?БТ ке дайынды? кезінде стресстен арылу жолдары


ҰБТ ке дайындық кезінде стресстен арылу жолдары.
Сабақтың мақсаты: Стресс кезіндегі сенімді мінез құлықты қалыптастыру.
көрнекі құралдар: тест парақшасы, фигуралар т сызылған кеспе парақтар, майшам,
«Стресс тесті»
№ Пікірлер Ешқашан Кейде
Жиі Әрқашанда
1 Мені болар – болмас нәрселер кейде ашуландырады. 2 Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады 3 Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын 4 Мен өкпелесем, онда біреуді ренжітуім мүмкін 5 Сынды қөтере алмаймын, көтеріліп кетемін 6 Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын
немесе дөрекі сөйлеймін 7 Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын 8 Кездесуге әрқашанда алдын ала келемін немесе кешігемін 9 Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін 10 Тәбетімнің жоқтығынан киналамын 11 Еш себепсіз жиі қамығамын 12 Таңертең өзімді нашар сезінемін 13 Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын,
ойымды басқаға аудара алмаймын 14 Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін 15 Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар 16 Менің мойыным ауырады 17 Үстел үстінде отырған да үстелді саусақтарыммен
ұрып, аяғымды қимылдатамын 18 Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын 19 Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын 20 Мен диета сақтаймын «Жарайсың» жаттығуы
Мақсаты: оқушыларды стресс кезінде озіне сенімділігін т қалыптастыру.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Сіздерге топты мына ұстаным бойынша екіге бөлу қажет: сыртқы, ішкі. Енді сіздердің не істейтіндеріңізді айтамын. Екі ішкі және сыртқы шеңбер жасаңыздар. Ішкі және сыртқы топ қатысушылары жұбын тауып, менің белгі беруіммен кезекпен өз жетістіктері жайлы айтып, бір – біріңмен саусақтарыңмен есептеп, жетістік айтқан сайын «Сен жарайсың бір, сен жарайәсың екі!» деп ары қарай жалғастырады. Сіз өзіңіз туралы жаман ойласаңыз да, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
Егер кімде кім өзін ыңғайсыз сезінсе, онда осы жаттығуды орындау барысында былай десін: «Мен өзімді жақсы көремін, мен қайталанбас - дарамын» Сіздің ойыңызға өзіңіз туралы жағымсыз ойлар келгенде, өзіңізді дамыту қажет екеніңізді есте ұстаңыз.
Менің белгім бойынша ішкі шеңбердің қатысушылары орнында қалып, сыртқы шеңбердегілер солға қарай жылжып, жұптарын өзгертеді.

Талдау:
Өзіңіз туралы көп есіңізге түсті ме?
Өзіңізге кейде мен жақсы жасадым деп айта аласыз ба?
Қателік жіберсеңіз озіңізге не дейсіз?
Өз жұбыңыздан нені үйрендіңіз?
«Фигуралар» жаттығуы.
Мақсаты: Сөз айтқан кезде оны ұғынуы және қиялын дамыту.
Нұсқау: оқушылар жүп – жүп болып А вариант және Б вариан бір – біріне теріс қарап отырады. Жүргізуші фигуралар сызылған карточкаларды алдымен А вариантқа таратып береді, оны ешкімге көрсетпеуі керек. А вариант парақшадағы фигураларды қолмен, көзбен көрсетпей, айтып түсіндіреді, Б вариант оны естіп параққа сызады. Кейін салыстырып көреді. Кейін жүргізуші парақарды жинап алып, ауыстырып Б вариантқа береді, А вариант оны сызады.
«Эссе»
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, қиялын дамыту
Нұсқау: Оқушылар өздері қалаған бір тақырыпты алып, эссе жазады.
«Майшам» жаттығуы
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қылды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.
Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық дегеніміз жақсы нәрсе, сондықтан алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Рефлексия.