Д?ниетану п?нінен саба? жоспары та?ырыбы Сурет ж?не с?лба. Жергілікті жерді? с?лбасы (2 сынып)


26.10.2015 2 «В» сыныбы Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Сурет және сұлба. Жергілікті жердің сұлбасы»
Сілтеме: Дүниетану 2 сынып Алматы «Атамұра» 2013 жыл, интернет
Жалпы мақсаттар: Жергілікті жердің планын құруды үйрету,масштабпен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: 1. Жергілікті жердің планын құруды үйренеді;
2. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Тапсырмалар Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау»
«Ойлан, пікірлес, талқыла» Топтық жұмыс.
Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Рефлексия.
Кейінгі тапсырмалар Өзгерістерді бағалау
Басқа әріптестермен ақылдасу
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау
Жүргізілетін жұмысым
Кезең
Модуль
Блум
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Мотив.
Операц.
Рефл. Бб. мен
Ба. ж.т.
СТОҮ
Ббүб және Об
Оқ. жас е.с.б.б.
Т ж Д б.о.
АКТ
Б б.б. және көш. Білу
Түсіну
Талд.
Қолд.
Жин.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
« Амандасу»
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан -жағым
2.Бағалау критерийлерімен таныстыру.
1. Үй тапсырмасына дайын болу.
4.Сұрақтарға жауап беру.
5.Сабаққа белсенді қатысу.
Әр тапсырма сайын оқушыларға «жүрек жылуларын» тарату арқылы бағалап отыру.
«5» – 5 - 6 жылу«4» – 3 - 4 жылу«3» – 1 - 2 жылу
3.Үй тапсырмасын тексеру.
«Қар көшкіні» әдісі ( оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды)
-Көкжиек дегеніміз не?
-Көкжиектің тұстары қандай?
-Тұстарды бағдарлайтын құрал не?
-Көкжиек сызығы деп нені айтады?
4.Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»
Салыстыру жұмысы, әртүрлі заттарды: текше, өшіргіш, қорап және стақанды қараудан бастау.
5.«Ойлан, пікірлес,талқыла»
1-топ: Мектептің сұлбасын салу
2-топ: Үйдің сұлбасын салу
3-топ: Мектеп ауласының бір бөлігінің сұлбасын салу
4-топ: Стадионның сұлбасын салу
5-топ: Асхананың сұлбасын салу
Постер қорғалады.
-Оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар.
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін смайлик тарату.
Топқа «жүрек жылуын» ұсыну.
6.Жаңа мағынаны таныту.
Оқулықпен жұмыс.
Жаңа тақырыпты түсіндіру (сурет және жергілікті жердің сұлбасы таныстыру)
Сурет- бір заттың қағазға не басқа бір нәрсеге (фотоға) түсірілген нақты бейнесі.Сұлба- заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы.
Жергілікті жер сұлбасының шартты белгілері болатынын түсіндіру, көрсету.
Жеке оқушыларға «жүрек жылуын» ұсыну.
7.Сергіту сәті.
8. Дәптермен жұмыс.
9.Рефлексия.
-Сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма орындаған ұнады?
-Қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Оқушылар жасыл (саб.түсіндім), сары (саб.жарт.түс.) және қызыл түсті (саб.түс.жоқпын)қорапшаларға фишкаларды салады.
10.Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.
Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:«5» – 5 - 6 жылу«4» – 3 - 4 жылу«3» – 1 - 2 жылу
Ризасыздар ма? Онда «Ризамын» әнін орындайық.
11.Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау. Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне бақыт тілейді.
Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады.
Белсенді қатысады.
Сабақтың мақсатына жетеді.
Әр топтың жетекшісі өз тобының жоқ оқушылары туралы мәлімет береді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.
Оқушылар жауап береді.(бұл сөздер таныс)
Оқушылар өткенді еске түсіріп сұрақтарға жауап беріледі.
Берілген тапсырманың орындалуымен мұқият танысып, топқа берілген тапсырма орындалады.
Әр оқушы тапсырманы өз бетінше ойланады және жазады.
Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар жұптасып бір бірімен ой бөліседі.
Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді, постер жасап, қорғайды.
Өздеріне түртіп алады.
Бір-бірін оқытады.
Өздерін реттейді.
Ақылдасады.
Қате пікірлерді өздері дұрыстайды.
Топ-тың жауабына сай смайлик таратылады.
Оқушылар өздеріне өздері баға береді.
Сыныпта тұрған үш түрлі түсті қорапшаларға алдарындағы дөңгелектерді түстеріне байланысты орналастырады.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.