Саба? жоспары Циклдiк алгоритмдi программалау. Цикл т?рлері.


Күні: 26.11.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Циклдiк алгоритмдi программалау. Цикл түрлері. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы білімдерін қалыптастыру. Циклдік программалар құрып үйрету.Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.
Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: дәстүрлі
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, оқулық
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру1) Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе
4)Жаңа тақырыпты түсіндіруКөп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;
FOR <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.
143510-217170K:= S1, S2, 1
оператор
00K:= S1, S2, 1
оператор

FOR операторының блок-схемасыСергіту жаттығулары
5) Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2 Қандай циклдік операторлар бар?
3 FOR операторының жазылу форматы қандай?
Тапсырма №1.
А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).
Б) Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №3.
өрнегінің а=1,2,...,100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
6)Сабақты қорытындылауОқушыларға циклдік операторлар туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма §7 бет.63, тапсырма 70бет