың биік тұғыры.
Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде талай-талай мақтала берері хақ! Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой- санамызға табиғи түрде сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!Ән: «Кешікпей келем деп ең » орындайтын 9 сынып оқушысы Мағауянова Шырай.
Мұғалім:
Осымен Мұхтар Шахановтың әдеби- сазды кешімі аяқталды. Ең бастысы, тіліміз, қасиетті қазақ тілі барша қазаққа біреу. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Аман –саулықта болыңыздар!
.