Та?ырыбы: Дарынды балалармен ж?мыс жасауды? тиімді жолдарын жетілдіру ар?ылы дарындылы?ты дамыту


Дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын жетілдіру арқылы дарындылықты дамыту
Солтакова Бақыт Бекмухановна
Астана қаласы № 59 мектеп-лицейінің
биология пәні мұғалімі
Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулу,ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Дарынды балалар-еліміздің болашағы.Сондықтан да дарынды балалардың тәрбиесіне ерекше мән беріп,олардың дарындылығын дамытуға,қабілетін шыңдауға әрдайым қолдау көрсетуге тиіспіз.
Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі-оқушылардың зерттеушілік ізденісі мен өзіндік дамуын жетілдіру болып табылады.Жаратылыстану бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек қоршаған ортаны әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап,оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.
Дарынды балалардың есте сақтау қабілеті,зейіні күшті болып келеді.Жүйелі берілетін білімнің теориялық жақтары едеуір тереңдетілген және кеңейтілген түрде берілуі тиіс. Оқыту үрдісінде білім берумен қатар ерекшеліктеріне қарай шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау керек.
Дарынды балаларға арналған талаптар сипаттамасы:
- оқушылар таңдаған тақырыпты тереңдете оқыту мүмкіндіктерінің болуы;
- оқыту барысында өзіндік жауапкершілікті, яғни бала өзін-өзі басқара отырып өз бетімен оқуын қамтамасыз ету;
- зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін дамыту;
- жаңа ой таба білуге ынталандыру;
- әр түрлі критерийлер көмегімен жұмыс нәтижелерін біліп, өз жұмысын бағалай білуге ынталандыру;
- нәтижесін біліп, дұрыс шешімге келу,қорытынды жасау;
Ерекше балалармен жоғары дәрежеде ғылыми түрде нақты жұмыстар жүргізу мектеп мұғалімдері үшін оңай шаруа емес. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені мәлім. Оқыту мен тәрбие жұмысында оқушы шығармашылығын дамыту қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.Білім саласына қойылатын талап күшейген сайын білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болуда. Білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілікті іс болып табылады.
Ян Амос Коменский «Оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын,алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет»-десе, Ж.Аймауытов «Адам өмірге өзіндік табиғи қаситтерімен, қабілеттерімен келеді. Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие»-деген.Бұдан түсінетініміз адам таланты қаншалықты ғаламат болса да, ол оқытудан тысқары өздігінен дами алмайды.
Дарындылықты анықтаудың ұстанымдары:
Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалау;
Баланы танып-білу жіне зерттеу (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең көлемінде бақылау)
Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;
Жұмыс нәтижесін талдау,бақылау,әңгімелесу,мұғалімдер мен ата-аналардың сараптамалық бағалары,баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-әректін бағалауымен байланысты психодиагностиканы эксперименттік маңызды әдістеріне сүйену;
Бала бойындағы қандайда бірі дарынды анықтауға пайдаланатын әдістердің бір ретінде сауалнамалар қолданылады.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарынды балаларды тани білу, олармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагоикалық шеберлік көрсеткенінде ғана нәтиже бермек.Осы орайда бақылау жүргізіп отырған оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, түсіндірілген материалды тез қабылдай алуына, берілген тапсырманы мұқият орындауы мен жауыпкершілігіне, жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне тағы да басқа ерекшеліктеріне баса назар аударылған жөн.
Мұғалім оқушыны дамыту үшін баланың дамуы педагогикалық тұрғыдан дұрыс басқара білуі керек. Дарынды баланы таңдай келе дарындылардың өзге оқушылардан ерекшелігін бірден байқауға болады. Бұл оқушыларды таңдау барысында мына ерекшеліктерге баса назар аудару қажет:
Дарынды бала өзгеше ойлайды және шапшаң ойлайды.Яғни, көп көлемде білімді меңгереді және оларды ұмытпайды. Түсінік танымы өте жоғары.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзекшелігі: сезімтал, толыққанды.Ал ықылас қойған нәрсесін әр жерде негізгі мәселе етіп қояды.
Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, жиі-жиі ойға берілу,қиял күшінің басымдылығы.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы, достық сезімінің басым түсуі.
Дарынды оқушыларды тәрбиелеудің бір түрі – сыныптан тыс жұмыстар.
Дарынды балалардың білімдерін тереңдету барысында істелінетін жұыстардың бірі – үйірме.
Дарындылықты анықтаудың бір жолы олимпиадалар,оқушылардың ғылыми жұмыстары, конференциялар, байқаулар өткізу.
Дарынды балаларды тәрбиелеуде тапқырлықпен, шығармашылықпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы.Жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек:
Туа біткен қасиетін дамыту;
Отбасының жағдайы, ата-анасының қолдауы;
Оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынас;
Ұстаз біліктілігі;
Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу деңгейі.
Міне, осы айтылғандар ұштасқан кезде ғана қабілетті, дарынды, талантты оқушылар жетіле түседі, күш – қуатын толық жұмсап, тынымсыз еңбек етеді. Ең бастысы, табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын әрі қарай дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдәстері арқылы жүзеге асырылады. Көбінесе дарынды оқушы –бұл жақсы оқушы»-деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады.Оларға оқуда қиындық туғызбайтын,тәртіпті,ұйымшыл,білімді,тұрақты,ұғымтал,өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын,қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге,оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін,өздігімен ойлау қабілетін дамытуға,жағымды педагогикалық үрдісті қалыптастырып,одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгілік стратегиясымен сипатталады.Сондықтан мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалім бар күш-жігерін,педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға,үйлесімді дамытуға бағытталу,шығармашылық жағдай жасауы,оқушының өз тарапынан белсенділік көрсету,өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.
№59 мектеп-лицейінде атқарылып жатқан өнегелі істер өте көп. Биология пәні бойынша балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі алдыға қойған мақсатым: жан-жақты,білімді,іскер,өзіндік ойлау жүйесі дамыған,адамгершілігі жоғары,дені сау,бәсекелестікке барынша қабілетті дарынды жастарды қалыптастыру.
Білім нәрін беретін,баланың ақыл ойын жан-жақты дамытуға тәрбиелеп,шығармашылық тұлға,белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші-ұстаз.Сондықтан дарындылықты дамытудың жолдарын әрдайым іздестіріп,бағыттарын қалыптастыруымыз керек. Кез-келген мұғалім осындай жұмысты жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана,оқушылардың дарындылығын, қабілетті мүмкіндігін айқындай алады.