Шебер сынып топпен ж?мыс


1. Психологиялық ахуал (Тренинг: «Менің көршімнің жетістіктері»)
«2 шындық, 1өтірік» әдісі бойынша қатысушылар өздері туралы 2 шындық 1өтірік айтып таныстырады.
2. Топқа бөлу

 От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар жандар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек,  батыл жандар.
 (мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлу)
3. «Миға шабуыл» стратегиясы Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: «Мұғалім не үшін өзгеру керек?»
4. «Он сұрақ!» әдісі (мектеп)  Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. Немесе  Сөздің өзін атамай түсіндіру 
5 «Саяхат» әр қатысушыларға бір ақ беріледі әр қайсысы өзі 10 секунд ішінде бір суретті бастайды келесі сол суретті жалғастыру керек. өзінің қағазы өзіне оралғанша ойын жалғаса береді
Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны • Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 1. Чемодан(суреті) 2. қоқыс жәшігі (суреті) 3. еттартқыш (Суреті) - Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .