Саба? география п?нінен Т?ркия (11-сынып)


«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Түркия
(11 – сынып. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
География пәні мұғалімі: Кусайнова Қарлығаш Талғатқызы
2016 – 2017 оқу жылы
Күні: 17.01.17
Сыныбы: 11
Тақырыбы: § 16. Түркия
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мемлекеттің құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайы, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсінікті меңгеру.
Дамытушылығы: топпен жұмыс жасату арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу қабілеттерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелігі: жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары (қызығушылықты ояту, мағынаны тану, түйін сөз), сұрақ-жауап, картамен жұмыс
Көрнекілігі: дүниежүзінің саяси картасы, геометриялық фигуралар, слайд.
Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін анықтап,экономикалық- географиялық жағдайы,табиғаты және табиғат ресурстары,халқы, шаруашлығы, өнеркәсібі жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады, өзара және өзін-өзі бағалауға дағдыланады, өз бетінше және топпен жұмысты үлкен жауапкершілікпен, ізденімпаздықпен жасайды. Қазақстан мен Түркия елі арасындағы қарым-қатынасты білу арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері артады.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. (4мин)
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10мин)
Өткен сабақта Үндістан мемлекетіне ойша саяхат жасау барысында меңгерген мәліметтерді әр оқушыға сұрақ қою арқылы еске түсіру, яғни тексеру.
Үндістан мемлекетінің жер көлемі қанша? (3млн 288 мың км2)
Ұлттық мейрамы: (26 қаңтар – республика жарияланған күн)
Мемлекеттік құрылымы туралы не білесің? (федерациялық республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы жоғарғы органы – президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады).
Тәуелсіздігін алған жыл. (Ұлыбританиядан 1947 жылы 15 тамызда)
Табиғи өсімдік жамылғысы қандай? (акация, пальма, сандал, тик, бамбук, ну орман джунгли таралған, т.б.)
Пайдалы қазбаларға ең бай ауданы (Бихар штаты).
Елдің басты өзендері (Ганг, Үнді, Брахмапутра, Годавари)
Марганецтің қоры жөнінен және хром кенін өндіруден дүниежүзінде нешінші орында? (1, 3)
Қала тұрғындары халықтың қанша пайызын құрайды?(28%)
Өнеркәсіптің ең маңызды салалары (болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі)
Дүниежүзі саяси картасынан Үндістан мемлекетін көрсету.
Негізгі сауда серіктестері (АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия)
Сыртқы экономикалық байланыстары туралы не білесің? (экспорттайтын өнімдер: шай, кофе, балық, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолдан тоқылған кілемдер, маржан, жартылай асыл тастар, темір, болат, күрдері техника жабдықтарын. Импорттайды: ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, химия өнеркәсібі өнімдерін, электр-энергетикалық және құрал-жабдықтарын)
Қазақстанмен қарым-қатынасы қандай? (дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 23 ақпанынан бастап орнады, т.б.)
Ірі қалалары (Мумбай, Ченнай, Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылықты ояту. (5мин)
- Түркия елі туралы слайд көрсету. (сергіту сәті, жаңа сабақты ашу)
«Ой шақыру»
Түркия мемлекетінің ерекшелігі неде?
Ә) Мағынаны тану. (16 мин)
Кіріспе сөз.
Тәуелсіздігімізді алдымен танып, еңсемізді көтере бастаған уақыттарда бауырмалдық құшағын ашып, алғашқы лекте инвестиция құйып қолтығымыздан демеген Түркия болатын. Содан бергі кезеңдерде түбі бір түркіліктің негізінде қос ел президентері ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. 
Сонымен Түркия мемлекеті жөнінде мәліметтерді меңгеру үшін топпен елге ойша саяхат жасау арқылы берілген тапсырманы орындау.
І топ. Мемлекеттік құрылымы, ЭГЖ-ы және геосаяси жағдайы.
ІІ топ. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Халқы
ІІІ топ. Шаруашылығы (өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, малшаруашылығы, көлік қатынасы )
ІҮ топ. Сыртқы экономикалық байланыстары. (Қазақстан мен Түркияның байланысы, туризм)
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. (5мин)
Әр оқушы тақырып бойынша «түйін сөз» айту.
Ү. Қортынды. (1мин)
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары
ҮІ.Үйге тапсырма: (1мин)
А) Түркия туралы мәліметтерді есте сақтау үшін тақырыпты(§16) қайталап оқу.
Ә) оқулықта 128-ші бетте берілген логикалық тапсырманы орындау.
ҮІІ. Бағалау. (3мин)
А) жиынтық бағалау. Тақырыбы: § 16. Түркия
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы
(Үндістан) Жаңа сабақ Бекіту
«түйін сөз» Ұпай Бағасы
Бағалау критерилері
Бағалау дескрипторлары
Мен үшін қиын болды: 1 ұпай
Сұраққа жауап беруге қиналдым, бірақ кедергіден өттім: 2 ұпай
Тақырыпты толық меңгердім: 3 ұпай 1-2 ұпай – «2»
3-5 ұпай – «3»
6-7 ұпай – «4»
8-9 ұпай – «5»
Ә) рефлексиялық бағалау. (Оқушыларға рефлексиялық бағалауын жазу үшін стикер тарату).